жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қағаздың сыры ұйымдастырылған оқу қызметі
Батыс Қазақстан облысы,Тасқала ауданы, Тасқала ауылы
Батыс Қазақстан облысы басқармасының
Тасқала аудандық білім бөлімі
«Бөбек» бөбекжайы МКҚК
Макашова Айшолпан Еркиновна
І санатты тәрбиеші
Тобы: "Қарлығаш" ортаңғы тобы
Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық,
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Жаратылыстану,Сурет салу,
Тақырыбы: Қағаздың сыры (қағазбен тәжірибе жасау)
Зерттеу обьектісі: қағаз
Зерттеу пәні: физикалық қасиеті
Зерттеуге қатысушылар: ортаңғы топ тәрбиеленушілері
Зерттеудің бағдарламалық мазмұны: Балаларға қағаз және оның қасиеті туралы көрсете отырып, білімдерін қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізе отырып, қағазбен тәжірибе жасау арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту;
- Өз ойларын ашық айтып, толық жеткізе білуге үйрету. Тақырыпқа сай қойылған сұрақтарға толық жауап беруге үйрету;
- Қағазды не үшін пайдалануға болатынын түсіндіру;
- Қағаздың қасиеттерін түсіндіру. Қағазды құрастыруға, желімдеуге болатынын көрсету.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: қағазды тану, бақылау жасау, қағазбен тәжірибе жасау,
қорытынды жасау
Қажетті көрнекі құралдар: Су, қағаз, түрлі - түсті қағаз,орамалдар,желім, қуыршақ.
Қызмет кезеңдері
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Жылулық шеңбері
Күлімде, күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!
Балалардың жауаптары
- Сәлеметсіз бе!
Балалар шеңберге жиналып, жылулық шеңберін қайталап орындайды.
Жұмбақ
Сансыз ойлар бетінде,
Сайрап жатыр бар тілде.
Қажетпін мен әр күнде,
Өшпейді бір әрпім де. (Қағаз)
Балалар жұмбақтың жауабын тәрбиешінің көмегімен табады.
Тәрбиеші:
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ол қағаз. Қағаздан кітаптар, журналдар, сурет салуға арналған дәптерлер, газеттер, майлықтар басқа да заттар жасалады.
Ғажайып сәт:
Топқа қуыршақ Нарғыз келеді.
Нарғыз қуыршақ:
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші:
- Сәлеметсің бе, Нарғыз қуыршақ! Қош келдің!
Нарғыз қуыршақ:
- Мені «қағаз дегеніміз не?», «ол қандай болады?» деген сұрақтар ойландырады. Мен қағаз, оның қасиеті туралы көп нәрсе білгім келеді.Маған көмектесесіздер ме?
- Иә, көмектесеміз
Тәрбиеші:
- Нарғыз, бүгін біздер де қағаздың қасиеттерімен таныспақшы едік. Олай болса сен біздің зерттеу орталығымызға дәл келдің. Ендеше сен менің көмекшім боласың.
Нарғыз қуыршақ:
- Жарайды, келістім.
Тәрбиеші:
- Балалар, Нарғыздың сұрақтарына бірге жауап іздейік. Оны тәжірибе жасау арқылы білетін боламыз.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
№1 тәжірибе
«Сиқырлы қағаз»
Нарғыз қуыршақ балаларға ақ қағаз бен фломастерлер таратып береді.
Балалар, қағаз бен фломастермен не жасауға болады?
Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдайды, қарайды.
Тәрбиеші:
Балалар, қағазды сурет салу үшін қолданады екенбіз.
№2 тәжірибе
«Қағаз жыртылады»
Нарғыз қуыршақ балаларға екі түрлі материал ұсынады. Олар: орамал және қағаз
Тәрбиеші:
- Балалар қағазды жыртып қарайықшы. Қағаз оңай жыртылады. Ал орамал жыртылмайды.
Бұдан шығатын қорытынды қағаз орамалға қарағанда тез жыртылады.
Тәрбиешінің көрсеткен үлгілерін қайталап орындайды.
№3 тәжірибе
«Қағаз судан қорқады ма?»
Су құйылған ыдысқа қағазды саламыз.
Қағаз суланып, тез жыртылып қалады.
Нәтижесінде қағаз судан қорқады, өйткені ол төзімді зат емес екен.
№4 тәжірибе
«Әнші қағаз»
Балалар, қағаз дыбыс шығарады ма? Ол үшін түсті қағазды алып, кір жуғандай жасаймыз. Нәтижесінде қағаз сықырлап, ысқырып дыбыс шығарады.
№5 тәжірибе
«Қағаз жабысады»
Бұл тәжірибені жасау үшін бізге түрлі түсті қағаз, желім, қайшы керек.
Қағазды екіге қиып бөлеміз. Желімді алып бөлінген қағазды жапсырамыз.
Нәтижесінде қағаз бір біріне жабысады.
№6 тәжірибе
«Ұшатын қағаздар»
Нарғыз қуыршақ балаларға кішкентай қағаздарды таратып береді. Оны желпеуішпен немесе үрлеу арқылы ұшырып көрсетеміз.
Нәтижесінде қағаз өте жеңіл болғандықтан жел тұрғанда ұшады.
Қызметті бағалау кезеңі
- Балалар, Нарғыз қуыршақ жасаған зерттеу жұмыстарымыз ұнады ма?
- Иә, ұнады
- Біздер бірнеше зерттеу жасау арқылы қағаздың қасиетімен таныстық.
Нарғыз қуыршақ енді қағаз туралы барлық мәліметті біліп жүретін болдың.
Нарғыз қуыршақ:
- Рахмет, балалар! Мен сіздерге риза болдым. Сіздер өте жақсы балалар екенсіңдер. Сау болыңдар!
- Сау бол, Нарғыз қуыршақ!
Зерттеу нәтижесінің қорытындысы:
Қағазға әр түрлі бейнелер салуға болады;
Қағаз оңай жыртылады;
Қағаз судан қорқады;
Қағазды умаждағанда дыбыстар шығады;
Қағазды желімдеп жапсыруға болады;
Жел болғанда қағаз ұшады.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген