жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
қайталау сабағы 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қайталау сабағы»
Пән мұғалімі: Смагулова Н.Б.
2020 жыл
Сабақтың
тақырыбы:
Қайталау сабағы.
Сабақтың
мақсаты:
1.
Оқушылардың алған білім, білік, дағдыларын
іс жүзінде сауатты қолдана білуге
дағдыландыру.Өз ойларын айтып, оны
талқылауға үйрету.
Осы
уақытқа дейінгі қазақ тілі сабағынан
алған
білімдерін,
ұғымдарын қайталау.
2.
Сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын
шығармашылық,
қабілеттерін
байқау.
Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың
сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс
істеуін, алған білімдерін пайдалана
білуін дамыту.
3.
Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік
қабілеттерін
қалыптастыру,
сөздерді түсініп, үлгі, өнеге алуға.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізднімпаздыққа,
шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойнайық та, ойлайық.
Сабақтың типі: Қайталау.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау,топпен жұмыс, көрнекілік, деңгейлік тапсыр-малар, жұмбақтар шешкізу.
Көрнекілігі:
Слайд, кестелер,плакат, маркер,т.б.
Пәнаралық
байланыс:
ана тілі, әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы:
Оқушылармен
амандасу, кезекшімен тілдесу.
І.Ұйымдастыру
кезеңі: (Оқушылардың
назарын сабаққа аудару). Балалар бүгінгі
біздің сабағымыз қандай сабақ?
Бүгін бізде ерекше
Сабақ болып жатыр ғой.
Тәртіп, оқу деңгейін,
Ұстаздар көріп отыр ғой.
Ал тәртіпті болайық
Жақсы оқып әр күнде
Білім керек әркімге, - дұрыс айтасыңдар бүгінгі біздің сабағымыз өте ерекше сабақ.
Балалардың көңіл – күйлерін анықтап аламын. Балалар осы күнге дейінгі бір үйдің балаларындай бірлесіп жұмыс істеп , көзбен көріп, құлақпен естіп алған білімдерімізді бүгінгі сабақ барысында шешен тілдеріңнің арқасында отырған қонақтарға шын жүректеріңмен көрсетесіңдер деп ойлаймын. Ал енді сендерге сәттілік тілеймін.
ІІ.
Үй
тапсырмасын тексеру
ІІІ.
Сабақтың
мақсатымен таныстыру
Оқушылардың
алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде
сауатты қолдана білуге дағдыландыру.Өз
ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Осы
уақытқа дейінгі қазақ тілі сабағынан
алған
білімдерін,
ұғымдарын қайталау.
Сабақтың
жүрісі:
1.
Психологиялық ахуал
(Оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығын ояту)
Қазақ
тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай,
Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді
ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым,
бақытым, дана тілім,- деп сабағымызды
бастаймыз.
Балалар біз сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап алуды ұмытпайық. Ол үшін біз сендермен «Поле чудес» ойының ойнаймыз. Слайдта көрсетілген сұрақтарға жауап береміз. Әр сұраққа жауап беру барысында біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап табамыз.
Сабақтың тақырыбын анықтап алдық. Енді кезек менің алдымда жатқан эмблемаларды таңдап алыңдар. Сендер білесіндер биыл бізде айтулы мерекелер қатары жетерлік. Таңдаған эмблемаларына байланысты мен сендерді топқа бөлгім келіп тұр. Оқушылар таңдаған суреттеріне байланысты екі топқа бөлініп отырады.
Балалар, қалай ойлайсыңдар мен неге сендерге бұл видео – роликті көрсеттім? (Оқушылардың жауабын алғаннан кейін) Бұл видеоның негізгі мағынасы мынада балалар бүгінгі сабақта сендер мына құстар сияқты бірігіп, бір ұжымда бірлесіп, топтасып жұмыс істесің деп көрсетіп отырмын.
Ойынымыздың шартын түсіндіре кететін болсам, ойын негізгі 5 кезеңнен тұрады. Әрбір кезеңнің өз тапсырмалары бар. Тапсырмаларды дұрыс орындау барысында әр команда өз қоржындарына ұпай жинайды. Ойын соңында көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Әр командаға сәттілік тілей отыра бірінші кезеңді бастаймыз.
І кезең: Зымыран сұрақтары. Сұрақ – жауап арқылы командалар сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берілген сұрақтар 5 баллдық ұпаймен бағаланады. Сұрақтарға алдарындағы қатырма қағазды бірінші болып көтерген команда бірінші болып жауап береді.
1) Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
2) Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?
3) Буын түрлерін ата?
4) Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.
5) Синоним дегеніміз не?
6) Аласа – биік, алыс – жақын, ұзын – қысқа бір – біріне қандай сөздер?
7) Омоним дегеніміз не
8) Етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
9) Қазақ тілінде неше септік бар?
10) Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір
11) Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
12) Қазақ тілінде сөз құрамы қандай екі бөліктен тұрады?
13) Негізгі түбір дегеніміз не?
14) Туынды түбір дегеніміз не?
15) А – ла, қа – ла, да – ла сөздеріндегі буын түрі қандай? Ережесін айт.
16) Тұйық буын дегеніміз не ? Мысал келтір.
17) Көптік жалғауларды атаңдар.
18) Есімдік дегеніміз не? Мысал келтір.
19) Есімдіктің біз білетін неше түрі бар?
21) Бітеу буын дегеніміз не?
22) Дауыссыз дыбыс түрлерін ата.
23) Дауысты дыбыстардың түрлері.
ІІ кезең: Топпен жұмыс.
Кластер бойынша жұмыс жүргізеді. Яғни командалар берілген тақырыпта кластер құрып соны қорғайды. Бұл кезеңнің тапсырмасы 10 баллдық ұпай санымен есептелінеді.
ІІІ кезең: Кім жүйрік?
Шарты: Жұмбақтың жауабын тауып, дыбыстық талдау жасау қажет.
Ұпай саны 5 балл.
Лақтың басында,
Бұлақтың қасында,
Құлақтың ортасында,
Қойдың қолқасында.
(Л – үнді, дауыссыз )
Әке де,
Ән де,
Әже де,
Сән де.
(Ә - жіңішке, дауысты)
Дуадақта екеумін,
Құсы болған даланың.
Үйде жоқпын,
Добындамын баланың.
(Д – ұяң, дауыссыз)
Кезіктірдім тиыннан,
Бірін таптым қиыннан,
Талай жерге сабылып,
Таптым бірін миымнан.
(И – жіңішке, дауысты)
Тоғай менен торғайдың,
Бәрінен де безінем.
Орман менен қамыстың,
Ортасынан кезігем.
(М – үнді, дауыссыз)
Бұлбұлда екі,
Құста бір.
Ұлытауда,
Тұста жүр.
(Ұ – жуан, дауысты)
Өзінде бір шопанның,
Табыламын ойыннан.
Кезігемін тағы бір,
Өрістегі қойынан.
(О – жуан, дауысты)
Еменде екі,
Желде бір.
Еденде екі,
Ерде бір.
(Е – жіңішке, дауысты)
ІV кезең: Сөз ойла, тез ойла.
Шарты: Ұяшықтарды таңдап, шыққан әріптерден басталатын сөздер айт. Ұпай саны 2 балл.
Қ – дыбысынан басталатын зат есімдер ата.
Ә – дыбысынан басталатын сын есімдер ата.
Ғ – дыбысынан басталатын зат есімдерді ата.
Ұ – дыбысынан басталатын синноним ата.
Ү – дыбысынан басталатын антонимдер ата.
І – дыбысынан басталатын зат есім ата.
V кезең: Тапқыр болсаң, тауып көр.
Шарты: Берілген сөздерді сөз таптарына қарай жіктеп жазу. Ұпай саны 5 балл.
Дұрыс жауабы:
Оқушылардың сабақ соңынан кейінгі көңіл – күйлерін сұрау. Жеңілпазды анықтау. Отырған қонақтар жеңілпазды анықтағанша оқушыларға 2 жұлдыз, бір тілек жазғызу.
ҮІІ. Қорытынды:
Бүгінгі сабағымызда біз шынайы адал достық пен білгір біліміміздің арқасында сабақ басындағы алға қойған мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.
Сабақты Мұхтар Әуезовтың "Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - БІЛІМ" деген өсиет сөзімен қорытындылай келе, сіздерге оқушылардың дайындаған тартуын қабыл алыңыздар дегім келеді. (Қадыр Мырза Әлі «Қазақ осы» өлеңі орындалады.)
ҮІІІ. Бағалау.
Х.Үйге тапсырма: Қазақстан Республикасы туралы шығарма жазып келу.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген