400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қайырымды қала тұрғындары еңбегінің оқушыларға рухани, адамгершілік тәрбие берудегі маңыздылығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға рухани,адамгершілік тірбие береді деп ойлаймын, және осы жобадан диплом немесе алғыс хат берілсе алдағы уақытта аттестацияға жарамды болса деймін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Отырар ауданы

Қ. Сәтбаев атындағы жалпы орта мектеп










Баяндама



Тақырыбы: «Қайырымды қала тұрғындары еңбегінің оқушыларға рухани, адамгершілік тәрбие берудегі маңыздылығы»


Дайындаған: Ә. Налжанов


















Талапты ауылы

Жоспар


  1. Кіріспе

Әл-Фараби жайында бір ауыз сөз

  1. Негізгі бөлім

Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы

2.1 Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды

2.2 Қаланың басқарушысы туралы

2.3 Қала басшысының қасиеттері туралы

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



































Пікір

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Налжанов Әділеттің «Қайырымды қала тұрғындары еңбегінің оқушыларға рухани, адамгершілік тәрбие берудегі маңыздылығы» тақырыбындағы баяндамасы жаңашылдық түрде әдеби тілде жазылған. Жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың өзектілігі негізделіп, мақсаты мен міндеттері, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар көрсетілген. Зерттеу барысында табылған тың деректік материалдарды бұрынғы дерек көздердегі мәліметтермен салыстыра отырып, талдау мен қорытындылау негізінде зерттеудің нақты міндеті мен мақсаты қойылып, жүйелі түрде жұмыстар жүргізген және зерттеуді мақсат еткен.

































АННОТАЦИЯ


Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы Әл Фараби саяси пікірлерінің бірін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» еңбегінде баяндайды. Бұл еңбегінде, саяси ілім – қайырымды басқару, оны ұйымдастырудың тәсілдері мен қала тұрғындарына қайырымдылық пен игіліктің қалай келетінін, оған қандай жолмен жетуге болатындығы жайлы пікір бөліседі. Адамдар өздерінің санасынан тыс қалыптасатын материалдық игіліктерді өндіруде әр түрлі топтарға, қауымдастықтарға біріккені белгілі. Осындай ұйымдастырушылықтың бірі – толық, екіншісі –толымсыз қоғам деп аталады. Өз ретінде толық қоғам үлкен, орта, кіші болып бөлінеді.
Үлкен қоғам – жер бетіндегі мекендеуші барлық адамдардың жиынтығы. Орта қоғамға белгілі бір халық, тайпалар бірігеді. Ал, кіші қоғам – шағын қоғамға жекелеген қалалардың тұрғындары, ондағы көшелер мен отбасы мүшелері жатады. Ғұлама қайырымды және қайырымсыз қала тұрғандарына талдау жасап, ондағы жекелеген топтардың әлеуметтік жағдайын, айналысатын кәсібін, тұрмыс-салтын, өмір сүру ерекшеліктері мен құндылықтарын көрсетуге ұмтылды.
«Адамдар, бақытты болуы үшін бір-біріне көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала-ізгі қала. Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғам да ізгі қоғам болады. Қалалардың бәрі бақытқа жету жолында біріне-бірі көмектесіп тұратын халық ізгі халық. Сол сияқты халықтардың бәрі бақытқа ұмтылып, біріне-бірі көмектесіп отырса, бүкіл жер жүзі ізгі болар еді» - деді Әл Фараби. Ол қала тұрғындарының бақытты өмірге қол жеткізуі жоғарғы, қайырымды билік өнеріне де тікелей қатысты деп ой түйеді. Қайырымды қала билеушілері өз жұрты, тұрғындары үшін қызмет етеді. Қайырымды қала тұрғындарының ғана мүмкіндігі, құқығы бар «бақыт дегеніміз игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені». Сондықтан қайырымды билеушілер билеген қала тұрғындары ғана бақытқа жете алатыны айтылады. Ғұлама қайырымды қалалармен бірге надан, бұзылған, сараң, қайырымсыз қалалардың болатынын ескертеді. Сонымен қатар, «қайырымды қала» тұрғындары пайдаланатын игіліктерге ғылым негіздерін меңгеру, әділдікке ұмтылу, әртүрлі әлеуметтік топтардың бір-бірімен тату өмір сүруін т.б. жатқызады.
Әл Фарабидің ойынша, адам өз өмірінің қожасы, сондықтан ол өз бақытын өзі жасауы және қиындықтардан қашпауы керек.


