Бала
саны: 2
бала О. С. С. А.
Аңғарымы:
Психологиялық
дамуы тежелген. Жалпы тіл кемістігі –
III деңгейі.
Тақырыбы:
«Қайдан
келдің, бауырсақ?».
Сабақтың
түрі: саяхат
сабағы.
Мақсаты:
Білімділігі:
Балаларға
нан туралы білім беру. Балалардың нан
туралы түсінігін ертегі арқылы жеткізе
отырып, өлеңнің мазмұнын айтып беруге
жаттықтыру.
Түзетушілігі:
Баланың
тілін, ой- өрісін, ойлау қабілетін,
өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Зейін мен есте сақтау қабілеттерін
дамыту. Өздігінен қорытынды шығарып,
өз ойын еркін айтуға үйрету.
Тәрбиелілігі:
Көзімен
көргенін есіне ұстап сақтауға, шығармашылық
еңбек ете білуге, алғырлыққа, тапқырлыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкендердің
еңбегін ардақтап, бағалай білуге
тәрбиелеу.
Жаңа
сөздер:
наубай-нан пісіретін орын; диірмен-ұн
тартатын жер; дала-егін өсіретін алқап;
диқан-егін өсіретін адамдар; қырман-астықты
жинайтын орын.
Көрнекі
құралдар:
нан туралы әр түрлі суреттер, нанның
дастарханға қалай келетіні жайлы, ертегі
бойынша суреттер, ИКТ.
Әдіс-тәсілдер;
түсіндіру, оқу, әңгімелеу, жаңа сөздер
мағынасын түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
бөлімі.
Кіріспе сөз
-Балалар бүгін біз
сендермен «Қайдан келдің, бауырсақ?»
өлеңімен танысамыз.
-Өлең Өтебай
Тұрманжановтікі.
-Сендерге мен
тамаша бір ертегі айтып берейін сендер
мұқият тыңдаңдар, ертегі не жайлы екен.
-Бәріміз
мына сиқырлы тақтаға қарайық.
- Ертегінің аты
«Бауырсақ пен тышқан».
-Ертеде тауық пен
тышқан керемет дос болыпты.
-Бір
күні тауық бір уыс бидай тауып алады
да, досы тышқанға бидайды үгітіп беруін
сұрайды.
-Ал
тышқан болса мен үгіте алмаймын дейді.
-Амалсыздан бидайды
тауық өзі үгітеді.
-Диірменнен
шыққандай мап-майда ұн жасап, одан қамыр
илейді.
-Илеген қамырдан
енді бауырсақ пысыр дейді- тышқанға.
(Олигофренопедагог
бидайдан ұн жасалатынын дәлелдеп,
бауырсақ қалай пайда болатынын көрсетеді)
-Әлгі еріншек
тышқан өзің пісіре салшы дейді
-Содан
тауық бір табақ қылып бауырсақ пісіреді.
-Әлгі табаққа
салынған бауырсақты жоғары көтеріп-
бауырсақты кім жейді- дейді?
-Мен, мен,-деп тышқан
жүгіріп келеді.
-Сонда тауық:
-Бидайды
үгітуге де, бауырсақты пісіруғе де
ешқандай үлес қосқан жоқсың. Еңбек етсең
ерінбей- тояды қарының тіленбей,- дейді
де тышқанды үйінен қуып шығады.
-Содан бері тауықтар
тышқанды көрсе, үрке қарайды екен.
-Балалар
ертегі үнады ма?- иә.
-Ертегі не туралы
айтылған?- «бауырсақ» дұрыс
-Ендеше балалар
біз бүгін сабақта «Қайдан келдің
бауырсақ» өлеңімен танысамыз.
ІІ Жаңа тақырып.
Өлеңмен танысу.
Жатты аппақ
бауырсақ,
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрды көзін
сап;
-Қайдан келдің
бауырсақ?-
Деп сұрады қуыршақ
-Дүкеннен келдім
нан сатқан,-
Деді оған бауырсақ.
-Дүкенге
келдің қай жақтан?
-Наубайдан
келдім нан жапқан.
-Наубайға
келдің қай жақтан?
-Диірменнен
келдім ұн тартқан
-Диірменге келдім
кең жақтан
Жер- анам менің
көсілген,
Диқандар
мені өсірген.
Балалар
өлеңде не туралы айтылған?
-Бауырсақ
туралы.
-Балалар дастарханға
бауырсақ қалай келеді?
-Дүкеннен
-«Дүкенге қалай
келеді»?
-Наубайдан.
-«Наубайға қайдан
келеді?»
-Диірменнен
-«Диірменге қайдан
келеді?»
-Диқаннан
-Дұрыс балалар.
2) Суретпен жұмыс.
Балалар
сендердің үйлеріңде бауырсақты апаларың
мен мамаларын неге пісіреді?
-Пешке
от жағып, қазанға май құйып пісіреді.-
Дұрыс.
Сергіту
сәті:
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде
жатса баспаңдар.
Теріп
алып қастерлеп,
Торғайларға
тастаңдар.
ІІІ Компьютерлік
ойын: «Сенсорлық тәрбиелеу»
ІV Көзге арналған
жаттығу:
V Ойын:
«Қайдан келдің бауырсақ»
Мақсаты:
Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын
арттыру, ойын арқылы сабақты бекіту,
ретімен орналастыруға үйрету.
Ойын
барысы:
Бауырсақ қайдан келгені жайлы барлық
суреттерді шығарып бауырсақты домалап
бару арқылы ойынды ойнату. Балаларға
сұрақ қойып, жауап алу.
ІV
Сөйлем құрайық:
-Балалар кәне
бәріміз сиқырлық тақтаға қараймыз.
-Сендердің алдарыңда
сыйқырлы тақтада карточкалар тұр. Сол
карточкаларға қарап сөйлем құрайық.
Ө
те жақсы балалар дұрыс.
Сөйлем құрай
алдыңдар.
VІІ Тірек сызбамен
жұмыс:
-Тағы
сиқырлы тақтаға қарайық?
-Сендердің алдарыңда
әртүрлі суреттер тұр
-Қайсысының
бауырсаққа қатысы бар.
-Дұрыс қазан
-Қазан не үшін
керек?
-Жақсы
бауырсақ пісіру үшін
Ал енді келесі
суретте баурсаққа қатысы жоқ суретін
табайық.
- құмыра. Жақсы.
-Балалар бүгін
сабақа өте жақсы қатыстыңдар.
-Қандай өлеңді
тыңдадыңдар
-«Қайдан келдің
бауырсақ?»
-Өте дұрыс
-Ойынды да ынталы
ойнадыңдар.
VІІІ Қорытынды:
-Балалар
біраз жұмыс жасадыңдар, енді көздерімізді
жұмып демалып алайық.. (Көздерін жұмған
кезде мұрындарына нанды жақындатып,
сезу қабілеттерін тексеру).
-Балалар
сабаққа жақсы қатыстыңдар, енді
бауырсақтан ауыз тиіндер. Сабақ аяқталды.