Материалдар / Қайрат Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қайрат Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысы жылдары елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеп, батырларға құрметпен қарауға тәрбиелеу, мақтаныш және патриоттық сезімдерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2018
819
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қайрат Жұмағалиев  «Мен соғысты жек көрем»

Білімділік мақсаты: «Мен соғысты жек көрем» өлеңі арқылы түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру, өлең мазмұнын ашу;

 Тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдары елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеп, батырларға құрметпен қарауға тәрбиелеу, мақтаныш және патриоттық сезімдерін дамыту.

 Көрнекілігі:   Батырлардың суреттері, соғыс суреті

 Сабақ түрі: Танымдық – ізденіс сабақ      

 Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру

 Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту

 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушы назарын сабаққа аудару

Оқушыларды топқа бөлу.

Психологиялық дайындық

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, өткені бүгін қонақтарды қарсы аламыз. Қазақ халқы қонаққа бар жақсысын ұсынған. Ал біздің ұсынатынымыз – біліміміз.

  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

2. Үй тапсырмасын сұрау

Н.Айтовтың «Алтын сөз» өлеңін жатқа айту

- Бата берген атасы көпке не тіледі?
- Балаға кім бол деп тілейді?
- Ата сөзі қандай сөз?
- Қандай бата сөздерін білесің?
3. Жаңа сабақ.Видео ролик көрсету. Слайд көрсету.

Ұлы Отан соғысы туралы деректер. Соғыс туралы әңгімелеу.
- Соғыстың жаман екенін ұқтық. Енді осы апатқа қарсылығын өзінің өлең жолдарымен білдірген ақындарымыздың бірі – Қайрат Жұмағалиев ағамыз.
Слайд. Автор Қ.Жұмағалиев туралы мағлұмат.


Қ.Жұмағалиев – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы. Ол 1937 жылы, 16 – қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Бесқұдық ауылында дүниеге келген. «Туған өлкем», «Таба нан», «Кәмпит туралы баллада» атты т.б. шығармалары бар.
4. Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу. Іштей, тізбектей оқу
5. Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмыс Қасірет – басқа түскен уайым, қайғы.
Жырақ – шалғай, алыс, қашық.
- Балалар, әр тапсырманы орындағаннан соң батырларымыздың құрметіне мәңгі алауға гүл шоқтарын қойып отырамыз.

Сынып оқушыларын үш топқа бөлу.


1. Оқу орталығы – өлеңді тізбектей оқиды.


2. Жазу орталығы –отан,батырлар туралы мақал-мәтелдер айту.


а)Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
ә)Жүк ауырын нар көтереді,
Ел ауырын ер көтереді.

б) Отан үшін отқа түс – күймейсің

в)Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.

г) Ердің көркі – елімен,
Отан көркі – жерімен.

ғ) Еліңді сүйсең – ерлік істейсің.

д) Жолдас қадірін жорықта білесің,
Дос қадірін соғыста білесің.

3. Шығармашылық орталық.

 

Сіз жасаған соғыстағы,

_____________  ұлы ғой.

Бастан кешкен ғұмырыңыз,

______________  толы ғой.

ІІІ топ:

Қайсар қызы қазағымның,

_____________________.

Жүрек жұтқан батыр едің,

_____________________.

ІІ топ:

Салып кеткен сара жолың,

_____________ бастайды.

Бізге арнап айтқан сөзің,

_____________ қалады.

IV топ:

Сарғая күткен ұлы күн,

__________ төккен күн.

Бағына талай баланың,

__________ Жеңіс Күн

орталық –өлең құрастырады.


Слайд. Мәңгі алауға гүл шоқтарын қою.


Слайд. Ойын «Сөзден сөз тудыр»


Бейбітшілік сөзінен жаңа сөз тудыру.
Бейбітшілік – Бейбіт, шіл, кіл, тік, тік, шік, кіші, ішік, кілт, бейіт, іл, ілік, екі, тіл, іш, етік, шет, шеті, ет, еті, біте, тіке, бет, тек, кет, білік, білек, бекіт, Бекіш, бел.т.б.


Сабақты қорытындылау.

- Бүгінгі сабақта қандай өлең жолдарымен таныстық?
- Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды?
- Өлеңдегі балалардың тілегі не?
- Өзің қандай тілек тілер едің?

Слайд. Видео ролик көрсету.
- Қара бұлтқа оранбасын Күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!
Отанымның бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте! – деген ақын ағаларымыздың өсиет сөздерін есте сақтап, сол Отан үшін қаза болған батырларымызды бір сәт еске алайық!
Батырларды бір сәт үнсіздікпен еске алу

Бағалау
Үйге тапсырма: өлеңді жаттау, мағынасын ашу.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!