жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қайран біздің аналар арды ойлаған
Б.С. Боранбаева БҚГА аға оқытушысы
ҚАЙРАН БІЗДІҢ АНАЛАР АРДЫ ОЙЛАҒАН
Кешегі ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдарында ер азаматтармен қатар қолына қару алып, Ұлы Отан соғысына қатынасқан қазақ қыздары аз болмаған. Олардың патриоттық ісі адамзат тарихындағы соғыстардың қай-қайсындағы ерліктің бәрінен жоғары тұрды. Оқ бораған шайқас аланынан жаралы жауынгерді алып шығу, прашютпен жау тылына түсіп, рация арқылы хабарберу, әуеден жау объектілерін бомбалау, пулеметші, снайпер мамандықт арын меңгеру, хат тасушы, аспаз міндетін атқару, міне осының бәрінен де қыздардың үлесі болды. Ұлы Отан соғысына қатынасқан қазақ қыздары туралы деректі алыстан іздемей –ақ , туған өлкемізден шыққан жауынгер қыздар тізбесін былай келтіруге болады: пулеметші Мәншүк Мәметова, мерген Әлия Молдағұлова, ұщқыш Хиуаз Доспанова, барлаушы Нұрғаным Байсейтова, байланысшылар: Замиха Наушева, Майра Мақатова, Ғарифа Рахметова,Қиыр Шығыс майданының жауынгерлері : Әзима Ниязғалиева, Мүслима Үмбетова, Қаным Алмағанбетова, Қаламсия Ермекованы айтсақ та жеткілікті. Бүгінгі біз сөз еткелі отырған байланысшы Ғарифа Мажитқызы, десантшы Қаламсия Ермекқызының өмірлері кейінгі ұрпақ үшін үлгі өнеге болмақ. Кезінде бұл екі майдангер аналармен жүзбе –жүз кездесудің сәті түсіп,(Марқұм Ғарифа апайдың көзі тірісінде) жауынгерлік өмір жолдары туралы өз ауыздарынан естіп, жазылып алынған естелік әңгімелерін бүгінгі мақала арқауына айналдырып көпшілік қауымға ұсынғанды ұрпақ парызы санадым. Рахметова Ғарифа Мажитқызы 1922 жылы 1май күні Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы Азғыр ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысынң ауыр күндерінде Орал педагогикалық институтының физика – математика факультетінің ІІ курсында оқып журген жас қыз 1943жылдың сәуір айынжа Қазақстан Комсомол Комитетінің шақыруымен ерліктер қатарына маданға аттанды. Ол Оралдық құрбысы Замиха Наушевамен бірге Москва қаласында әскери байланыс училищесінің 5 айлық курсын тәмәмдап, әскери радио телеграфистка мамндығын меңгеріп шығады. Байланысшы қызды 1942 жылдың қараша айында Калинин майданының Авиация корпусының 1-гвардиялық истребитель бөліміне жөнелтеді. Осы корпустың құрамында жүріп, Ғарифа Калинин, Солтүстік Батыс Брянск І-ІІ Балтық жағалауы І-ІІ Беларуссия майдандарына қатысып, байланысшы қызметін мүлтіксіз атқарады. Жауынгер қазақ қызы өзінің жүріп өткен жауынгерлік өмірі туралы былай деген еді «Боевой путь 5000 км,32 438 боевых самолето-вылетов части, где я служила радиотелеграфистом. И где своей скромной профессией поддерживала бесперебойную радиосвязь боевых самолетов с взаимодействующими частями других войск и командного пункта , со штабами дивизии и корпуса, что обеспечило выполнение боевых заданий истребительной авиации». Осылайша үздіксіз әуе байланыс жүйесін қамтамасыз ете отырп, байланысшы Ғарифа Рахметова Липецк, Орел, Брянск, Великие - Луки, Беларуссия жерлері және оның астанасы Минск қаласын азат ету үшін Багратион операциясына сол сияқты неміс фашистерінен Логова, Берлин Вильнюс, Шаулей т.б қалаларын азат етуге қатысады. Соғысты 1945 жылдың қазан айында Берлин қаласынан 100 шақырым жердегі Перлиберг елді мекенінде аяқтап, Ұлы Отан соғысы майдандарында командованиенің әскери тапсырмаларын абыроймен мүлтіксіз атқарғаны үшін Ғарифа Рахметоваға гвардия сержанты атағы берілді. Майдангер анна Жоғарығы Бас қолбасшы Сталиннің 6 мақтау грамотасымен, « Әскери ерлігі үшін », «Берлинді алғаны үшін», « 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгендігі үшін» медальдарымен марапатталып елге оралған еді. Туған жерге оралған соң, бейбіт өмірге араласып Орал қалалық комсомол комитетінің ІІ Хатшысы, аудандық , облыстық партия жұмыстарында 8 жыл, Москва қаласындағы Бүкілодақтық Мемлекеттік киномотографистер институтының жанындағы жоғарғы мектепті бітіріп, облыстық кино басқармасының бастығы, облыстық халық депутаттар советінде 15 жыл, барлығы 42 жыл еңбек стажымен , 1980 жылы республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер ретінде құрметті демалысқа шығады. Зейнет демалысына шықсада ол қаладағы ардагерлер ұйымының белсенді мүшесі болып жүрді. 1989 ж. Орал қалалық халық депутаттар Советінің шешімімен облыс жастарына патриоттық тәрбие беудегі еңбегі үшін майдангер анаға « Орал қаласының құрметті азаматы» атағы беріледі. Қаламсия Ермекқызы 1921 жылы Орал облысы, Жымпиты ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырлып, тіршілік тауқыметінің ащы дәмін жастайынан татып өскен майдангер анна өзінің балалық шағы туралы былай дейді : « 1921 жылы аламен уақытта дүниеге келіппін. Әкееміз дүниеден ерте озып, бес баламен қалған анамыз байлардың есігінде жалданып жүріп, жоқшылық, аштық осылардың бәрінен бізді аман алып қалған. Өміріміз өте қиын болды. Одан аман өткенде 1932 жылы аштықтан да колхоздың сиырын сауып, тағыда бізді сол анамыз аман қорғап қалған». Осылайша аяулы ананың арқасында бойжетіп, 1940 жылы Жымпиты ауылының орта мектебін тәмәмдаған жас қыз ағаларымен бірге анасына серік болып, ауылдың түрлі тірлігіне араласа бастайды. Алайда, алаңсыз бейбіт тірлік бұзылып, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталады. Екі ағасы соғыстың алғашқы күндері майданға аттанып хабарсыз кетеді. Қаршадайынан қандай қиындықты да қаймықпай қарсы алуға үйренгендіктен шығар, ол анасымен ақылдаса отырып, өз еркімен майданға баруға бел байлайды. Әуелі Жымпитыдағы екі айлық өзін - өзі қорғау(самозащита) курсын тәмәмдаған ол аудандық әскери комиссариаттың табылдырығын тоздыра жүріп, ақыры майданға жіберілетіндігі жөніндегі рұқсат қағазын алады. (Өзінің өткен өмірін баяндап отырған ардагер анна сол уақыттағы адамдардың есімін фамилиясымен қоса атап, оқиғалардың жылы, айы, күнін еш мүдірмей сөйлейді). Сөйтіп, 1942 жылдың қыркүйек айында Оралдан аттанған жиырма үш қыздың арасында жымпитылық Әзима Ниязғалиева , Мүслима Үмбетова, Қаным Алмағанбетовалармен бірге Қаламсия Ермекова да Ленинград майданының атқыштар дивизиясына жіберілді. Алайда, Ленинград қаласы жау қоршауында қалғандықтан қыздар мінген эшелон Ленинград маңында бір ай аялдап тұрып қалады. Кейін орта білімі бар қыздардан жасақталған әйелдер батальоны Қиыр Шығыс майданына жіберілсін деген Отралықтың бұйрығы бойынша бұлар енді Қиыр Шығысқа жөнелтіледі. Қапырық вагонның ішінде салом шөпті көрпе, көпшік етіп жиырма екі күн жол жүріп жеткен 200 шамалы қыздарды Хабаровск қаласынан 180 шақырым жердегі Милитовск деген жерде қысқа мерзімді курстан өткізіп әртүрлі әскери бөлімдерге жолдама беріп, жөнелтеді. Жауынгер Қаламсия маршал Малиновский басқарған ІІ Қиыр Шығыс майданың десантшылар армиясының құрамында Қытай жерлерін Жапония басқыншыларынан азат етуге қатысады. Майданда екі реет ауыр жараланады. Бірде шекараның түнгі күзетінде тұрғанында басына снаряд жарқыншағы тиіп, ауыр жарақаттанған ол Хабаровск қаласындағы әскери госпитальда жатып емделіп шығады. Майдангер ананың жастайынан өмірін өлеңмен өрнектейтін ақындық қабілеті де бар. Өзінің майдан даласынан елге жазған сондай бір хатында жауынгерлік өмірін өлең жолдарымен былай деп келтірілген:
Мекенім жерден қазған ұзын барақ
Ауыр іс өтіп жатты уақыт санып
Туған жер бәрінен де қымбат екен
Аңсаймын батыс жаққа күнде қарап, деп қыз жүрегінің туған жерге деген сағынышын жеткізсе, енді бір хатында Отан алдындағы жауынгерлік міндетін былайша өрнектеген.
Оқ аттым, мен жауларға халқым үшін,
Байқадым минут сайын жаудың күшін
Суық жер, қараңғы түн ауыр тиді
Секірдім самолет тен паршютпен
Аман өттім лаулай жанған қалың өрттен
Күзеттім жац өткізбей шекарадан
Қорғадым Отанымды шын ниетпен
Жері су, қалың орман, тауы биік
Майдангер Қаламсия Ермекқызы өзінің жауынгерлік өмірін еске ала отырып, есінде ерекше сақталған мына бір оқиға туралы былай дейді: « Күздің суық бір күні біздің десантшылар батальоны шұғыл сапқа тұрғызылды. Жорыққа аттанатын шығармыз деп ойладым. Қолбасшылар арасынан бір кісі шапшаң адымдап, біздің батальонға таяды. Қазақ барма араларында? Деген сұрақты естігенде бір жағынан таңданып, бір жағынан абдырап қалдым. Өйткені өз тіліміздегі үн қатуды естімегелі біраз болды ғой.
Бойымның кішілігінен саптың ең шетінде тұрған мен оның қазақ екенін қапелімде байқай алмай қалдып едім. «Мен қазақпын», - деп дауыстадым. Жақындап келді де, -сен монғол емессің бе?- деді. Жоқ қазақпын Орал облысынанмын , -дедім.
Сәл кейін білдік, бұл кісі соңынан ерлігі әйгілі болған алаштың мақтанышына айналған Бауыржан Момышұлы екен. Бізбен штабтада әңгімелесті . Маған қарап: «Біз, қазақ –батыр халықпыз», намысты, инабатты халықпыз. Халық туын жоғары ұстау керек. «Понятно» деп сөзінің соңын лепті аяқтағанда «Так точно» деп сымдай тартыла қалғаным есімде». Көптеген күткен Жеңіс күнін десантшы қыздар 1945 жылдың 15 қыркүйегінде Владивостоктың Березовка деревнясының маңында қарсы алады. Майданында « Ұлы Отан соғысы» ордені, «Жуков» медалімен марапатталады. Елге жеңіспен оралған соң бейбіт өмірге араласып, демалысында. Ері 1993 жылы қайтыс болған соң, Қаламсия апай қазір Чапаев ауылында тұратын қызының қолында бақытты өмір кешуде. Владивосток қаласынан жоғарғы оқу орнын бітірген үлкен ұлы Машаев Қадем сол қалада теңізші болып қызмет етеді. Иә, соғыс салған жарақаттар жиі – жиі сыр беріп, түн ұйқысынң сан бөлседе, қайратты анна өзін әрдайым жинақы, сергек ұстауға тырысып, жастарға аға ұрпақтың ерлік жолынан естеліктер айтуды өзінің міндет санап отырады.
Әдебиеттер:
Арулар отты жылдарда құраст. Ф.Оңғарысынова, А., 1975
Женщины Казахстана – активные строители социализма.1918-1945, А., 1981. 284 бет
Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы . А.,2002
Нурбекова Г. Женщины Казахстана – фронту .изд « Казахстан» А.,1968.
Мурманцева В.С. Советские женщины в Великой Отечественной войне.Изд. «Мысль» М.,1974

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген