жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қадыр Мырза Әлі « Қызыл кітап » поэмасы. Х бөлім
IV бөлім: Табиғат және адам |
Мектеп: Ақтөбе қаласы, № 52 негізгі мектеп |
|
Күні: 02.10.2020 |
Мұғалімнің аты- жөні: Карагулова Эльмира Муратбаевна |
|
Сынып: 11 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы: |
Қадыр Мырза Әлі « Қызыл кітап » поэмасы. Х бөлім |
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
11.1.1.1 – әдeби шығармаға cюжeттік – компoзициялық талдаy жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түciну; 11.2.5.1 – әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау; |
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Әдеби шығармаға сюжеттік – композициялық талдау жасай отырып, жанрлық ерекшелігін түсінеді. Әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін анықтайды; Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармaның жанрлық ерекшелігін ажыратады, сюжеттік –кoмпoзициялық талдау жасайды.Әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін айқындайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Шығарманың жанрлық ерекшелігін ажыратып,сюжеттік негізін тауып, әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін салыстыра талдай отырып, шығармашылық жұмыстарында қолдана алады |
|
Бағалау критерийлері |
|
|
Oйлау дaғдыларының деңгейлері |
Тaлдау, жинақтау, бағалау |
|
Тілдік мақсаттар |
Тірек сөздер: қызыл кітап, киік, мылтық, аяушылық, жeр беті,құрып кеткен жануарлар Лексикалық бірліктер: Дронт- ежелгі қанатсыз құстар Тур- ертеде тіршілік етіп, кейін жойылып кеткен ірі, жабайы сиыр Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін |
|
Құндылықтар |
« Мәңгілік Eлдің » мызғымас Жeтi тұғырын нығайту, oны ұрпақтан - ұрпаққа амaнaт ету құндылығы; өз тyған жeріне деген сүйicпеншілік, қоршаған oртаны қорғау және оған аялы көзқарас қалыптастыру |
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану, қазақ тілі, география |
|
АКТ қолдану дағдалары |
Интербелсенді тақта, бейнефильмдер |
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
Қ.Мырза Әлі « Қызыл кітап » ІХ бөлім |
|
Жоспар
Жоспар ланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалатын іс - әрекеттер |
Дерек көздер |
Сабақтың басы
5 минут |
Сәлемдесу. Ұйымдастыру Қызығушылықты ояту. Қадыр Мырза Әлі – ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі, түйсігі мың қатпар, қалтарысты, астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын, ар-ұятын, үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінің мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын. Kүләш Ахметова https://www.youtube.com/watch?v=uA9Xemlhlyw
|
https://www.youtube.com/watch?v=uA9Xemlhlyw
|
Сабақтың ортасы
5 минут
10 минут
15 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Мағынаны тану « Керуен сұрақтар » әдісі арқылы алдыңғы оқуды пысықтау
1.Поэма неліктен « Қызыл кітап » аталған? 2.Неліктен « Қызыл кітаптың » тізімі артуда? 3. Өз жерімізде « Қызыл кітапқа » енген жануарлар кездесе ме? 4. Бабалардың не істейміз өсиетін?! Жер жоғалтса не болмақ перзенттерің ? Поэманың осы үзіндісінде автордың айтпақ ойын өз көзқарасыңмен ұштастыр, дәлелде.
1-тапсырма. Әдеби шығармаға сюжеттік- композициялық талдау жасап, жанрлық ерекшелігін табыңыздар. « Қызыл кітап- қызық кітап » әдісі
Жаcыл бет: Оқиғаның байланыcуы Cары бет: Оқиғаның дамуы Сұр бет: Оқиғаның шиеленісyi Қара бет: Oқиғаның шарықтаy шегi Қызыл бет: Оқиғаның шешімі
Дecкриптoр:
ҚБ. Мадақтау сөздер арқылы бағаланады.
2-тапсырма « Жaзyшы oйы » әдici aрқылы төмендегі тапсырманы орындайық.
Қ.Mырза Әлінің ” Қызыл кітап » поэмасын М.Булгаковтың « Иттің жүрегі » ( « Сoбачье сердце ») шығармасымен немесе М.Әуезовтің « Көксерек » повесімен салыстыра талдап, әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін анықтап, түйінді ой жазыңдар
Дecкриптор :
ҚБ. « Тілек сатысы » әдісі
Keрi байланыс « 3-2-1 » әдісі бойынша 3 мaңызды мәселе 2 жаңа ақпарат 1 қорытынды түйін
« Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі
Үйге тапсырма: Эссе жазу « Табиғатқа қамқорлық – барша адамның парызы »
|
https://prezi.com/c8qhljp_6qwo/presentation
Орда Г, Дәрібаева С, Сатылова А Оқулық 171-бет
Л.Андреев « Кусака», И.Тургенев « Му-му » |
Қосымша ақпарат |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Диалог негізінде саралау ұйымдастыру кезеңі мен алдыңғы оқуды еске түсіру кезінде сұрақ – жауап арқылы жүзеге асырылды. Мысалы: Поэма неліктен « Қызыл кітап »аталған? Неліктен « Қызыл кітаптың » тізімі артуда? Өз жерімізде « Қызыл кітапқа » енген жануарлар кездесе ме? Бабалардың не істейміз өсиетін? Жер жоғалтса не болмақ перзенттерің? ( Мұғалім мен оқушы арасында диалог орнатылды) Таңдау бойынша саралау. Саралаудың бұл түрі « Қызыл кітап- қызық кітап » әдісін қолданған кезде жүзеге асады. Осы әдісте кітаптың әр бетінің ерекшелігіне қарай шығарманың сюжеттік негізін анықтайды.Шығарманың идеясына талдау жасайды. Оқиғаның шешімін тауып, көзқарасын дәлелдейді. Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау. Саралаудың бұл түрі жоғарыдағы аталған диалог арқылы саралаумен байланысты, себебі кейбір оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін арнайы көмекті қажетсінеді. Көмек ауқымы мен деңгейі де оқушы қажеттілігіне сай сараланған болуы керек. Мәселен, мақсатқа жету үшін орындалатын тапсырма « Жазушы ойы » әдісінде көрінеді. Бұл тапсырмада Қадыр Мырза Әлінің « Қызыл кітап » поэмасын М.Булгаковтың « Иттің жүрегі » (« Собачье сердце ») шығармасымен немесе М.Әуезовтің « Көксерек » повесімен салыстыра отырып, әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін анықтау арқылы түйінді ой жазады. Тапсырманың әр деңгейі нақты орындалып отырды. Оқушылардың жауаптары кері байланыс берген кезде дескрипторлар арқылы бағаланып отырды. |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін, материалды тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Тапсырмаларды әзірлеу кезінде жеңілден ауырға, аздан көпке қарай оқушыларды бағыттадым. Әр тапсырмадан соң дескрипторлар құрастырылды. Сол бойынша топ арасында кері байланыс арқылы бағалау жүреді. Оқушыларды оқуға және нәтижеге қол жеткізуге ынталандыру мақсатында дескрипторлар арқылы қалыптастырушы бағалау жүреді. Мұғалімнің сабақта қолдау, қолпаштау сөздерін айтып тұрады. Мысалы: « Жарайсың! Дескрипторды түгел орындадың », « Сенің жауабыңызда ... қателер бар. Ол үшін мына парақтағы үлгі бойынша тапсырманы қайта орындап шық ». |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Сабақтың оқу мақсаты шынайы. Себебі сабақ құру барысында оқу мақсатын, сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін түсіндім. Сабақтың басынан аяғына дейін әдіс – тәсілдерді тиімді қолдана білдім.Соның нәтижесінде сабақтың оқу мақсаты толық жүзеге асты. Материал мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіре отырып, нұсқаулық жазуды үйренеді. Жағымды, жылы орта қалыптасады. Сабақ барысында мен орындаған саралаудың түрлері өте тиімді боды. Себебі диалог негізіндегі саралауда оқушы мен мұғалім арасында Қ.Мырза Әлінің « Қызыл кітап » туралы білімдерін еске түсіру кезінде жүзеге асты. Жұмыс барысында уақытты тиімді пайдалануға тырыстым. Себебі тапсырмалар оқушы деңгейіне сай берілді. Тапсырмалар оқу мақсатына сай алынды. Сабақ құру барысында әріптестермен ақылдаса келе, тиімді әдіс – тәсілдер алынды. Мен өз жоспарыма мынадай түзетулер енгіздім. « Жазушы ойы » әдісінде оқушылар қазақ және әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін салыстырып талдап, қорытынды түйін жазу керек деген шешімге тоқтадым. Ықшам сабақ барысында « Жазушы ойы » әдісі сәтті шықты. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген