Материалдар / "Қайсар рухты Қайрат" тәрбие сабағы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы Мулкибаева Закира
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қайсар рухты Қайрат" тәрбие сабағы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы Мулкибаева Закира

Материал туралы қысқаша түсінік
«Халық Қаһарманы» Қайрат Рысқұлбеков жайлы,1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып ,не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ұғындыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2020
816
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылы
Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы











Тәрбие сабағының тақырыбы:

«Қайсар рухты
Қайрат»



Мулкибаева Закира Онтаевна













Тәрбие сабағының тақырыбы :

«Қайсар рухты Қайрат» Сабақтың мақсаты:
«Халық Қаһарманы» Қайрат Рысқұлбеков жайлы,1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып ,не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ұғындыру. Оқушыларды белгілі бір проблемаларды өздігінше шеше алу дәрежесіне дейін жеткізіп,ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау,есте сақтау,сөйлеу мәнерін, ішінара ізденуге баулу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ішінара іздену,түсіндірмелі. Сабақтың көрнекілігі: слаид,видео, Қайраттың бүктемелері,кітап көрмесі,қанатты сөздер,өлеңдері.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру: Мұғалімнің сөзі 2. Болжау 1. 1966 – 1988 жж 2. Өжет,қайсар,намысшыл 3.Ұлтшыл, рухы биік 4.Қазақтың Қаһарман ұлы,қазақ мемлекетінің тәуелсіздігінің тірегі.
Сұрақтар қою арқылы ой шақыру. 1. Бұл жылдарды кімнің өмірімен байланыстырасыз? 2.Қандай жағдайлар Қайраттың намысына , ұлтшылдығына әсер етті? 3.Қалғып бара жатқан қазақтың қайта оянған ұлттық рухы? Слаид,суреттер . Қазақ елі патшалық Ресейдің отарына айналды,дүркін отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер болды .Олай болса,1986 жыл Желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы Брежнев атындағы алаңда жастар мен студенттер не үшін жиналды? Өз тәуелсіздігін алу үшін.Видео көрініс. «Тәуелсіздік керек , Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшылығының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Шеруге шыққан жастарға бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар деген кінә тағылды. Осындай қатыгездікті көргендердің ішінде Қайрат Рысқұлбековте бар еді. Суреттер көрсетіледі. 1-жүргізуші: Насихат Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан, Тарихы оның тым әріден басталған. «Бодандықтан құтқарам» деп елімді Талай боздақ қара жерді жастанған. 2-жүргізуші: Маркизат Иә,бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қанын төкті,жанын берді,бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті. Маркизат: «Желтоқсан оқиғасы» Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Асау аттай өз тізгінін бермеді. Қазағымның алтын басын иілтіп Талай дұшпан төрімізге төрледі Тәуелсіздік бізге оңай келмеді Жұртым менің не қиындық көрмеді?! Жылап тұрып Аналарым бұл жолда, Сан перзентін қара жерге жерледі Орыны ағалардың бізбен болсын Сәбилер ағаларының жолын қусын Бір минут үнсіздікпен еске алайық Әруағы ағалардың риза болсын.( бір минут үнсіздік )
1-жүргізуші: Насихат Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азая қоймапты. Оның айғағы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған "Желтоқсандықтар" болатын. Оның айғағы –дүниені дүр сілкіндірген,әлемге қазақ деген атты паш еткен «Желтоқсан көтерілісі» 2-жүргізуші: Маркизат Бұл тарих шындықтарды електейді, Десең дағы керексіз,керек мейлі. «Желтоқсан»деген сөзді естігенде Көз алдыңда сол күндер елестейді. Көлдей жасын көп төккен қазақ үшін, Ұмыта алман,Желтоқсан,азап үшін. Қанымен қыршынының тарихқа енген Шындықты айтар күніміз келді бүгін. Естен кетпес аяусыз ұрғандары, Қазаққа неше айла құрғандары. Қайрат сынды елімнің ұл-қыздары .- Желтоқсанның кезіндегі құрбандары 1-жүргізуші: Насихат 1.Қайрат Рысқұлбеков кім ? Өмірі баяндалады. Ақерке 2-жүргізуші: Маркизат Амина « Желтоқсан оқиғасы» 1-жүргізуші: Насихат Желтоқсанның жан түршігер күндері Жалдап әкеп аяушылық білмеді, Бұрымынан сүйреп ару қыздарды Ал ұлдарды тоғытқан жер түрме еді? 6 «б»сынып. Көрініс: 2-жүргізуші: Маркизат Сатылған Гүлдариға «Қайраттың монологы» 1-жүргізуші: Насихат Ән: «Батыр Қайрат» 2-жүргізуші: Маркизат Айдос: Тәуелсіздік алған елім Қазақстан тірегім, Әрқашанда елім менің-деп соғады жүрегім. Ата-баба армандаған азаттыққа жеттік біз Ахмет,Сәкен,Мағжанымды қыл бұраудан алдық біз 26 жыл бопты ,міне,егемендік алғалы, Бодандықтың құрсауынан көзімізді ашқалы. Өз туымыз,өз еркіміз өзімізде шүкірлік, Елбасының жолдауына етпейік біз күпірлік. Елімді де,Жерімді де бай деп мақтай аламын Қазақ тілін сақтауға бар күшімді саламын. 1-жүргізуші:Насихат Дильназ: «Халық қаһарманы- Қайрат Рысқұлбековке» Қайрат аға, сен қандай бақыттысың, Оны жұртқа паш етіп танытты ісің, Буырқанған желтоқсан дауылында, Қарындасты қорғады намыс күшің. Шындық іздеп жүрсің көптің, Ержүрек жан халқы үшін күйсін- депсің Жала жапқан күнәсін атқар немен, Ал сен болсаң нақақтан қыршын кеттің. Қайрат аға,сен қандай текті едің, Имандыққа табынып өтті демің. Кеудеңдегі қыраның шынға қонар, Бауыржандай айбатты өткір едің. 2-жүргізуші: Маркизат Ән: « Елім менің » 1-жүргізуші: Насихат Озбырлық күшпен тұншығып, Үміттің оты өшкен күн. Жанына таппай бір шындық , Ер Қайрат қыршын кеткен күн .
1986-1988ж 13-мамыр Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21-мамыр күні,21-ші камерада өмірімен қош айтысты. 1.Желтоқсан оқиғасына байланысты шығарылған киноларды ата? 2.Еліміз Тәуелсіздік күнін қай күні тойлайды? 1.Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата? 2.Еліміздің Тәуелсіздік алуына себеп болған оқиға қашан, қай қалада болды? 1.Қайраттың қандай өлеңдерін білесіңдер? 2.Қайрат тірі болғанда неше жаста болар еді? 3.Қайраттың жерленген жері? 1.Қ.Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы қай жылы берілді? 2.1-Желтоқсан қандай мереке? 3.Қ.рысқұлбековтың туып өскен жері? 1.Қайратқа тағылған айып? 2.17 желтоқсан қандай күн? 3.Желтоқсан құрбандарын еске алу күнін ата? «Қайсар рухты Қайрат» Әр қазақтың есінде сақталады, Желтоқсандық өрендер сақталады. Ән:Менің Қазақстаным Ел намысын қорғаған сарбаздарым Ерліктерің мәңгілік сақталады.













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!