400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қайсарлық пен батылдық.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға «қайсарлық», «батылдық» ұғымы туралы түсіндіру,ерік-жігер, табандылықтарын дамыту,қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану

Тақырып: Қайсарлық пен батылдық.

Құндылық: дұрыс әрекет.

Қасиеттер: қайсарлық, батылдық.

Мұғалiм:Арипова У. Сынып: 10 Оқушылар саны:


Сабақтың мақсаты: қайсарлық пен батылдықтың адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру.

Міндеттері:

  • «қайсарлық», «батылдық» ұғымы туралы түсіндіру;

  • ерік-жігер, табандылықтарын дамыту;

  • қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Орманға ойша серуен

. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

2. Үй тапсырмасын тексеру.

М. Кемеловтың ізімен мәтінінің мазмұнын талдау.

  • Мәтінді оқығанда қандай ой түйдіңіз?

  • Өзіңіз ерік-жігерді шыңдаудың қандай амалдары мен жолдарын жасар едіңіз?

Сабақ барысын талқылау:

3. Әңгiмелеу (сұхбат).

Өтіліп отырған тақырып жайлы ойлануға мүмкіндік туғызу мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылып, балалардың жауаптары тыңдалады.

  • Өмірдегі қиыншылықтарды қалай қабылдайсың?

Олардың шешімдерін қалай табасың?

  • Жиі тәуекелге барасың ба?

  • Бір істі бастар алдында оған ой жіберіп, ақылға саласың ба?


  1. Дәйек сөз. Ерге керек төзімділік күш-қайрат,

Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап!

Ж.Баласағұн


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жағдаяттарды шешіңіздер.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Абзал ерлік, батырлық туралы шығармаларды сүйіп оқиды. Өз ойында әр кез «Ер» атанғысы келеді. Осы ойын бейбіт өмірде қалай іске асыруға болатынын ойлап бас қатыратын болды.

  • Абзалдың іс-әрекетін қалай бағалайсыздар?

  • Абзалға қандай кеңес берер едіңіз?

  1. Ғалым тек қана үйде емес, барлық жанға жанашырлықпен қарайды. Мұнысы іс-әрекетінен көрініп-ақ тұратын. Көбінесе сыныпта құрбыларына құрапқ ұшып, көмекке дайын тұрады. Ғалымның бұл әрекеттерін сыныптастары келемежге айналдыратын. Оны байқаған ол, кейде өз ісінен ұялатын еді.

  • Ғалымның өз ісінен ұялып, қысылуы орынды ма?

  • Сыныптастарының әрекетін қалай бағалар едіңіздер?


6.Топпен ән айту. Ерлікке шақыру

Сөзі мен әні: М.Шахановтікі


7.Үй тапсырмасы.

Қ.Қайсеновтың естеліктерінен берілген үзіндіні оқып келу.


8. Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
759
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі