Материалдар / Қағаздар және картондар реферат

Қағаздар және картондар реферат

Материал туралы қысқаша түсінік
Қағаздар және картондар туралы реферат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1565
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қағаздар және картондар Түрлі электризоляциялық қағаздарды және картондарды жасауға арналған шикізат целлюлоза болып табылады. Ағаш құрамына лигнин, қара майлы заттар кіреді, олар целлюлозада қалып, қағазға нәзіктік беріп тұрады және оның электризоляциялық қасиетін төмендетеді. Бұл қоспалар қағазда неғұрлым аз болса, соғұрлым олар берік, созылымды болады, және ол баяу ескіреді. Сол себептен электризоляциялық қағаздарды жасауға арналған. Ағашты целлюлозаға химиялық өңдеудің басты мақсаты лигнинді, қара майлы және басқа ластайтын заттарды толық жою болып таблады. Электризоляциялық қағаздарды және картонды жасау үшін сульфатты целлюлозадан қолданады. Жасалған қағаздардың ылғалдығы 5-9% аралығында. Ылғалдығы артқан сайын қағаздың электризоляциялық қасиеттері және механикалық беріктігі төмендейді. Қағаздың маңызды сипаттамалары: тығыздық, созылу барысындағы бұзушы кернеуі және ауа өткізгіштігі болып таблады. Ауа өткізгіштік бұл 9,103 Па қысымы барысында 10см2 алаңдағы қағаз үлгісінен 1 минутта өтетін, ауа көлемі (миллиметрде). Электризоляциялық қағаздар кабельді, конденсаторлы, сіңдіруші, оралатын, микалентті және бекітілген болып табылады. Кабельді қағаз – жоғары кернеудегі кабельдердің негізгі изоляциясы болып табылады. Кабель желілерін орағаннан кейін оны электризоляциялық маймен сіңдіреді. Себебі желілерді орау барысында қағаз таспалары механикалық тартылады, ал кабельді қағаз созылу барысында жоғары механикалық беріктікке ие болуы керек. Кабельді қағаздар 35, 110, 220 кВ кернеуде кабельдердің күш желілерін изоляциялау үшін шығарылады және бір-бірінен қатпарлар санымен, қалыңдығымен, көлемдік массасымен, ауа өткізгіштігімен ерекшеленеді. Кондесаторлы қағаз – сұйық диэлектрикпен сіңдірілген қағазды кондесаторларда қолданады және таза сульфатты целлюлозадан жасайды. Бұл өте жұқа қағаздар (қалыңдығ ы– 0,004-0,03 мм, қалыңдығы бойынша қалыңдығы бойынша біртекті, тығыздығы – 950-1350 км/м3). Ауа өткізгіштігі 3-9 мл/мин. Сіңдіруші қағаз – қатпарлы электризоляциялық пластмассаны – гетинаксты – жасау үшін арналған. Қалыңдығы – 0,09; 0,11; 0,13 мм; тығыздығ ы– 800кг/м3.сіңдіруші қағаздардың ауа өткізгіштігі және сіңдірушілігі басқаларға қарағанда жоғары. Оралатын қағаз электризоляциялық оралатын бұйымдарды жасауға арналған, целлюлозадан жасалады, тығыздығы – 730 кг/м3, қалыңдығ ы– 0,05; 0,07; 0,085; 0,1 мм. Микалентті қағаз – иілгіш слюдалы таспаны жасауға арналған. Бұл үшін микалентті қағаз полотносына слюда табақшаларын жапсырады. Бұл қағаз микалента иілгіштігін қамтамасыз ету керек. Бекітілген қағазды болат барабанына белгілі қалыңдыққа дейін орайды. Қағазды хлорлы мырыш ерітіндісіен өңдеу барысында оның бетінде жабысқыш зат пайда болады, ал оны барабанға орау барысында қағаз беттері бір-біріне жабысып, тығыз материал – фибраны түзеді, оны табақшаларға кеседі және престейді.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