400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала

Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі

«Адам баласы өзінің  жан  дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне біліу қасиеттерімен нығайтып,  шынайы өмір   сүре білу керек»

Сара  Алпысқызы Назарбаева


Адамға шынайы бақытқа, өмірлік қанағаттану мен ішкі тыныштыққа жетуге мүмкіндігін беретін заман талабына сай ұйымдастырылып отырған үш айлық деңгейлік курсқа үйренсем,білсем екен деген оймен барып, біліммен сусынданып, қоржыныма баға жетпес тәжірибе жинақтадым.

Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып табылады. «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үрдісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге екпін беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлға, ең алдымен «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек  жалпы адамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті.

Осы курста қойылған мақсат, міндеттерді орындауда тәжірибе өткізілуге міндеттелген, құндылықтар практикасы кезеңі кезінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының түйінді идеяларының аспектісінде, сабақтан тыс іс-әрекет жобасының жоспарын әзірлеуі және жүзеге асыруы тиіс болатын. Мен осы жобаны жүзеге асыруда «Жүректен - жүрекке» қамқорлық акциясын өткізуді жоспарладым.
Акцияның басты мақсаты қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсыну. Ол күнкөрісі төмен, көпбалалы және жағдайы жоқ отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тек материалдық қана емес, рухани қолдау көрсетуді көздейді. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдер ұжымының біртұтас тілектестік, сыйластық, жанашырлық, қамқорлық сезімдерін оятып, бір-біріне көмек көрсету, құрметтеу белсенділігін арттырады.
Жетісу орта мектебінің директоры бастаған ұстаздар ұжымы мен белсенді оқушылары қайырымдылық бастауына сүйіспеншіліктерін білдіріп, аталмыш жоба аясында қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді. Кез-келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйлауы мүмкін, ал біреулері қиын сәтте көмек жасайды. Өзім, жүректен шыққан жылуымды, демеуші ретінде көрсеткен көмегімді, адамгершілік борышым деп білемін. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Әркез жүрегіміз кең, ниетіміз таза, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық ағайын!!!


Жетісу орта мектебінің педагог -психологі, өзін -өзі тану пәнінің мұғалімі:

Имангазиева Салтанат Айдархановна




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2021
537
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі