400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

"Қайдан келдің - Бауырсақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізілу күні: 11.03.2019ж

Тәрбиеші: Берік А.Б

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Жер – Ана!»

Тақырыбы: «Қайдан келдің бауырсақ?»

Мақсаты:

Тәрбиелеу: Балаларды үлкендердің еңбегін қадірлей білуге және нанды қастерлеуге тәрбиелеу.

Дамыту:Балалардың сөзік қорларын , тіл байлықтарын дамыту.

Оқыту: Балаларды нанның өсу процессімен таныстыру және үстелге қалай келетіні жайында түсіндіру.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, бидай өнімдерінің суреттері.

Билингвалдық компонент: бауырсақ-колобок, қуыршақ-кукла, нан-хлеб

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Қайырлы таң, Қайырлы күн

-Жарайсыңдар, балалар!

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Көктем мезгілінің нешінші айы?

-Көктем мезгілінің ай атаулары: Наурыз, Сәуір, Мамыр

-Қазір көктем мезгілінің бірінші ай –Наурыз. Бұл айда қар ери бастайды.

Сәуір айында адамдар жер жыртып, бидай, тұқымдарды егу үшін топырақты дйындайды, ал мамыр айында тұқымды жерге себеді.

Негізгі бөлім:

Жұмбақ:

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында дәні бар. (бидай)

Ал, енді біз не көріп отырмыз? Ұн, макарон, нан түрлері (батон, тәтті бөлке)

Міне, балалар ұннан түрлі тағамдардың жасалғанын көріп отырмыз. Ендеще осы нанның дастарханға келгенге дейінгі жолдарын айтып берейін. Диқандар көктемде жерге бидай тұқымын себеді. Оны жаз бойы суарып, күтіп баптайды. Күз болған соң жайқалып піскен бидайды комбайнмен жинайды. Одан соң диірменші ұн етіп тартып, қапқа қаптайды. Қапталған ұнды наубайханаға жібереді. Наубайшылар ұннан түрлі тағамдар нан, бауырсақ, бәліш пісіреді. Дайын болған тағамдарды дүкенге жібереді. Мұның бәрі адамдардың еңбегі. Нан-адамның тіршілік қорегі, дастарханға үлкен еңбекпен келеді. Сондықтан дастарханға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.

Сергіту сәті:

Жайқалады ақ бидай,

Басын иіп аққудай.

Трактор мен комбайн,

Жүргізуге мен дайын.

-Балалар сендер, ертегі, әңгіме, өлең, тақпақ тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

-Өлең, әңгіме, ертегілерді кім жазады?


Билингвалдық компонент: бауырсақ-колобок, қуыршақ-кукла, нан-хлеб

Бүгінгі біз «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен танысамыз. Мен өлеңді оқимын, сендер мұқият тыңдап отырыңдар. Сендер сұраққа жауап бересіңдер.

«Қайдан келдің, бауырсақ?»

Дастарханда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап:

Қайдан келдің, бауырсақ?-деп сұрады қуыршақ.

Дүкеннен келдім нан сатқан,- деді оған бауырсақ

Дүкенге келдің қай жақтан?

Наубайдан келдім нан жапқан.

Наубайға келдің қай жақтан?

Диірменнен келдім ұн тартқан.

Диірменге келдің қай жақтан?

Даладан келдім кең жатқан.

Жер-анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Балалар өлеңде не туралы айтылды?

Бауырсақ қайда жатты?

Қуыршақ не деп сұрады?

Бауырсақ наубайға қайдан келді?

Диірменге ше?

Диқан бидайды қалай өсірді?

Нан дастарханға қалай келеді екен?

-Бауырсақ дастарханға келу үшін кімдер еңбек етеді екен?

Біз өлең арқылы бауырсақтың дастарханға қалай келгенін білдік. Өлеңді диалогты түрде сахналау. Үйде аналарымыз ұннан қандай тағамдар дайындайды?

Балалар, біз бүгін жазушы Ө. Тұрманжановтың «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен таныстық. Нан дастарханға оңайлықпен келмейтінін білдік. Көптеген адамның еңбегі арқылы келетінін түсіндік.

«Нан-қасиетті тағам», «Нан болса, әнде болады». Дастарханымызда нан тағамдары көп болсын. Диқаншылар еңбегін құрметтейік балалар.

Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

Қорытынды: Балалар бүгін қандай өлеңмен таныстық?

  • Нан қайдан келеді?

  • -Диқан бидайды қалай өсірді?

  • -Нан дастарханға қалай келеді екен



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
2351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі