400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қайтымды-қайтымсыз реакциялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайтымды-қайтымсыз реакциялар
Материалдың қысқаша нұсқасы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің

«Zhansugurov College»


Оқу сабақтарының жоспары №

Сабақтың тақырыбы:

Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар

Модуль /пән атауы:

Химия

Педагог:

Бигалымова Дана Канатовна

Күні:





Курс, топ





Сабақтың түрі:

Практикалық сабақ

Сабақ мақсаты:

  • Қайтымды және қайтымсыз реакцияларды ажырату;

  • Қайтымды реакция теңдеулеріндегі тепе-теңдік белгісін дұрыс қолдану;

  • Химиялық тепе-теңдік ұғымын түсіндіреді;

Бағалау критерийлері:



  • Реакция түрін дұрыс анықтайды;

  • Қайтымды реакция механизмін түсіндіреді;

  • Тепе-теңдік күйін сипаттайды;

  • Есептер мен тапсырмаларды дұрыс орындайды.

Қажетті ресурстар:

Интерактивті тақта, карточкалар


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Оқытушының әрекеті

Студент

әрекеті

Бағалау

Сабақтың басы

Білу


Студенттермен амандасу, түгендеу

Психологиялық ахуал

«Миға шабуыл» әдісі

Топқа бөлу

Қызығушылықты ояту

  1. Барлық химиялық ракция аяғына дейін жүреді ме?

  2. Жанудың кері процесі бола ма?

Мысал ретінде:

  • Метанның жануы

  • Су булану

Миға шабуыл әдісін жасайды.

Тақырыппен танысады


Сабақ ортасы

Түсіну



Химиялық реакцияның 2 түрі бар:

  • қайтымды

  • қайтымсыз

Қайтымсыз реакция – тек бір бағытта жүреді және әрекеттесуші заттың біреуі толық шығындалады.

Мысалы:

2KClO3→2KCl+3O2↑

Қайтымды реакция – кері және тура бағытта жүреді.

Мысалы: 3H2+N2↔2NH3

Қайтымды реакцияларда (↔) тура және кері реакциялардың химиялық реакция жылдамдықтары теңескенде химиялық тепе-теңдік туындайды.

aA + вВ = сС + dD реакциясы үшін V1= k[A]a[B] b тура реакция

V2= k[C]c [D]d кері реакция

V1= V2; k[A]a[B] b = k[C]c [D]d

aA + вВ = сС + dD - жалпы теңдеу;

V1- тура реакция жылдамдығы; V2- кері реакция жылдамдығы; k1,k2 - тура және кері реакция жылдамдығы тұрақтысы; Kт/т- тепе-теңдік тұрақтысы.

Химиялық тепетеңдік тұрақтысыберілген реакция үшін тұрақты шама болып табылатын, қайтымды реакцияларда түзілген заттардың молярлық концентрацияларының көбейтіндісін реагент заттардың молярлық концентрацияларының көбейтіндісіне қатынасы, мұнда теңдеудегі коэффициенттер концентрацияның дәрежелік көрсеткіші ретінде есептелінеді.



Ле – Шателье принципі

Химиялық тепе-теңдік кезінде реакциялар тоқтамай, тек қарама-қарсы реакциялардың жылдамдықтары ғана теңесетіндіктен оны жылжымалы, динамикалық тепе-теңдік дейміз, жүйенің кез-келген параметрін өзгертсе (P, V, C, T) тепе-теңдік ығысады.

Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы Ле – Шателье принципіне бағынады.

Химиялық тепе-теңдік күйіне келіп тұрған жүйенің жағдайының біреуін өзгерту (P, V, C, T), тепе-теңдікті сол өзгертуге қарсы әрекет туғызатын реакция бағытына қарай ығыстырады.

Концентрация (С) әсері aA + вВ = сС + dD реакциясы үшін

мұнда a, b, c, d – коэффициенттер;

A, B, C, D –реагенттер және өнімдер формулалары

а) А және В реагенттері концентрацияларын арттыру үнемі тепе-теңдікті оңға ығыстырады, ал азайту солға ығыстырады;

б) С және Д өнімдерінің концентрацияларын арттыру үнемі тепе-теңдікті солға ығыстырады, ал азайту оңға ығыстырады

Керекті мәліметтерді түртіп жазып алады.


Қолдану



«Химиялық реакциялар»

4 топқа бөлінеді:
1-топ – Қайтымды
2-топ –
Қайтымсыз
3-топ –
Реакция тепе-теңдігі

4-топ – Динамикалық тепе-теңдік
Әр топ анықмасын және мысалдарын жазады.

Карточкалар арқылы 4 топқа бөлінеді.


Топтық жұмыс орындайды


Бекіту



Тапсырма 1

Реакция түрін анықтаңдар және себебін түсіндір

Тапсырма 2

Тепе-теңдік күйіне әсер ететін факторларды атаңдар (Ле-Шателье принціпін түсіндіреді

Тапсырма 3

Тапсырмаға ауызша жауап береді


Сабақтың соңы

Рефлексия


«3-2-1» әдісі:

  • 3 жаңа ақпарат

  • 2 қызықты ақпарат

  • 1 сұрақ







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.06.2026
9
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі