Материалдар / Қайырымдылық - адамгершілік белгісі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қайырымдылық - адамгершілік белгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп ұстаздарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2019
369
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қайырымдылық –адамгершілік белгісі №65 орта мектебінде 10 қаңтар- 10 ақпан аралығында республиканың барлық аймақтарында өтіп жатқан «Қамқорлық» акциясы «Қайырымдылық –адамгершілік белгісі» тақырыбында өткізілуде. Акцияның негізгі мақсаты-тұрмысы төмен отбасы балаларына әлеуметтік қолдау көрсету, киім кемшек, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік себептермен сабаққа қатыспай жүрген оқушыларды анықтау, қол ұшын беру. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің» дегендей №65 орта мектептің директоры Жұмабай Мирманов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаннұр Айжігітова, әлеуметтік педагог Нұргүл Айжігітова, «Шуақ» бірлестігінің жетекшісі Ажар Нысанбаева акцияны ұйымдастырып және ұстаздар қауымы жұмыла атсалысып, игі шараға қолдау көрсетті. Акция барысында мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылды. Ауылдағы кәсіпкерлерге үндеу хаттар таратылды. Акция аясында «Біз бақытты баламыз» тақырыбында оқушыларға бақытты балалық шақты бейнелейтін суреттер салғызылды. Суреттерінен көрме ұйымдастырылды. Әлеуметтік педагог Нұргүл Айжігітова аз қамтылған отбасындан шыққан оқушыларды татулыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу мақсатында «Өміршеңдік» ережесін айтып, «Бәрі менің қолымда» атты тренинг өткізді. Демеушілерді, кәсіпкерлерді тарта отырып, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, қорғаншы тағайындалған балаларға «Қайырымдылық- адамгершілік белгісі» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Демеушілер марапатталды. Қамқоршылық акциясы негізінде демеушілер кәсіпкерлер тарапынан оқушыға бас киім, куртка, жемпір, қолғап, оқу құралдары табыс етілді. Өздері сұраныс жасаған барлық киімдермен қамтамасыз етілді.«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей жақсылық жасап, болашағымыз оқушылардың жанын жадыратуға себепші болған ұстаздарға, кәсіпкерлер Б.Тынаев, З.Есжігітова, Р.Қарақұлов, Н.Нұрмаханов , Якудаева Б, А.Әділов секілді азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Осындай жақсы істер мектебімізде әлі де жалғасын таба береді. Қамқоршылық акциясы аясында 50 000 теңгеге сыйлық жасалды.Үлкен жүректі, мейірімді жандарға айтар алғысымыз шексіз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!