400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Қайталау сабағы.(сөз құрамы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қосымша қосылған кездегі сөздердің жазылу емлесінен мағлұмат беру. Түбір сөзді тиісті белгімен дұрыс белгілеуге машықтандыру. 2. Байланыстырып сөйлеу, іс-жүзілік дағдыларын дамыту. Ой жүйелілігін танымын, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ықпал ету. 3. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, сауаттылыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Пән аралық б
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 3 «Ә»

Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
: Қайталау сабағы.(сөз құрамы)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қосымша қосылған кездегі сөздердің жазылу емлесінен мағлұмат беру. Түбір сөзді тиісті белгімен дұрыс белгілеуге машықтандыру.
2. Байланыстырып сөйлеу, іс-жүзілік дағдыларын дамыту. Ой жүйелілігін танымын, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ықпал ету.
3. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, сауаттылыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, ойын, шығармашылық, топтық жұмыс,
Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта, асық, қоржын, жұмбақ, мазмұнды сурет, сызба - кесте, семантикалық карта, фломастер, А - 4

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім оқушылармен қазақ тілі мен ағылшын тілінде амандасады.
Психологиялық дайындық:

2) Оқушыларды үш топқа бөлу. Топ басшысын тағайындау.
Бағалау әдісін түсіндіру.( Сабақтың 6 кезеңімен таныстыру).
Әр берілген тапсырмаға гүл, шар, мысық, 5, күн суреттері беріледі. Осыларды жинағанына байланысты бағаланады.
І. «Қайталау - оқу анасы»

Қайталауға арналған сұрақтар(қоржын алынады, оның ішінде асықтар болады. Әр топтың басшысы екі асық алып, оқып шығып, сүраққа жауап береді.)

- Қосымша дегенiмiз не? Мысал келтiр.
- Сөз құpaмына не жатады?
- Түбiр сөз дегенiмiз не?
- Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
- Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады? --

-Қосымша қандай қызмет атқарады?



ІІ. «Сөз ойла, көп ойла» (карточкамен жұмыс) (әр топ өз орнында)

Топтық тапсырма. Әр топқа жеке – жеке тапсырма беріледі.
І топ. Түбір сөзге тиісті қосымшаны қосып жаз. А-4 қағазында жазылып,

тақтаға ілінеді, әр топтан 1 оқушыдан шығып қорғайды.
- ші- шы

Биші жұмысшы

Өлеңші құрылысшы

Өрмекші оқушы



ІІ топ. Берілген түбір сөзден бірнеше туынды сөздер жасап жаз.
Бала -лық,-(қай)
Оқу -лық,-(шы)
Сый –лық, - (-лы)

ІІІ топ Сызба бойынша сөздер тауып жаз.
Түбір + жұрнақ
Түбір +жұрнақ + жалғау
Түбір +жалғау +жалғау


ІІІ.. « Білгенге маржан...»
Дәптермен жұмыс:
Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгiлi екенін көремiз? (Қыс)
Жұмбақ жасыру.
Қыста жер бетiн жабады, ал көктемде су болып ағады. (Қар)
Ендi дәптеріңді ашып, бүгiнгi күндi, сынып жұмысын жазып койыңдар.
«Қар» сөзiн бiр жолға көркем етiп жазып қоямыз.


ІV «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Мұғалім әр топқа талдау түрлерін таратады.

І тапсырма: Сөйлем мүшесіне талда. (Далада қалың қар жауып, күн суыта бастады.) Интерактивті тақтада орындалады.

ІІ тапсырма. Сөз құрамына талда. (Жұмыскерлер, кітапханашылар) Тақтада орындалады

ІІІ тапсырма. Дыбыстық талдау. (Ұлпалар)Ауызша орындалады


Сергіту сәті


V. « Жүйрік ойлы ұландар» (Жазбаша)
(Топтық жұмыс)
І топ
 . Төмендегі түбір сөздерді қосымшалы етіп жаз.
Сөйлем құра. Мысалы: ойын, дәрі,кітап.


ІІ топ: Сөйлемдердің тиісті қосымшасын жалғап құрастыру.
1. Торғай ағаш қон.
2. Үй қызық кітап көп.


ІІІ топ: «Менің досым» тақырыбына әңгіме жазу.

VІ. « Мақал - сөздің мәйегі» (ауызша)
Мына дөңгелекте бір мақал жазылған. Оны сағат тілінің бағыты бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаң, мақалды табуға болады. Сонда мақалды қай әріптен бастап оқу керек? Ол қандай мақал? Мақалдың жалғасын тауып, мағынасын түсіндір.
І топ. Білек... бірді жығар,
Білім... мыңды жығар.
ІІ топ. Әке....... қарап ұл өсер,
Ана......... қарап қыз өсер.
ІІІ топ. Еңбек....... наны тәтті,
Жалқау....... жаны тәтті.



VІІІ. «Тобықтай түйін»

Өз білімдерін семантикалық карта арқылы аяқтау

Семантикалық карта.

Қосымшалы сөз

Түбір +жұрнақ

Түбір + жалғау

Түбір +жұрнақ +жалғау

Өнерпаздар




Құрылысшы




Балалар




Еңбегі




Қайратты




Қарны





Бағалау. Сандық ішін ашып көрелік.
Сандықтың ішінен шыққан мысық,шар,гүл, күн,5 саны нені білдіреді деп ойлайсыңдар? 
Гүл-өмірлерің гүлдей жайнай берсін дегені.
Шар-мектепте мерекелер көп болсын дегені.
Мысық-барлық жана-жануарға қамқоршы бол дегені.
Күн-көңілдерің күндей ашық,мейірімді бол дегені.
5- бүгінгі сабақта алған бағаларың бұдан да жақсы оқуларыңды тілейді.

Балалар, ал енді тақтаға шығып осы бүгінгі сабақта белсенді болдым дегендер іліңдер.

Үйге тапсырма: Күнделікті ашайық,
Үйге тапсырма жазайық.
Түбір менен қосымшаны
Ажыратып алайық.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
575
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі