Материалдар / Қайран менің балалық шағым, пакет жыры!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қайран менің балалық шағым, пакет жыры!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала, оқушылардың шығармашылығын дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2021
703
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А.Ж.Есқара

Қайран менің балалық шағым, пакет жыры!

Мое детство, песня из пакета!

My childhood, package lyrics!


Қайран менің балалық шағым, балалық шақ - адам өміріндегі ең ғажап уақыттардың бірі. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылу ұялатады. Көбіміз осы уақытты бағалай алмай, есеюге асығатынбыз. Балалық шақ қайта оралмайды. Меніңде балалық шағымның дәурені өтіп, үлкен өмірге қадам басар уақытым таяды. Бақытты балалық шақтың кепілі-сүйікті ата-анаң, бірге туып өскен бауырларың, жақсы көретін ата-әжең, жақындарың және жан достарың. Балалық шақ - ең алғаш деген сөзден құралады. Осы уақытта көп нәрсе байқап көргіміз келеді, көкке ұшардай сезім бойымызды билейді. Әр ізденісіміз, әр көрген нәрсеміз, бастан өткізген оқиғаларымыз бізді есейте береді. Бірге өскен достарыммен далаға шығып, ойнап, алысып, киім жыртып алып, құлап, жылап, талай қызықты бастан кешіп өстік. Балалық шақтың қызықтары мектепте де аз емес. Бірге оқитын сыныптастармен талай қызық пен шыжықты бастан кешетінбіз.  Йә, ол күндерге де міне 18 жылдан асыпты. Бүгін сол күндер есіме түсіп, терезе алдында күліп қарап тұрмын. 6 жасымда, мектептегі сабағымыз аяқталып, қасымда сыныптастарым Оразбай, Оразхан, Бақберген төртеуіміз үйімізге қарай келе жатқан кезіміз. Ол кезде неге екенін қайдам, мүмкін үйде ағаммен қатар өскеннен болар, мектептің алғашқы жылдарында тек ұл балдармен дос болатын едім. Үйіміз мектепке жақын орналасқан, астыңғы көшеде Нұргелді деген сыныптасым тұратын еді. Үстіңгі көшеде Оразбай, Бақберген, Оразхан және т.б сыныптастарым тұрушы еді. Біздің үйіміз екі көшемен де жүргенге ыңғайлы болатын. Әр мектептен қайтарда кезек-кезек бір күні жоғары, бір күні төменгі көшемен қайтатын едім. Қасымдағы достарым бүгін мына жақпен қайтайықшы деп, өз үйлеріне қарай тартушы еді. Мен ешкімнің көңілін қалдырмай кезек-кезек қайтатынмын. Сол күні мен жоғары көшемен, қыр-төбелерге жақын жолмен қайтқан кезім еді. Ол кезде кішкентай ойын баласы едік, ойнап-күліп үйімізге қалай тез жеткенімізді байқамаушы едік. Бір күні, күздің суық, жер қара болса да ызғарлы, жел тұрып, жүрген адамға қарсы екпінді соғып тұрған уақыт еді. Менде өз үйімнің төбесін көріп, бұрыла келе жатқан кезіміз. Қасымда екі сыныптасым бар еді. Ол кезде мектепке кәзіргідей сөмке емес, түрлі-түсті әдемі енді тауар айналымының көркін қыздырып келе жатқан әртүрлі пакеттер болатын. Сыныптастарым да мектепке әртүрлісін, ұстап келетін. Менің пакетім де өзі әдемі, кішкентай ғана, сүйкімді еді, мен оны сондай қатты жақсы көретін едім. Үйіме жетер уақытта достарыммен қоштасып, үйіме жүгіре бастағаным сол еді, жаңағы екпінде жел қатты соғып, қолымдағы пакетімді ұшыра кетпесі бар ма? Не істерімді білмей абдырап тұрғанымда, жаңа қолымда тұрған пакетім бірмезетте желден ұша жөнелді. Ішінде мектепте жазатын дәптерлерім, қаламдарым бәрі көзден таса болды. Отыра қалып, айқайлап жылай бастадым. Арқасынан жүгіріп, пакет дәптерлерімді іздей бастадым. Менің жылаған дауысымды естіп, үш сыныптасым жүгіріп келіп, оларда жылап жатыр. Бір пакеттің соңынан іздеп келе жатырмыз. Ол кезде жерде тақырланып, сарғайып тек жантақтар ғана сойдақ-сойдақ болып өсетін. Сол желден ұшқан пакет ішіндегі дәптерлерім жерге түсіп, сол жантаққа жабысып қалған екен. Ол дәптерімде жерге түсіп шаң болып, қатты желден кейбір жерлері майысып, жыртыла жаздапты. Далада қараңғыла түскен, ары қарай жүруге қорқып, дәптерімді ала сала үйге қарай бұрыла бастадым. Қарасам үш сыныптасым алдыңғы жақта пакетті іздеп жүр екен. Бір сыныптасым пакетті іздеп, алысқа кетіп қалыпты, оларда таппай менде таппай үйімге жылап қайттым. Үйге келсем екінші ағам есік алдында жүр екен. Менің жылап келгенімді көріп не болғанын білген соң, ол ағамда пакетті іздеп кетпесі барма. Бір пакеттің соңынан сонша адам іздесек те қатты желдің ықпалынан пакетті таппадық. Ағам үйге келіп, таба алмағанын айтты. Анам үйде мені жылағанымнан көндіріп, одан да жақсысын сатып алып беретінін айтқан еді. Анам да күлгісі келіп, күлейін десе менің жылағанымда көріп, не істерін білмей мені құшақтап бауырына қысып менің жылағанымды көндіре бастады. Ертесімен-ақ, анам маған алдыңғы пакеттен де әдемісін сатып алып берді. Ішіне дәптерлерімді салып, қайта мектепке аттанған едім. Сол кезде қасымдағы достарымның адалдығын,қамқорлығын, көмектесуге әзір тұрғанын, өздері кішкентай бала болса да, үйлеріне кетіп қалмай, маған көмектескеніне сондай қатты қуанып тұрмын. Қиын сәтте қолдағанына риза едім. Осы достарыммен бастауыш сыныпты бітіргенімше бірге дос болып жүрдік. Кейін өсе келе қыздармен бірге жүріп, олармен де жақсы достар болып кеттік. Енді сол сыныптастарыммен кездесіп қалсақ, олар осы оқиғаны әр отырыста айтып бір күліп аламыз, ұялатыным тағы бар. Ол уақытта әр затқа ұқыппен қарап, кішкентай нәрсеге қатты қуанушы едік. Сол кезеңдер мен үшін ең жағымды, естен шықпас, ұмытылпас күндер екен.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!