Бекітілді: Калиниченко Л.
С.
Пәні: Математика
Күні: 24.05.2016
Сыныбы: 1 «Ә»
сынып
Сабақтың
тақырыбы: Қайталау
сабағы
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың осы
күнге дейін алған білімдерін тиянақтап,
қайталау;
Дамытушылығы: Оқушылардың
ойлау, есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге
дағдыландыру;
Тәрбиелігі: Оқушылар бойына
адамгершілік қасиетін енгізу.
Сабақтың
көрнекілігі: геометриялық
фигуралар
Сабақтың
түрі: саяхат
сабақ
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын,
әңгімелеу
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру
бөлімі: Оқушылардың назарын
сабаққа аудару. Мұғалім:
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
II. Жаңа
сабақ:
Мақта қыз бен
мысық ертегісі. Мақта қыз бен мысық
екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып
алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз: Келмесең
келме–деп,мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
— Неге шақырдың? — деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан
соң мысық: — Ендеше қатығыңды төгем-дейді. Мақта қыз:
— Мен құйрығыңды кесіп аламын - дейді. Мысық қатықты төгеді.
Мақта қыз мысықтың құйрығың кесіп алады. — Мақта қыз
құйрығымды берші-дейді. Қатығымды қайтарған соң, құйрығыңды беремін
дейді. Енді мысық бізден көмек сұрап
тұр.
Мысыққа құйрығын қайта алуға
көмектесеміз бе? Ол үшін біз тапсырмаларды орындауға көмектесейік.
Сәт сапар, достар!
Сиырдың
тапсырмасы:
Сан құрамын ата
?
Ағаштың
тапсырмасы:
Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6 торғай қшып
кетті. Нешеуі қалды?
Үстелде 6 кітап және одан екеуі артық дәптер
жатыр. Дәптер нешеу?
Анар математика сабағында 1 бестік,
әдебиеттен 2 бестік, музыкадан 1 бестік бағасын алды. Барлығы неше
баға алды?
Қыздардың
тапсырмасы:
Теңдеуді
шеш:
а+2=4 а+3=5
6-а=3
а -1=4 7-а=3
а-4=1
Дүкеншінің
тапсырмасы:
Ауызша
есептеу
5+4-1+2-6
=4
10-4+3-2+1=8
Тауықтың
тапсырмасы.
Геометриялық фигураларды
ата:
Тышқанның тапсырмасы:
Бір қазақ қалаға бара жатыр
еді,жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға
барды?
Бір кг темір ауыр ма, әлде бір
кг мақта ауыр ма?
1 жұмыртқа 5 минут піссе, 4
жұмыртқа неше минут піседі?
Шыңғыста 7 теңге, Батырханда 3
теңге. Барлығы қанша?
7 кесе болды. Екеуі сынып
калды? Неше кесе қалды?
Бұтада 4 қарға және сонша
торғай отыр. Барлығы қанша?
Бірінші сөреде 2 кітап, екінші
сөреде 5 кітап артық тұр. Екінші сөреде неше кітап
бар?
Сыныпта 10 бала. 3 бала шығып
кетті, 2 бала кірді. Сыныпта неше бала
қалды?
III.
Қорытынды: