Материалдар / "Қайдан келдің, бауырсақ?"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Қайдан келдің, бауырсақ?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балаларға ұн тағамдарының дастархан басына қалай келу жолын түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2020
269
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала саны: 2 бала О. С. С. А.

Аңғарымы: Психологиялық дамуы тежелген. Жалпы тіл кемістігі – III деңгейі.

Тақырыбы: «Қайдан келдің, бауырсақ?».

Сабақтың түрі: саяхат сабағы.

Мақсаты:

Білімділігі: Балаларға нан туралы білім беру. Балалардың нан туралы түсінігін ертегі арқылы жеткізе отырып, өлеңнің мазмұнын айтып беруге жаттықтыру.

Түзетушілігі: Баланың тілін, ой- өрісін, ойлау қабілетін, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру. Зейін мен есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өздігінен қорытынды шығарып, өз ойын еркін айтуға үйрету.

Тәрбиелілігі: Көзімен көргенін есіне ұстап сақтауға, шығармашылық еңбек ете білуге, алғырлыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: наубай-нан пісіретін орын; диірмен-ұн тартатын жер; дала-егін өсіретін алқап; диқан-егін өсіретін адамдар; қырман-астықты жинайтын орын.

Көрнекі құралдар: нан туралы әр түрлі суреттер, нанның дастарханға қалай келетіні жайлы, ертегі бойынша суреттер, ИКТ.

Әдіс-тәсілдер; түсіндіру, оқу, әңгімелеу, жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі.

Кіріспе сөз

-Балалар бүгін біз сендермен «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен танысамыз.

-Өлең Өтебай Тұрманжановтікі.

-Сендерге мен тамаша бір ертегі айтып берейін сендер мұқият тыңдаңдар, ертегі не жайлы екен.

-Бәріміз мына сиқырлы тақтаға қарайық.

- Ертегінің аты «Бауырсақ пен тышқан».

-Ертеде тауық пен тышқан керемет дос болыпты.

-Бір күні тауық бір уыс бидай тауып алады да, досы тышқанға бидайды үгітіп беруін сұрайды.

-Ал тышқан болса мен үгіте алмаймын дейді.

-Амалсыздан бидайды тауық өзі үгітеді.

-Диірменнен шыққандай мап-майда ұн жасап, одан қамыр илейді.

-Илеген қамырдан енді бауырсақ пысыр дейді- тышқанға.

(Олигофренопедагог бидайдан ұн жасалатынын дәлелдеп, бауырсақ қалай пайда болатынын көрсетеді)

-Әлгі еріншек тышқан өзің пісіре салшы дейді

-Содан тауық бір табақ қылып бауырсақ пісіреді.

-Әлгі табаққа салынған бауырсақты жоғары көтеріп- бауырсақты кім жейді- дейді?

-Мен, мен,-деп тышқан жүгіріп келеді.

-Сонда тауық:

-Бидайды үгітуге де, бауырсақты пісіруғе де ешқандай үлес қосқан жоқсың. Еңбек етсең ерінбей- тояды қарының тіленбей,- дейді де тышқанды үйінен қуып шығады.

-Содан бері тауықтар тышқанды көрсе, үрке қарайды екен.

-Балалар ертегі үнады ма?- иә.

-Ертегі не туралы айтылған?- «бауырсақ» дұрыс

-Ендеше балалар біз бүгін сабақта «Қайдан келдің бауырсақ» өлеңімен танысамыз.

ІІ Жаңа тақырып.

  1. Өлеңмен танысу.

  • Дастарханда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ,

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап;

-Қайдан келдің бауырсақ?-

Деп сұрады қуыршақ

-Дүкеннен келдім нан сатқан,-

Деді оған бауырсақ.

-Дүкенге келдің қай жақтан?

-Наубайдан келдім нан жапқан.

-Наубайға келдің қай жақтан?


-Диірменнен келдім ұн тартқан

-Диірменге келдім кең жақтан

Жер- анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Балалар өлеңде не туралы айтылған?

-Бауырсақ туралы.

-Балалар дастарханға бауырсақ қалай келеді?

-Дүкеннен

-«Дүкенге қалай келеді»?

-Наубайдан.

-«Наубайға қайдан келеді?»

-Диірменнен

-«Диірменге қайдан келеді?»

-Диқаннан

-Дұрыс балалар.

2) Суретпен жұмыс.

Балалар сендердің үйлеріңде бауырсақты апаларың мен мамаларын неге пісіреді?

-Пешке от жағып, қазанға май құйып пісіреді.- Дұрыс.

Сергіту сәті: Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

ІІІ Компьютерлік ойын: «Сенсорлық тәрбиелеу»

ІV Көзге арналған жаттығу:

V Ойын: «Қайдан келдің бауырсақ»

Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ойын арқылы сабақты бекіту, ретімен орналастыруға үйрету.

Ойын барысы: Бауырсақ қайдан келгені жайлы барлық суреттерді шығарып бауырсақты домалап бару арқылы ойынды ойнату. Балаларға сұрақ қойып, жауап алу.

ІV Сөйлем құрайық:

-Балалар кәне бәріміз сиқырлық тақтаға қараймыз.

-Сендердің алдарыңда сыйқырлы тақтада карточкалар тұр. Сол карточкаларға қарап сөйлем құрайық.

Ө


те жақсы балалар дұрыс.

Сөйлем құрай алдыңдар.

VІІ Тірек сызбамен жұмыс:

-Тағы сиқырлы тақтаға қарайық?

-Сендердің алдарыңда әртүрлі суреттер тұр

-Қайсысының бауырсаққа қатысы бар.

-Дұрыс қазан

-Қазан не үшін керек?

-Жақсы бауырсақ пісіру үшін

Ал енді келесі суретте баурсаққа қатысы жоқ суретін табайық.

- құмыра. Жақсы.

-Балалар бүгін сабақа өте жақсы қатыстыңдар.

-Қандай өлеңді тыңдадыңдар

-«Қайдан келдің бауырсақ?»

-Өте дұрыс

-Ойынды да ынталы ойнадыңдар.

VІІІ Қорытынды:

-Балалар біраз жұмыс жасадыңдар, енді көздерімізді жұмып демалып алайық.. (Көздерін жұмған кезде мұрындарына нанды жақындатып, сезу қабілеттерін тексеру).

-Балалар сабаққа жақсы қатыстыңдар, енді бауырсақтан ауыз тиіндер. Сабақ аяқталды.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!