Қайдан келдің бауырсақ?

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Қайдан келдің бауырсақ?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауырсақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әжемнің ертегісі.

Тақырыбы: «Қайдан келдің бауырсақ?»

Мақсаты: Нан тағамының дастарханға үлкен еңбекпен келетінін түсіндіру.

Өлең жолдары оқылғанда зейін қойып тыңдап мазмұнын ұғынуға жағдай туғызу.

Міндеті:

-Балалардың ұн туралы түсініктерін жинақтау және жүйелеу.

-Зерттеу жұмыстары арқылы ұнның қасиеті туралы түсініктерін кеңейту.

-Балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту



Қызығушылықты ояту.

Балалар таңертең жұмысқа келсем, мына стол үстінде қорап тұр. Оны сендерге көрсетіп ашқым келді. Қане бәріміз қарайық онда не бар екен.

Қорапты ашу. Таңғалу. Ішінен ұн шығады. Қасында хат бар.

Хатты оқу. Құрметті менің кішкентай көмекшілерім, мен дирменші атаймын. Менен сендердің достарың қуыршақ Айгүл бауырсақтың қалай жасалатынын білгісі келіп хат жазған. Сол достарыңа көмектесіп және ұнның қасиетін білу үшін осы ұнды жіберіп отырмын. Мен алыс жерде тұрамын. Сәлемнен дирменші атай.

Балалар біз қуыршаққа көмектеспес бұрын ұнның қасиетін өзіміз біліп алуымыз керек.

Ой қозғау.

Ұн не үшін керек? (балалардың жауаптары)

Мен ұнның қасиеттерін зерттеуді ұсынамын.


Практикалық: қарапайым тәжірибелер,

(Балалардың алдарына ыдысқа салынған ұнды тарату)

Тәжірибе №1.

Қараңдар шы, алдарыңда ұн тұр. Оның түсі қандай? (Балалардың жауаптары: ақ.)

Оны қолымызбен түртіп көрейік. Ол қандай ? (Балалардың жауаптары: жұмсақ, үлпілдек.)

Ұнды жайлап иіскейміз . Ұнның иісі бар ма? (Иә, ұнның иісі бар, бірақ бұл ерекше нәрсе)

Енді ұнның дәмін көрейік. Қасықпен кішкене ұнды алып, дәмін татамыз. Оның дәмі қандай? Иә, балалар, ұнның дәмі ащы да, тәтті де, қышқыл да емес. Бұл ұнның дәмі жоқ дегенді білдіреді.:

Стакандағы ұнды сүзгі арқылы табаққа құямыз. Ұнға не болады? (Шашырады)

Сұзгіден еркін ағып жатыр.

Қортынды: Ұн құрғақ, ұсақталған.

2 тәжірибе:

Ұнды тегістейміз. Енді саусақпен ұнға бірдеңе салып көреміз

Қортынды: Ұнға жазу да, сурет салу да болады екен.


Тәжірибе №3.

Балалар, анамыздың ұннан қамыр жасағанын үйден көргендерің бар ма?

Анамыз қамыр илеу үшін ұнға не қосады? (Балалардың жауаптары.)

Бір стақан суға бір қасық ұн салып, ақырын араластырамз. Ұнға не болды? (еріді)

- Тағы екі қасық қосымыз. Араластырып, не болғанын анықтаймыз? (Сұйық қамыр болып шықты)

- Қамыр қою, жабысқақ, тығыз болды.

Дұрыс, ұннан қамыр жасау үшін суды, тұзды, аздап түйіршіктелген қантты, жұмыртқаны қосып, бәрін араластыру керек - біз қамырды аламыз. Одан нан, бөлке, бауырсақ жасаймыз.

Ал, балалар ұн туралы біліп алдық, бірақ бұл ұнды бізге кім әкелген, неге әкелгенін білмейміз.

Тосын сәт. (теледидардан қуыршақ шығу)

Сәлем менің достарым. Мен бауырсақтың дастарханға қалай келгенін білгім келеді. Ол үшін маған көмек керек.

Балалар қуыршақққа көмектесеміз бе?


АҚТ технол жұмыс.


Дастарханда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ,

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап;

-Қайдан келдің бауырсақ?-

Деп сұрады қуыршақ


Ой дамыту.

Дид ойын: «Қуыршаққа көмек»

Бауырсақтың пішіні қандай?

Түсі қандай? Бауырсақ неден жасалады?


-Дүкеннен келдім нан сатқан Деді оған бауырсақ.


Сұрақ-жауап.

Дүкенде тағы қандай нан түрлерін сатады?


-Дүкенге келдің қай жақтан?

-Наубайдан келдім нан жапқан.

Сұрақ –жауап.

Наубайханада нанды қалай пісіреді?

Ұнды сумен илеп, ашытып, тоққа пісіріп дайындайды.


-Наубайға келдің қай жақтан?

-Диірменнен келдім ұн тартқан

-Диірменге келдім кең жақтан

Бізге ұнды кім беріп жіберген? Дирменші атай

Міне үн дирменнен шығады?

Дирменге қайдан келеді? Даладан

Диқаншылар өсіреді.


Жер- анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.


Балалар өлең не туралы айтылған? Бауырсақ

-Балалар дастарханға бауырсақ қалай келеді?

-Дүкеннен

-Дүкенге қалай келеді?

-Наубайдан.

-Наубайға қайдан келеді? Диірменнен

-Диірменге қайдан келеді?

Ұн неден жасалады? - астықтан.

Астық қайдан келеді?- бидайдан.

Бидай қайдан келеді? – далада өседі.

Оны кім сепкен? - астық өсірушілер.


- Балалар, ұн неден жасалады деп ойлайсыңдар? (астықтан)

-Дұрыс балалар.

Балалар сендердің үйлеріңде бауырсақты апаларың мен мамаларын неге пісіреді

-Пешке от жағып, қазанға май құйып пісіреді дұрыс па.

Бауырсақ туралы кім тақпақ айтады?

Апам менің пісірген 

Қызыл күрең бауырсақ.

Шыкпай кояр түсіңнен,

Біраз жемей сағынсаң.

Жарайсыңдар.


Ал, қуыршақ бауырсақтың дастарханға қалай келгенін түсіндің бе?

Ендеше қуыршаққа бауырсақ сыйлаймыз ба?

Шығармашылық жұмыс.

Дайындалған қамырдан домалақ пішінде бауырсақ жасау.

Балалардың жұмысын ыдысқа салып, қуыршаққа сыйлау.


Дид ойын: «Бауырсақ қатысты затты тап»

Шарты: Заттардың ішінен бауырсаққа қатысты затты тауып, атын атау.




Қортынды.

Міне балалар, сіздер нанның үлкен еңбекпен келетінін түсіндіңіздер. Демек нанды қадырлеуіміз керек, жерде жатса баспай жоғары көтері қою керек,қоқымын шашпай жеу керек,нанмен ойнауға болмайды. Нан аса қадірлі тағам.

Балаларды мадақтау.

  




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі