400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қайың ағашы туралы түсінік.

Материал туралы қысқаша түсінік
қайың ағашы, оның түрлері, табиғи қасиеті мен маңызы; қолданылу мақсаты туралы ақпараттар, қосымша деректер беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қайың ағашы туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: қайың ағашы, оның түрлері, табиғи қасиеті мен маңызы; қолданылу мақсаты туралы ақпараттар, қосымша деректер беру.

2. Дамытушылық: табиғи материал - қайың ағашы туралы түсініктерін кеңейтіп, одан жасалған заттармен таныстыру.

3. Тәрбиелік: табиғи материалдарды ұқыппен пайдалануға баулып, экологиялық мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қайың ағашының түрлерінің суреті, кесіндісі.

Еңбек нысаны: қайың ағашымен танысу.


Сабақтың барысы:

Қайың ағашы туралы түсінік. Қайың ағашы салқын және таулы аймақтарда өседі. Мамандар қайың ағашының сыртқы қабығының түсі мен қара жолақ теңбілдеріне қарап, қай аймақта немесе өлкеде ескенін біледі. Қайыңды арнайы құралмен тіліп, діңгегінің түсі және талшықтарының орналасу бағыты өзгеше болатындығы нақты көрсетіледі.

Қайың ағашының үш тобы болады. Бірінші тобы -қарапайым қайың ағаштары. Ішкі құрылымы - біртекті, тығыздығы - орташа, ал қаттылығы - мықты болып келеді. Иілгіш, арамен көлденең де, тігінен де жеңіл тілінеді. Бұрғымен жақсы тесіледі, желімделеді. Беті зәйтүн майы немесе лак жағуға қолайлы. Екінші тобы - «безді немесе үлпілдек қайың» деп аталатын діңінің бо-
йында
қарадақтары мен бездері көп қайыңдар. Қайыңның бұл түрінің беріктігі мен қаттылығы орташа. Үшінші тобы - Солтүстік теңіз жағасындағы Карелия жерінде өсетін қайың ағашы. Ол «Карелия қайыңы» деген атпен белгілі.
Б
ұл қайыңдардың сыртқы көрінісі басқа қайыңдардан аса ерекшеленбейді, алайда бірінші және екінші топ қайыңдарынан ішкі құрылымы қарақоңыр және ақшыл қоңыр түстілері аралас, бұтақтары безді болатындығымен,
б
ұрала өсетіндігімен ерекшеленеді. Талшықтарының әртүрлі толқынды ырғақпен орналасуы материалға әсем түр береді. Мұндай қайыңнан алынған материал иілгіш келеді, жақсы кесіледі, жарылып үгітілмейді. Құрылыста
паркет материалын жасауға кеңінен қолданылады. Б
ұл топқа «биші қайыңдар» да жатады. Бұл қайыңдар сыртқы көрінісі, материалының ішкі түсі, талшық – тарының көркем орналасуы жағынан керікті материал тобына жатады.

Қайың ағашы түрлі мақсатта: құрылыс материалы; табиғи материал; қайың селінің емдік қасиеті бар әрі ол сусын ретінде, емдік мақсатта пайдаланылады ; (қайыңның майда жапырақты бұтақтарын буып жасайтын «қайың сыпыртқысы» адам денесіндегі жел-құзды емдеуге қолданылады).

Қайың ағашының тоқтық беретін қоректік қасиеті бар. Осы тұста Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Қызылорда қаласының тұрғыны Бекпанов Сейдахметтің естелігінен бір мысал келтірейік: «...Ұлы Отан соғысы жылдары болатын. Жаз айының ортасында Белорусь аумағындағы қалың тоғай ішінде қоршауда қалдық. «Үлкен жерден» келетін тамақ кешікті. Аштықтан жауынгерлердің денесі іси бастады. Не істеу керек? Мен командир болғандықтан, жауынгерлерді аман алып қалу жағын қарастыра бастадым. Жасы үлкен, есті жауынгерлермен кеңесе отырып, тоғайда есіп тұрған қайың ағашының сыртқы қабығын сылып тастап, сөл шығаратын жұқа қабығын пышақпен қырып алып, содан сұйық тамақ пісіріп, қоршаудағы жауынгерлерді аштықтан аман алып қалдық».


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
1331
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі