400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қағаздан жасалынған жұмыстар және олардың эстетикалық мағынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өнердің басқа түрлері секілді, қағаздан бұйымдар жасаудың да оқушылардың ой-өрісі мен білімдерін жан жақты дамытуға әсері мол. Болашақ зергер, мүсінші және суретшілер де әліппесін мектептен бастайды. Мектептегі қағаз пластикасы деп аталатын үйірме жұмысы туралы түсінік берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қағаздан жасалынған жұмыстар және олардың эстетикалық мағынасы

Өнер әлемі сан қырлы да бай. Адам баласы өнер әлеміне сеніммен енуі үшін өмірінің алғашқы күндерінен бастап, мыңдаған жылдар бойы адам қолымен жасалынған көркем шығарма қазыналарымен толық байланысты болуы қажет. Бейнелеу өнері адамды, қоршаған айнала шындығын, табиғатты айнытпай бейнелеу іс-әрекетімен ерекшеленеді.

Өнерді танып білудің нәтижелі жолы-онымен күнделікті, үздіксіз байланыста болуымен айқындалады.

Заманымыздың талабына сай мектеп реформасы, оның құрылымы ерекше өзгерістер енгізуде, оқытудың әдіс-тәсілдері өзгертілуде. Мектептің білім стандартын басшылыққа ала отырып, бейнелеу өнері пәнін оқытудағы негізгі мақсатым: сурет салып үйренуге оқушылардың сауатын ашу, шығармашылық қабілетін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру.

Оқушыларға бейнелеу өнері пәнінен сапалы білім беру үшін сабақтарда шығармашылық жолмен ізденіп, озық тәжірибелердің ұтымды жақтарын пайдаланады. Өнердің басқа түрлері секілді, қағаздан бұйымдар жасаудың да оқушылардың ой-өрісі мен білімдерін жан жақты дамытуға әсері мол. Болашақ зергер, мүсінші және суретшілер де әліппесін мектептен бастайды. Сондықтан мектеп -өте күрделі лаборатория. Оның қабырғасынан алған білім мен тәрбие әрбір оқушының қолындағы қажетті кілт.

«Қағаз шебері» үйірмесі мектепте ұйымдастырылды. Үйірме сабағына 10 оқушы қатысып, жақсы деңгейде тапсырманы орындауға тырысады. Бұл үйірме барлық мектептердегідей сабақтан тыс, бос уақыттарда белгіленген мерзімде аптасына екі рет өткізіледі.

«Қағаз шебері» үйірме жұмысының алдына қойған мақсаты: халықтық педагогиканы басшылыққа ала отырып, қабілетті оқушылардың шығармашылықтарын, мүмкіндіктерін жетілдіру. Оқушыларды қағазды бүктеу, қию істеріне үйрету, қағаздан әр түрлі бұйымдарды жасауға баулу. Қағаздан пластикалық жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін меңгеруге үйрету, шығармашылық ой-өрістерін дамыту.

Үйірме сабағында алуан әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалананылды. Оқушылардың ойын, қиялын кеңейтуге, көркем өнерге деген ынта жігерін арттыруға күш салынды..

«Қағаз шебері» үйірмесінің күнтізбелік жоспарына қолданбалы қызмет саласында әр алуан бұйымдар, заттар жасаудың тәсілдері көрсетілген және оқушыларына қойылатын негізгі талап әр-түрлі көркем бұйымдар жасауға негізделген. Мұндағы оқу тапсырмасының басты мақсаты - оқушыларға практикалық жұмыс істеу барысында олардың білімін дамыту және шеберліктерін шыңдау болып табылады.

Қағаз пластикасымен жұмыс істеу үшін ең алдымен қағазды дүрыс бүктеу, қаттау және ию тәсілдерін меңгеру керек. Жұмыс істеуге өте қолайлы болып келетін түрлі түсті қағаздарды пайдаланған жөн.

Жалпы қағаз пластикасымен жұмыс істеуде оған қолданылатын құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану керек. Олар түрлі түсті қағаздар, картон, қарындаш, сызғыш, желім, т.б. Өйткені қағаздан жасалған бұйымның өте көрнекті, әдемі болуы біз пайдаланған материалға байланысты.

Практика жүзінде жүргізілген сабақ барысында оқушылардың меңгеретін дағдылары сан алуан. Олар: ойлау, қабылдау, есте сақтау, көркемдік, талғампаздық, т.б.

Есте сақтау, қиялдау, ойлау немесе тақырып бойынша сурет салып, жұмыс істеу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамып, тереңдей түседі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
14.11.2025
43
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі