400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қайсысы тазалық заты емес

Материал туралы қысқаша түсінік
. Тазалыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіші топ: «Құлпынай»

Білім саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Көрсет және қайтала. Қайсысы тазалық заты емес?»

Мақсаты: Өткен оқу ісәрекетінде алған білімдерін бекіту. Өлеңнің мазмұнын түсіне білуге үйрету. Тазалыққа баулу.

Көрнекіліктер: тазалық заттарының үлестірмелі суреттері(сабын, тарақ,айна,сүлгі, су)

Сөздік жұмыс: тарақ,сүлгі.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі




Мотивациялық

қозғаушылық

Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін құрады. Күнге қарап күлімдеп,бойымыздағы жылуды күнге шашамыз деп, қимыл қозғалыстар жасатады.

-Балалар, бүгінгі біздің іс-әрекетеміз қызықты ойын түрінде өтеді деп, балаларды ойнауға шақырады. «Көрсет және қайтала» деген ойынды ойнаймыз.


Балалар тәрбиешімен сәлемдеседі.


Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне тілектер айтады.


Оқу іс-әрекетіне қызығушылық танытады.



Ұйымдастырушылық

ізденістік

Балаларға үлестірмелі суретерді таратып береді.

-Балалар, енді сендер мұқият тыңдаңдар. Мен сендерге өлең, жұмбақтар оқимын, қолдарыңдағы суреттердің қайсысы неге ұқсаса сол суретті көрсетесіңдер және сол затты бәріміз қайталаймыз.


Дымқылдап күнде сен

Қолыңа сүйкесең,

Кетіп кір-ласың,

Тап-таза боласың.

-Бұл не?


Шомылған баланы

Аймалап алады,

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да.

-Бұл не?


Аузы жоқ,көзі жоқ,

Тілі жоқ, сөзі жоқ,

Бірақ тісі бар

Шашыңмен ісі бар.

-Ол не?


Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,

Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне.

-Бұл не?


Су, бетіңді жу! Бұл не?




Сергіту сәті.

Балық боп жүземіз,

Шынығамыз суда біз.

Шынықсақ біз бәріміз,

Шымыр болып өсеміз.


«Қайсысы тазалық заты емес?» дидактикалық ойыны.

Суреттен артық заттарды табады, себебін айтады.




Балалар суреттерге қуана қарап, өлең-жұмбақтарға қызығып, оларды шешуге талпынады.



-Суреттерді көрсетіп, атауын айтады,қайталайды.



-Сабын.






-Сүлгі.





-Тарақ.




-Айна.



-Су.





Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.


Сұрақтарға жауап беріп, қайталайды.


Ойынды қызыға ойнайды.


Рефлексиялық

түзетушілік

Балалардың өлеңді тыңдап, түсініп,суретті дұрыс көтеруге талпынғандарына баға береді, және дұрыс түсінуге көмектеседі. Тарақ, сүлгі сөздерін дұрысайтқызып қайталатады.

Балалар өлеңді мұқият тыңдауға, түсінуге үйренеді.


Сөздерді дұрыс айтуға үйренеді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: тазалық заттарының атауларын;

Игереді: тазалық туралы түсінікті;

Меңгереді: өлеңнің мазмұнын түсініп, оны қысқаша әңгімелеуді.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
458
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі