400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Қайнау.Меншікті булану жылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
физика пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: физика

Күні:13.10,2018 Мұғалімнің аты жөні: Урунбеков,Т

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Заттың агрегаттық күйлері.

Сынып: 8

Сабақ тақырыбы:

Қайнау. Меншікті булану жылуы.

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтемесі)

8.3.2.15– меншікті булану жылуын анықтау.

8.3.2.16-қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Қайнау және меншікті булану жылуы туралы білу.

Оқушылардың басым бөлігі: Меншікті булану жылуы және қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігінің формуласына есептер шығаруда қолдану.

Кейбір оқушылар: Формуланы түрлендіру, күрделі есептер шығаруда пайдалану.

Бағалау критерийі

1) Қайнау және меншікті булану жылуы туралы біледі.

2) Меншікті булану жылуы және қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігінің формуласын есептер шығаруда қолдана алады.

3) Формуланы түрлендіру, күрделі есептер шығару барысында пайдаланады.

Тілдік мақсаттар

Сабақ барысында оқушылардың айтылым,жазылым,тыңдалым,оқылым дағдыларын арттыру.

1. ... ... ... булану деп аталады.

2. .... ...... ..... кебу деп аталады.

3. .............. конденсация деп аталады.

4. ............ қайнау деп аталады.



Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Булану

Испарение

Еvaporation

Булану шамасы

Величина испарение

Evaporation value

Температура

Температура

Temperature

Қайнау

Кипение

Boiling



Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идесы: «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы еңбекке,шығармашылық өсуіне, ортамен ынмақтастық қатынас орнатып, өмір бойы білім алуына баулу».

Пән аралық байланыс

Информатика- ғаламтор желісінде ақпарат жинақтау, АКТ ны пайдалану

Математика - математикалық түрлендірулер арқылы есептер шығару

Қазақ тілі-үш тілділік сауаттылыққа баулу, термин сөздермен жұмыс жасау

Алдыңғы білім

Қатты денелердің балқуы және қатаюы ,балқу темперарурасы,меншікті балқу жылуы.Булану және конденсация.Қаныққан және қанықпаған булар.

Сабақ барысы


Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)

Ресурстар


Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығына мән беріп, оқу құралдарын тексеру.

Ынтымақтастықтың атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Көршіге жылы лебіз». Жылулық шеңберінде балалар бір-бірілеріне жылы лебіз білдіріп, бірінші бала екінші баланың қолын ұстап жылы тілектерін толтырып, жанындағы балаға сәттілік тілейді. (әрі қарай жалғасып, соңында қалған бала өз жылы лебізін мұғалімге береді)

Оқулық,оқу құралдары





































































Сабақтың ортасы



25 минут




1.Сыныпты «Ньютон алмасы»арқылы топтарға біріктіру. Топ басшысын сайлайды.Ол топ мүшелерін берілген тапсырма бойынша дескрипторларға сәйкес бағалап отырады.

I топ. Қызыл алма

II топ.Сары алма

III топ.Көк алма

Рисунок 1


Үй тапсырмасын қайталау.

Үй тапсырмасы, деңгейлік тапсырмалар түрінде берілген.Тапсырмаларды интерактивті тақтада көрсету арқылы, І.«Тыңдап отырған үштік » әдісімен тексеру.

1)Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы дегеніміз не?

2)Қанныққан және қанықпаған бу дегеніміз не?

3)Меншікті балқу жылуы дегеніміз не?


№

Дескриптор

Толық

Толық емес

Жауабы жоқ

1

Физикалық шама




2

Анықтама




3

Өлшем бірлігі




4

Кейбір заттардың меншікті балқу жылуы




Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді,оқушыларды өз еркімен сөйлеуге итермелейді.

Қалыптастырушы бағалау



Жаңа сабақ


IІ.« Ойлан, Бірік, Бөліс» әдісі арқылы оқушыларға қайнау және булану жылуы тақырыбында оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс). Мұғалім АКТ слайдтарын пайдаланып оқушыларға бағыт береді.

IІІ. «Инсерт» әдісі


1.Тақырыпты оқып, белгілеп отырады

2.Сұрақтарға жауап беріп, кестені толтыру


V

білетінмін

+

жаңадан білдім

-

Басқаша ойлайтынмын

?

Сұрақтар бар, түсінбедім











Критерийі

дескриптор

белгі

1) Қайнау және меншікті булану жылуы туралы біледі.



1) физикалық терминдер

дің мағынасын түсінеді.

2) Молекулалық ұғымда қайнау процесін түсіндіреді

3) Тұрмыстан мысал келтіреді








2) Меншікті булану жылуы және қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігінің формуласын есептер шығаруда қолдана алады.


1)өлшем бірлігін біледі

  • 2) қайнау температура сының сыртқы қысымға тәуелділігін теория жүзінде түсіндіреді

  • 3)сұйықты буландыруға қажетті жылу мөлшерінің формуласын жазады, есептейді






Топтық жұмыс

IV.« Күту уақыты» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтары беріледі.

Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы балалар барлығы бірдей бір бағытта және жылдам ойламайды – күту оқушыларға өз ойларын жинақтауға және қойылған сұрақ төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.


1-топ

Қайнау процесі туралы не білесің?

2-топ

Меншікті булану жылуы дегеніміз не?

3-топ

Меншікті булану жылуын сипаттайтын шамалар туралы не айта аласың?

Критерийі

Дескриптор

Белгі

1)




1)булануды біледі

2)меншікті булану жылуын біледі




  • 2)

1)Қайнау процесін біледі

  • 2)Қайнау температура

  • сының сыртқы қысымға тәуелділігін теория жүзінде түсіндіреді





Топтық жұмыс

ІV.«Зигзаг» әдісі арқылы әр топтан эксперт тағайындалады,әр топ оқулықпен жұмыс істей отырып,берілген есептерді топтасып орындайды,бір - біріне үйретеді,эксперттер көрші топқа түсіндіреді, шығармашылықпен ынтымақтасып жұмыс істеуге үйренеді. Оқушылар берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

А деңгейі

Температурасы 20°С болатын 2000кг шойын балқыту пешіне салынған.Оны балқытуға қанша жылу мөлшері жұмсалады?Осы жылу мөлшері есебінен 0°С-та алынған қанша мұзды ерітуге болады?

В деңгейі

Егер стакандағы суды жылы бөлмеден 0°С-тағы суық жерге ауыстырсақ,онда ол булана ма?

С деңгейі

Мұражайларда рұқсат етілген ылғалдылық 70% -дан аспауы тиіс.Құрғақ және ылғал термометрлердің көрсеткіштері 17°С және 21°С болса,бұл талаптар орындалама?


Алма суреттері,топ-тардың аты жазылған парақшалар,

бағалау парақшалары










АКТ слайдтары

Оқулық

Плакат

маркерлер

стикерлер






































Критерий

Дескриптор

Белгі

Формуланы түрлендіріп, күрделі есептер шығару барысында қолданады.

1.А деңгейінде анықтайды.

2.В деңгейінде салыстырады

3.С деңгейінде есептеп шығарады.


5-конечная звезда 6


5-конечная звезда 1 5-конечная звезда 5




5-конечная звезда 2 5-конечная звезда 3 5-конечная звезда 4



Сергіту сәті

«Қара жорға биі»

Бұл биі арқылы балалар қозғалыстар жасай отырып, денелерін сергітіп алады.

ДБлок-схема: узел 1 Блок-схема: узел 2 әптер,

қаламсап,

жұлдызшалар



Интербелсен-

ді тақта,есеп тер жинағы





Интербелсенді тақта



Сабақтың соңы

10 минут

Кері байланыс

V.« Сөйлемді толықтыру» әдісі бойынша кері байланыс берулерін сұраймын

Мына сөйлемді толықтырыңыз:

Мен бүгін … жаттап алдым.

Білімін тексеруге арналған кейбір сұрақтар:

Неге....

Мұны қайдан білесіз....

… үшін сізде қандай дәлел бар.

Сіз неге олай ойлайсыз…

Сіз келісесіз бе…

Түсіндіре аласыз ба…

… үшін не істеу керек.

Осы әдіс арқылы оқушылар бүгінгі тақырып бойынша бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикер түсіне қарай ажыратып, «Желкенді кемеге» жапсырады.


«Желкенді кеме» макеті,стикерлер























Үйге тапсырма

§19.Меншікті булану жылуын анықтау,тақырыпты оқу, деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру.

Тақырып бойынша постер сызу.

«Досқа хат»әдісі

Бүгін мен --------- білдім.

Маған ----------- қызық болды.

Мені --------------таң қалдырды.

Мен --------------екендігін түсіндім.

Мен ----------------үйрендім.




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?






СБлок-схема: узел 3 Блок-схема: узел 4 Блок-схема: узел 5 Блок-схема: узел 6 Блок-схема: узел 7 Блок-схема: узел 8 Блок-схема: узел 9 Блок-схема: узел 10 Блок-схема: узел 11 Блок-схема: узел 12 Блок-схема: узел 13 Блок-схема: узел 14 Блок-схема: узел 15 Блок-схема: узел 16 Блок-схема: узел 17 абақ барысында оқушылардың алдыңғы материалдар бойынша білімін тексеру мақсатында «Тыңдап отырған үштік» әдісі пайдаланылды. Бұл әдіс оқушылардың теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді және оқушыларды өз еркімен сөйлеуге итермелейді.Сабақ басында « Ойлан, Бірік, Бөліс» әдісі бойынша оқушылар өмірмен байланысты сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыпты өздері ашады. Сонымен қатар «Инсерт» әдісі арқылы жаңа сабақты меңгертуде берілетін тапсырмалар оқушылардың деңгейіне қарай сараланған. Ал « Күту уақыты» әдісі арқылы оқушылар жаңа сабақты өздігінен игеріп,топпен ынтымақтасып жұмыс істейді. «Зигзаг» әдісінде оқушылар өз деңгейіне қарай тапсырмаларды орындайды. Кейбір оқушылар математикалық түрлендірулерді есептер шығаруда пайдалана алады.

Кері байланыс

«Желкенді кеме» әдісі бойынша кері байланыс .

Осы әдіс арқылы оқушылар бүгінгі тақырып бойынша бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, желкенге жапыстырады «Кеме желкеніне» жапсырады.



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.



Сергіту сәтінде ширату жаттығуларын орындау.

Физика кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтау.


Бағалау оқушыларды материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?












Сайликтер беру арқылы қалыптаcтырушы бағалау жүргізу оқытудың қай кезеңінде болса да маңызды. Өйткені оқушылар жетістіктерін түсінеді және реттейді.Сабақ барысында оқушылардың білім деңгейін,жетістіктерін бағалап,қолдау көрсету үшін смайликтер,жұлдызшалар,мадақтау сөздерді пайдаландым.Оқушыларды ынталандыру ,қолдау көрсету мақсатында әр тапсырмадан соң бағалау әдістерін қолданып отырамын.


15-13 Өте жақсы

12-10 Жақсы

9-5 Талпынады



















Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?






















Жалпы бағалау

Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
1976
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі