400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Қайталанатын үзінділер

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.3АШығармашылық және компьютер

Мектеп: № 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп - лицейі


Мұғалімнің аты-жөні: Молдағалиева Зауре


Күні: 21.01.19 жыл

Қатысқан оқушылар саны:


СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Қайталанатын үзінділер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатыңоқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

3.1.2.4компьютерлік программаларда мәзір командаларын қолдану


Сабақтың мақсаттары

Оқушылар...

  • Графикалық редактордың мәзір командалары арқылы жұмыс жасайды(нысандарды қиып алу, бұру, өлшемін өзгерту).

  • Нысандармен жұмыс жасау кезінде әрекеттердің кезектілігін сипаттайды.

Бағалау критерийлері

- нысандарды дұрыс қиып алады;

- нысандарды айналдыру кезінде редактордың мүмкіндіктерін қолданады;

- өлшемін өзгерту үшін редактордың мүмкіндіктерін қолданады;

- нысандармен жұмыс жасаған кезде іс әрекеттердің ретін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар...

Графикалық нысандардың сырт келбетін өзгертеді(нысанды қиып алу, айналдыру, өлшемін өзгерту);

Нысандармен жұмыс жасау кезінде іс әрекеттерінің ретін сипаттайды.

Пәндік лексика жәнетерминалогия:

графикалық элемент, айналдыру, палитра, фотосурет, қиып алу, қою, көшіру.

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

Суретті айналдыру үшін…

Суретті көрсету үшін...

Үзіндіні бөліп алу үшін...

Өрнектер ... тұрады

Мен ... фигураларын қолдандым

Мен бояу үшін ... түс тандадым

Құндылықтарды дарыту

Өздеріне және басқаларға құрметпен қарау және жұптасып, топта жұмыс істеу, академиялық адалдық - өздігінен зерттеу, ашықтық - оқушылар өздерінің сабақ мақсаттарын айқындауы және жағдайды шеше алуы.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану. 1 бөлім: Жаңды табиғат

АКТ қолдану дағдылары

Вilimland интерактивті визуалды сабақтарын қолдану.

Осыған дейін меңгерілген білім

Графикалық редакторда сурет салу дағдылары қалыптасқан.

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


1-5 мин










6-7 мин





  1. Ұйымдастыру кезені

Оқушылармен амандасып олардың сабаққа дайындығын көзбен шолу. «Сәлемдесу» ойыны:

Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. Миға шабуыл.

Сабақты оюды толықтырудан бастайңыз. Оюлардың ерекшелктерін анықтауын сұраңыз. Оюлар қайталанатын элементтерден тұратынына ерекше назар аударыңыз. Суретті толықтыр


  1. Мақсатты тұжырымдау

  • Сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? (оқушылар өз жауаптарын береді).

Сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын оқушылар мұғаліммен біріге отырып тұжырымдайды.

  • Дәптерлеріңді ашып, сабақтың тақырыбын жазып алыңыз.







http://bilimsite.kz/tarbie_sagaty/7645-sergitu-sati.html


Сабақтың ортасы


17-18 минут












19-20 минут







21-24 минут



















Қайталанатын элементтерді айналамыздан көруге болады. Айналаны қараңыз. Ағаштардағы, жидектердегі, жемістердегі жапырақ табиғатпен жаратылған қайталанулар. Тұрғын ғимараттар, адам жасаған автомобильдер, әр түрлілігімен, қайталанатын элементтері бар.

(жидектер, жемістер, ағаштар және т.б. суреттермен слайд шоу).

Суреттегі қайталануларды табу.


Қайталанатын үзінділер көркем композицияның негізі болуы мүмкін. (алма ағашы бейнеленген слайдты көрсету).

Оны суретке түсіру үшін сізге тек бір алманы дайындау керек, содан кейін бірнеше көшірме жасаңыз. Жапырақтары бір кішкене жапырақтан да алынады. Бірақ жапырақтарды әр түрлі бағыттарда қалай реттеуге болады? Олар бірдей болуы керек, бірақ мүлдем бірдей заттар жасалмайды. Және бұл жағдайда олар тек бірдей болмауы керек, сонымен қатар бұтақтағы тармағына қатысты симметриялы болуы керек.

Таңдалған үзінді айналуы мүмкін немесе оның айна бейнесі (көрініс) жасалуы мүмкін. Бұл мүмкіндіктер жапырақтары әр түрлі бағыттарда қалай реттеуге болады? Суретте көрсету және айналу командаларының көмегімен бір парақта алынған жапырақтар көрсетілген.

Бұл команданы таңдағанда, диалог терезесі пайда болады. (осы диалог терезесінің суреті бар слайдты көрсету).

Бұл командалар суретте қалай орындалатынын қараңыз. (келесі слайд - «көрініс және айналдыру командаларын орындау мысалдары»).

Күнделікті өмірде солдан оңға қарай, жоғарыдан төменге қарай көріністі қайдан білесіз? Суреттегі көрініс/ айналдырукомандаларына мысалдар келтіріңіз. Сергіту сәті

Қол саусақтарына арналған жаттығулар
•Алақанды уқалау.

•Қолды қысу

•Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

• Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

• Көзіңмен ақырын оң жақ қа қарай 3 - 4 рет айналым жаса. Соншалықтыайналымсолғақарайжаса.

Сергіту сәтті мұғалім оқушылармен бірге орындайды.

Оқушыларға үлгі бойынша сурет салуын ұсыныңыз.


Практикалық жұмыс

Енді жаңа материалды қалай меңгергеңізді тексерейік. Ол үшін компьютерде Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс жасаймыз.

Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезінде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі.

Тапсырма

1нұсқа

Көшіру / Қою және Көрініс / Айналдырукомандаларын пайдаланып, ұлының суретің салыңыз

*** Көшіру / Қою және Көрініс / Айналдырукомандаларын пайдаланыпжүзім суретін салыңыз.

2 нұсқа

Көшіру / Қою және Көрініс / Айналдырукомандаларын пайдаланып кеменіңсуретін салыңыз

***Көшіру / Қою және Көрініс / Айналдырукомандаларын пайдаланып, жүгерінің суретін салыңыз.

Оқушылар өздерін бағалауға кіріседі және бұл үшін эмотикондарды пайдаланады

;-) - күлімсіреп күледі өте жақсы жұмыс істегеніне сенетіндер;

:-) –құанышты -тақырыпты жақсы түсінбегендер;

:-( - қайғылы ол осы тақырып бойынша жұмыс істеу үшін көп нәрсе қажет деп санайтындар.









Сабақтың соңы

38-40 минут

Бүгінгі сабақта нені үйренгенімізді талдайық:

  1. Біз нысандарды бұруға, айналдыруға көмектесетін жаңа командалармен таныстық. Меніңесіме салыңыз қандай команда қолдандық.

  2. Сергіту. Демалыс.

  3. Іс жүзінде, біз бұл команданы қалай қолдануға және әрекет алгоритмдерін жасауға үйрендік.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Сіздерге не ұнады?

Сіздерге не күрделі болды?

Сабақта алған білімдеріңіз арқылы тағы не салааламыз



Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Практикалық тапсырма орындау кезіңде саралау шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады: тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасында қадам бойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді.

Оқушылардың барлығы:

  • Графикалық нысанның сырт келбетін өзгертеді(нысанды қию, айналдыру және көлемін өзгерту);

Оқушылардың көбісі:

  • Насандармен жұмыс жасаған кезде іс әрекеттерін сипаттайды.

Кейбір оқушылар:

Өрнектің суретін салады

Бағалау сабақтың әр кезеңіңде жүзеге асырылады:

- қиындықтарды анықтап қолдау мақсатында оқушылардың жауптарын қадағалау (жұптық жұмыс).

- теориалық материалды түсіну кезеңінде интерактивті тапсырмаларды бағалау үшін қолдану;

- практикалық жұмысты орындау кезіңде бағалау дескрипторлар арқылы жұптасып орындалады.

- өз-өзінің жұмысынбағалау мақсатында, кері байланыс түрінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды.

Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында топтық жұмыс, сергіту сәті қарастырылған.

Компьютермен жұмыс жасап отырған кезде оқушылар дене мүсіні дұрыс болуына, көзбен монитор экранының ара қашықтығына көңіл аударып, жағымсыз ситуациялар пайда болған жағдайда мұғалімге хабарлайды.

Практикалық жұмыс орындаған кезде «Дүниетану» пәнімен байланысады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі