Материалдар / Қайырымдылық акциясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қайырымдылық акциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
қайырымдылық айлығына шақыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2020
2237
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі»


«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тәуелсізді баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парызымыз» деп айтқандай жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Жақсылық жасау – адамгершіліктің, имандылықтың тәрбиеліктің, парасаттылықтың көрінісі болып саналады.

Ұлы Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінсек, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді» деген екен.

Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, жағдайы төмен, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы.

Адам баласы бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты ұранмен өзіміздің жерлестерімізді 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қайырымдылық» акциясына қатысып, жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларына қол ұштарыңызды созып, демеушілер іздестіріліп, материалдық көмек көрсетулеріңізді сұраймыз.

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігіне сенеміз. Олай болса, мектебіміздегі жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсетеміз деген демеушілерге мектеп ұжымы атынан үлкен ризашылығымызды білдіреміз!



«Өзен жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің

тәрбие ісінің меңгерушісі

Ахметжанова Замзагуль Талгатовна

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!