Материалдар / Қайырымдылық ісіңнен көрінеді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қайырымдылық ісіңнен көрінеді

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі қайырымдылық концертінің сценарийі. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына және аға тәлімгерге керекті сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2018
1058
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жақсы істерді бірге жасайық» қайырымдылық концерті

Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қауым!

Жүргізуші:Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары!

Жүргізуші:Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Жүргізуші:Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарға қолдау көрсетуге арналған «Жақсы істерді бірге жасайық » атты қайырымдылық концертіне қош келдіңіздер!

Жүргізші:
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
Мына өмір бірақ та қымбат әлі.

Жүргізуші: Қонақбаева Аружан мен Кульчыкова Мерейалсудың орындауында «Перзент парызы» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Мен, сәбимін бейбітшілік тілейтін бар ғаламға.
Мен, баламын қамқор болар ата - анаға.
Мен, доспын достық туын көкке ұстар.
Мен, баламын болашақта елін қорғар.
Мен, адаммын осының бәрін ұғар.
Мен, қазақпын жақсылыққа жаны құмар.

Бар байлығымыз һәм бақытымыз – бала. Өмірдің гүлі де солар. Ұрпақ өсір, мәпеле, аяла. Өйткені бақытымыздың баяндылығы да балалармен өлшенбек.
Ортаға Қуандықова Элонураны «Қайырымдылық» өлеңімен шақырамыз.
Жүргізуші:

Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
«Жас ұлан» мектеп комитетін «Алға» биімен шақырамыз.

Жүргізуші: Мейірімді ізде таза - аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірімділікті сіңірген адам бойына,
Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен.

Жүргізуші:

Өмір деген тәтті екен әрқашан да,                                              

Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.                                              

Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,                                              

Күресуге үйренем шаршасам да.

Ибрай Гүлнар мен Фазылханова Жасминды Әсем әнмен шақырамыз.
Жүргізуші:

Анашым…
Іздеумен келем, іздеумен өтем өзіңді,
Естігім келет бір ауыз жылы сөзіңді.
Жас жаныма серік етіп келемін
Таусылмайтын сабыр менен төзімді.

Таспаева Айнура «Жетімнің монологы» қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

Мейірімділік - ғажайып өмір есігі,
Мейіріммен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.
Өмірдің ащы дәмін ерте татқан бүлдіршіндерімізге, өмірдің сынағына түскен әрбір жанға әрқашанда қолдау көрсетіп жүрейік ағайын.

Ортаға Қайырбекова Томиристі «Кішкентай ханзада» биімен шақырамыз.

Жүргізуші: Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған әр адамға алғысымыз шексіз.

(Видеоролик)
Жүргізуші:
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір деген тұрмайды: Қап - қарадан.
Өмір деген тұрады: Ақ – Қарадан,
Ақ – Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
Жүргізуші: Өмір деген тәтті екен әрқашан да,
Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.
Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,
Күресуге үйренем шаршасам да.
Бала жүрек риза жаратқанға,
Жарқыраймын әр күні таң атқанда.
Қиындыққа мойымай қарсы тұрып,
Мен өмірді сүйемін әрқашан да.


Ортаға «Жас ұлан» комитеті мүшелерін « Жить» әнімен шақырамыз.

Жүргізуші: Кішкентай досым! Жұдырықтай жүрегіңдегі арманың әлі іске асуы қажет! Ешқашан мойыма! Біз сенімен біргеміз!

«Біз біргеміз» Жас ұлан комитетінің биі

Жүргізуші:
Шерменде болған жүрекке, жылулық сәулесін шашқан, балаларға қол ұшын береміз деген ыстық ықыластарыңыздан бақ, ойларыңыздан саналы сезім, мұқтаж жандарға қамқорлығын аямаған сіздердей азаматтарға алланың нұры жаусын демекпіз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!