АННОТАЦИЯ


О добрых взглядах городских жителей Сила докладывает"О добрых взглядах городских жителей" политическихмнений Фараби первое в труде. этот труд, я политическийучение добрый управляю, объединяюсь способ игородской житель  милосердие и благополучие какприхожу, я какой дорожный достигаю есть ғы удобныймнение делюсь. Материальное благополучие, котороесознание формируется, люди, на производитьразному группировал, ассоциациям соединился, известны. Пополнись такой организатор первое, называется говорить общество второй. Само наразе полное общество большое, середина, меньше бы в разделится.


ANNOTATION

The Force reports on the good views of urban residents "On the good views of urban residents" of Farabi's political opinions is the first in his work. this work, I manage good political studies, I unite the way and the city dweller mercy and well-being as I come, what road I reach is There is a convenient opinion I share. Material well-being, which consciousness is formed, people, to produce differently grouped, united associations, known. Replenish such an organizer of the first, it is called speaking society second. By itself, a complete society is large, the middle would be less divided into.


Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы

1.Әл-Фараби жайында бір ауыз сөз


Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған ғұлама ғалым өзіміздің Сырдың Арысқа құяр сағасындағы бір кездерде Фараб делінген аймақтың Васидж қаласында 870 жылдар шамасында “тархан” атты бар ауқатты түріктер отбасында дүниеге келген. Кейін есейген шамасында, ал кейбір деректерде жасөспірім кезінде Фараб аймағынан білім іздеп кеткен деседі. Ол араб халифатына тиесілі көптеген қалаларда: Бағдат, Харран, Каир, Дамаск, Алеппо, Шам, Александрияда болып қайтқан. Бағдатқа келген кезінде ол түркі тілдерін жақсы білмеген,араб тілін білмеген дейді, бірақ өте аз уақыт ішінде араб тілімен қоса көптеген тілдерді жақсы үйреніп алған дейді. Жалпы өмір бойы тіл үйренуге ерекше көңіл бөліп отырған, және өмір соңында 70- ке жуық тіл білген. Әл -Фараби осында логиканы және басқа ғылымдарды үйрене бастаған, және Абу-Бишр Матта бен - Йунис атты атақты философ.Аристотел еңбектерінің коментаторының оқушысы болады. [4]

Көп ұзамай Әл -Фараби де атақты философ болып шыға келеді. Көп еңбек етеді,мысалы Аристотельдің “Жан туралы” атты еңбегінің көшірмесі сыртына “Мен бұл еңбекті 200 рет оқып шықтым” деп жазып қойған екен, оның қаншалықты талмай еңбек еткенін осыдан ақ байқауға болады.Одан бір күні “Кім көп біледі сенбе? Әлде Аристотель ме? деп сұрағанда ол “Егер мен оның заманында болсам, онда оның ең жақсы оқушыларының бірі болушы едім” деп Аристотельді қаншалықты пір ететінін айтқан екен. Фараби Бағдатта “Ғылымдар классификациясы”, “Азаматтық саясат”, “Музыканың үлкен кітабы” секілді көптеген еңбектерін жазып қалдырған. Бірақ уақыт өте келе оның философиядағы рационалдық ойлау бағыты мұсылман діншілдеріне ұнамай бастады, сөйтіп ол Бағдаттан кетуге мәжбүр болған. Ал өмірінің соңғы жылдарын Дамаскта Сэйф ад -Даул атты хакімнің қол астында өткіген екен.Сөйтіп жүріп ол “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы” атты трактатын жазып кеткен, оның бір ерекшелігі онда ол осыған дейін жыйған білімдерінің барлығы қорытындыланып кеткен деседі. Келесі талқылаулар сол жөнінде болмақ.[9]

Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы

2.1Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды


Әл-Фараби трактатында былай дейді: Адам толығымен дамып жетілуші үшін ол көптеген нәрселерден тәуелді. Себебі ол барлық қажет нәрселерді жалғыз өзі жасай алмайды, әрі қол жеткізе алмайды дейді. Сондықтан адам өзінен басқа адамдардың қоғамдастығында өмір сүруі керек, және сонда ғана ол толық жетіліп, бақытқа қол жеткізе алады дейді. Бірақ ол басқа адамдарға қатысты да қоғамдастықтың құраушысы болып табылады, және басқалардың жоғын тауып беруші болып келеді дейді. Осылайша қоғамдастықтың әрбір мүшесінің іс-әрекеті оның әрбір мүшесіне қажетті нәрселердің барлығын тауып береді дейді. Жалпы адам қоғамдастығын ғалым екі түрге бөліп көрсетеді; толық және толық емес. Толық қоғамдастықтың өзін ол үш түрге бөледі: үлкен, орташа,кіші.Үлкен қоғамдастық деп ол бүкіл жерді мекенедеуші барлық адамдардың жалпы қоғамдастығы деп көрсетеді. Ал орташа қоғамдастық дегеніміз белгілі бір халық ретіндегі қоғам дейді, кіші қоғамдастықты ол белгілі бір қала ретінде көрсетеді. Толық емес қоғамдастыққа келсек Фараби оларды төртке бөліп көрсеткен. Олар квартал,көше, үй және ауыл. Соңғысы қала құрамына кірмегенімен ол қалаға қызмет көрсетуші толық емес қоғам болып табылады. [13]

Жоғары деңгейдегі даму мен игілікке адам ең бірінші ретте ең кіші дегенде қалада ғана қол жеткізе алады деп көрсетіледі. Кез келген нәрсеге шың көңіл білдіріп, шынайы таңдау жасап талаптанып жетуге болатындықтан кез -келген қалада бақытқа қол жеткізуге болады дейді. Әрбір тұрғыны бақытқа жету жолында бір біріне көмектесетін қала қайырымды қала деп түсіндіріледі. Және сол секілді қайырымды қоғам, қайырымды халық та болады дейді.


Қайырымды қала дейді Әл-Фараби сау әрі мінсіз адам денесіне ұқсас дейді. Себебі оның әрбір мүшесі денсаулықты сақтау үшін бір біріне көмектесіп өмір сүреді. Бірақ адам денесіндегі органдар бір бірінен табиғаты атқаратын қызметіне байланысты айырмашылық жасайтындығы секілді қала тұрғындары да өздерінің қызметі мен қоғамдағы орны бойынша айырмашылық жасайды дейді. Қалада бір басшы болады дейді, ол өзінен бір саты төмендегілерден белгілі бір істің атқарылғанын талап етеді, ал талап етілгендер өз кезегінде өздерінен кейінгілерден талап етеді, осылайша ең төменгі ешкімнен талап ете алмайтын сатылардағыларға да жетеді дейді.[15]


2.2 Қаланың басқарушысы туралы


Адам денесінің бас мүшесі яғни жүрегі ең жетілген және ешкіммен басқарылмайтын,ең жоғары сатыдағы органы болып табылатыны секілді қала басшысы да ең жетілген,ең дамыған, бәрінен жоғары тұратын мүше болып табылады. Адам жүрегі басқа органдардың бірігуінің, яғни адам денесінің бар болуының себебі, қалған органдардың белгілі тәртіппен орналасып жұмыс істеуінің ұйытқысы. Дәл осы сияқты қала басшысы да қаланың бар болуының, адамдардың оның маңайына топтасуының себебі, олардың белгілі сатымен үйлесімді түрде іс атқаруының ұйытқысы. Жүрек денеде орын алған кез келген орынсыздықтың барлығы жойып отыратыны секілді, басшы да қалада орын алған әрбір келеңсіздіктерді жойып отыруы керек.

Дене мүшелері жүрекке жақын орналасқандарынан бастап жоғары істерді атқарады, да ал одан бір саты орналасқандары жоғарыда орналасқандардан қарағанда төменірек іс атқарады.Сөйтіп ең төменгі іс атқаратындарға дейін жалғаса береді. Олардың істерінің төмендігі не олардың өызмет жасау обьектерінің өзгермейтіндігімен, не олардың қызметтерінің қарапайымдылығымен, оңайлығымен немесе маңызды болмағандығымен түсіндіріледі. Сол секілді қала қоғамыда оның мүшелері осындай сатылармен атқаратын қызметтеріне қарай орналасқан. Дәл сондай сатылану барлық заттарға тән дейді. Бастапқы себептің басқа нәрселерге деген қатынасы да қала басшысының қаланың басқа мүшелеріне деген қатынасы секілді. Метериядан тәуелсіз заттардың барлығы бастапқы себепке жақын орналасқан. Одан төмен сатыда жұлдыздар орналасқан, ал олардың төменгі сатыда материалды денелер орналасқан. Осы аталған нәрселердің барлығы бастапқы себеп артынан ереді, әр нәрсе өзінің күшіне орай оған ұқсауға тырысады,бірақ олардың әрқайсысы өз жағдайына қарай ұмтылады, яғни ең төмендегілер өзінен бір саты жоғары тұрғандарға қарай ұмтылады, осылайша жалғаса отырып ең жоғарғы тұрғандарға дейін барады. Ең басынан жоғары орындарды алғандар Бастапқы Себептің мақсаты мен оған еліктеу үшін сол орынды алған, ал орын алмағандар сол мақсатқа қарай жылжу үшін талпыну үшін күш пен қайратқа ие болған. Міне дәл осылай қала басшысы мақсаты артынан басқалар өз сатыларына қарай ұмтылуы керек. [16]


Қала басында кез келген адам тұра алмайды. Ондай адам қаланы басқаруы үшін екі шарт орындалуы қажет. Біріншісі ол қаланы басқаруға дайын болуы керек.Екіншісі басқаруға мүмкіндіктері мен жағдайы келуі керек.Оның өнері де басқалардың өнерінен жоғары тұруы керек, ол өнер ештеңе үшін қызмет ептпейді,не басқалар оны қолданатын өнер түрі де емес дейді.ол оған басқа өнерлердің барлығы бағынатын өнер,ол үшін басқа өнерлер қызмет жасайтын өнер болуы керек деп тұжырымдайды.Қала басшысы осы өнерді біле тұра,өзі ең жетілген, бақытқа жетудің барлық жолдарын білетін адам дейді.


2.3 Қала басшысының қасиеттері туралы


Ол адам еш адамның қол астында болмайды.Ол- имам.Ондай адам болып тек қана өзінде он екі тума қасиетті біріктірген адам бола алады. Біріншіден,ол адам сау әрі мінсіз дене мүшелері болуы керек.Себебі ол осы органдардың көмегімен керек болған кезде барлық қажет іс-әрекеттердіоңай атқара алуы керек.Екіншіден табиғатынан ұғымтал әрі көз алдына ұққан нәрсесін елестете алатын болуы керек. Өзіне айтылған заттарды ой елегінен өткізіп, айтушы айтып тұрған нәрсе мен айтылғаннәрсенің шын мәнінде қалай болып жатқанын ұғатындай болуы керек. Үшіншіден, есінде барлық айтылған,көрген,естіген,сезген нәрселерді жақсы сақтай алуы керек.[20]

Сонымен қатаресту,көру,сезу қабілеттері өте жақсы дамыған болуы керек. Төртіншіден, кез келген заттың белгісін көргенде не істеп, не көргенде ол заттың не екенін бірден білетіндей, ақылы мен білімі жоғары болуы керек. Біріншіден, білімге, білуге деген ұмтылысы жоғары болуы керек.Сол жолда туындайтын қиындықтар мен еңбектен шарщамау керек. Алтыншыдан, кез- келген құмарлықтан бойын т алыс ұстауы керек,олар: тамақ, ішімдік,құмар ойындары және т,б. Жетіншіден, ақиқат пен сол жақтағылардың жақтасы болуы керек, шындықты сүюі керек. Жалған мен өтірік айтушыларды жек көруі керек. Сегізіншіден, әділдік пен әділдік жақтағылардың жақтасы, әділетсіздік пен әділсіздерді жек көруі керек. Тоғызыншыдан, ар намысы жоғары болуы керек, яғни төмен дәрежедегі іс қылықтардан жоғары тұруы керек. Оныншыдан дирхем, динар секілді күнделікті жалған өмірдің атрибуттарынан өзін таза ұстауы керек. Он біріншіден, табанды, ұстамды әрі қорқу дегенді білмейтін, батыл қайратты адам болуы керек. Он екіншіден, өз ойлаған нәрсесін көркем, ұғынықты түрде айтып жеткізе алуы керек.


Бір адам бойында мұндай он екі қасиеттің бірігіп келу өте сирек кездесетін құбьылыс. Сондықтан Әл-Фараби ондай адам табылмай қалған кездегі жағдайларды қарастырып кеткен. Ол былай дейді егер ондай адам табылмаса онда қала басқаруға, табиғатынан бастапқы алты,ал өсе келе қалған алты қасиетке ие болған, әрі ойлау қабілетиі жөнінен алдына жан салмаған адам бола алады. Егер олай болмаған кезде онда келесі қасиеттерге ие адам қала басшысы бола алады. Бірінші -дана, ақылды болуы керек. Екінші-заңдар мен салттарды, әдет ғұрыптарды есінде жақсы сақтай алуы керек.Үшінші-өзіне дейін кейбір заңдар жетпесе онда оларды қалпына келтіруде ойлампаздық таныта алуы керек. Төртінші- көрегендік пен ақылгөйлік таныта білу. Бесінші -өз сөздерімен халықты артынан ерте алуы керек, басқа сөбен айтқанда халықты сөбен иландыра алуы керек. Алтыншы-дене күші жоғары болуы керек,әсіресе әскери өнерді жақсы меңгеру керек.[23]


Егер осы қасиеттер бөлініп таралған бірнеше адам бар болса онда оларға, өз ара келіскен жағдайда, бірігіп басқаруға болады. Бірақ олардың арасында дана, ақылгөйі жоқ болса онда қала басқаруға рұқсат етілмейді. Онда қала басқарушысыз қалады, яғни құруға, құлауға бел байлады деген сөз дейді.


Қорытынды

Біз осы еңбектен Әл-Фарабидің идеалды қоғам жасауға ұсынысын көреміз. Ол қоғамда әрбәр өнер түрі, әрбір білім ғылым қажет болады. Ал ондай қоғам басшысы тіптен ең жетілген,ең жоғары тұрған адам болуы керек. Ондай адам өнерлердің ең жоғарғысын игерген, ең батыл, ең данышпан, ең ақылды, ең білімді т.б адам болуы керек. Ол басқаратын қоғам идеалды адам денесі іспеттес үйлесімді түрде қызмет етеін, әрқайсысы өз орнын білетін мүшелерден тұрады. Біздің ойымызша Әл-Фарабидің бұл еңбекті жазудағы басты мақсаты адамдарға идеалды қоғамға, яғни бақытқа қалай жетуге болатынын, және ең бастысы сол жолда барлық адам жеткен ғалымдардың, оның өнерлері мен мүмкіндіктерінің қаншалықты маңызды екенін көрсету деп түйеміз. Сондықтан ол трактатты материя мен формадан бастап, барлық бағытта мағлұмат бере отырып бақыт пен өнер категорияларынан аяқтаған. Себебі ол осының барлығын бір жүйеге, бір ұғымға біріктіруге тырысқан деп ойлаймыз. Сөйтіп ол барлық нәрсенің бірімен тығыз байланысты екенін, және адам қоғамы да Бастапқы Себеп жаратқан жүйелер секілді,яғни адам денесі сияқты, құрылуы керек,ал оны құраушы мүшелердің әрбірінің өзара қатынасы мен әрбірінің қызметі үйлескен болуы керек.Сөйтіп біз сөз соңында Әл-Фараби осы трактатында қазір өзіміз сонша керек қылып жүрген өмір философиясын жасауға тырысқан деп айтқымыз келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі!

1. Қазақстан тарихы. 5 томдық-ІІ том. Асылбеков М.Х., 3бет Алдажұманов Қ.С., Байпақов Қ.М., Қозыбаев М.Қ., т.б. ред. Алматы, 1998. 28 бет

2.Сәйден Жолдасбайұлы. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. А,1995 39 бет

3.Нуртазина Н.Д., Хасанаева Л.М. Түркілердің исламдануының тарихи алғышарттары. А.2011 48-59бб

4.Қазақстан тарихы ғылыми порталы. 139бет

5.Қазақстан Google Wikipedia сайыты.42 бет

6.Орта ғасырдағы мәдениеті және ғылымның даму алғышарттары 127бет








































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 мамыр
635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі