«Мортық орта мектебі»
КММ
Мерекелік
кеш
Тақырыбы: «Қайырымдылық
жақсы іс»
Ұйымдастырушы : « Өзін-өзі
тану» пәнінің мұғалімі Шарипова С.У.
Жүргізушілер:Шарипова
С.У.,Жексембаева С.Т.
1-жүргізуші:Салеметсіздерме құрметті
қонақтар,оқушылар,ұстаздар!Бұгінгі кеш «Бөбек Үлттық ғылыми –
практикалық білім беру және сауықтыру орталығының 20 жылдық
мерейтоына арналған, сондықтан «Қайырымдылық-жақсы іс» атты
мерекелік і шара қош келдініздер !
Гимн
айтылады.
1-жүгізуші: Алғашкы сөзді мектеп
диреторының тәрбие жөніндегі орынбасары Байгонов
С.С.беріледі.
2-
жүргізуші:Бүгін Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы,
Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы
білім беру саласының құрметті қызметкері
Сара Алпысқызы Назарбаеваның
"Бөбек" қайырымдылық қорын
қалап және басқарып отырған мекемесіне 20
жыл. Сара Алпысқызы тек қана үлгілі
жар, аяулы ана емес, еліне еңбегі сіңген қоғам қайраткері.
Құрылған ұйым қызметінің басты
бағыттары мен мақсаты: ол ана мен баланы
қорғау, нәрестелер мен балалар үйлерін қамқорлыққа алу, мектептерді
қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету, тұрмыс дәрежесі төмен
отбасынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсету, балалар
денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу. Сара Алпысқызы жетім
балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып, елімізде
тұңғыш "SOS Киндердорф" балалар ауылының өмірге
келуіне мұрындық болды. Сондай-ақ, Қазақстанда алғашқы
болып жетім балаларды қорғайтын заң (Отбасылық үлгідегі балалар
ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы) шығару бастамасын
көтерді.
1-жүргізуші:Сара Алпысқызы Назарбаеваның
бастамасың жалғастыра отырып
біз де өз мектебімізде «Өзін-өзі тану » сабақтарын өткізіп
балалардың бойына адамгершілік құндылықтарын сініртуге
тырысамыз.
Мектеп – білім ошағы, тәрбие
ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік
мұраттардың ең құндысы рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің түп тамыры тереңде
жатыр.
«Өзін-өзі тану» пәні халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани
мұраларынан, тағылымдық ой толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі
таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, өзін-өзі
тәрбиелеуге, өмірден өз орнын дұрыс таба білуге ұмтылады. Пәннің де
әр тарауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойына жалпы адамзаттық
рухани – адамгершілік бес құндылықтардың қайнарын сіңіріп, өзіндік
ерекшелігімен балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал
етеді.
2-жургізуші:
Кешімізді жалғастыра отырып
ортаға өз тақпақтарымен мектеп оқушыларын
шақырамыз!
1.оқушы
Өзіңді тану – ғаламды
тану,
Жақсы менен жаманды
тану.
Өзіңді - өзің талқыға
салып,
Адал менен арамды
тану.
2.оқушы
Қателігіңді түсіне
білу,
Дұрыс жүріп, күтіне
білу.
Үлкенді сыйлап, кішіні
сүю,
Күлетін жерде жөнімен
күлу.
3.оқушы:
Сабақты оқып, тәртіпті
болу,
Білімді жинап, дүниені
шолу.
Өзіңді өзің тану
дегенің,
Өз бойындағы мініңді
жою.
Алғыс айтам, мен Сара
апама
Бүлдіршінге бақыт
сыйлап, жыр сепкен.
Бал-бөбектер анасы,
данасы,
Жүректерге махабатпен
нұр төккен.
4-
оқушы:
Жақсы адам боп өссін
деп,
Шығарған өзің
тануды.
Сара апама мың
алғыс,
Жолдаймыз салем
жалынды.
Үмітіңді ақтаймыз,
Үйреніп өнер,
білімді.
Ар-ұятты да
сақтаймыз,
Жолатпай жаман
қылықты.
5-оқушы:
Оқушының білімін де
сынайды.
Бірін-бірі ізгілікке
үйретіп,
Зерделеп, сыпайы сөз
құрайды.
Оқушылар өзін-өзі
таниды,
Бойымызға тек ізгілік
дариды.
6-оқушы:
Өмірге қызыға
қарайсың,
Бәрін де бақытты
санайсың.
Бұл пәнді үйренсең
ерінбей,
Бойыңнан керемет
байқайсың.
7-оқушы:
Кім үлкенді
сыйласа,
Кім үлкенді
тыңдаса
Үлкен болған
кезінде
Сыйлы болмақ өзі
де.
Үлкен алдында иіліп
сөйле,
Кіші алдында сызылып
сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің
бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзі
үзілмейді.
8-оқушы:
Тәртіпті бала
сүйеніш,
Төбең бір көкке
жетеді.
Ұрыншақ бала
жанында,
Ұрыс пен керіс айқай
шу.
Ұстамды бала
маңынан,
Ұнамды қылық
байқайсың.
9-оқушы:
Сыйла үлкен
кісіні
Қамқорлыққа ал
кішіні.
Сақтап көше
тәртібін,
Бағдаршамның ал
тілін.
Әдет қыл бұл
ісіңді,
Тазалап жүр
тісіңді.
10-оқушы:
Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы
мейірім,
Мен үшін жоқ
уағың,
Бәріңе ортақ шуағым.
Жер шарының ұл-қызын
Жылытуға
жетер қызуым
11-оқушы:
Сыйлап сәлем
беремін
Көршілерді
көргенде.
Ізетпен бас
иемін,
Үйге қонақ
келгенде.
Әдепсіз деп
сөкпесін,
Анама айтып
өкпесін.
12-оқушы:
Құрметтеп
ата-анамды,
Ардақтап әпке,
ағамды,
Қамқор боп
сіңлі-ініме,
Сыйлымын
үлкен-кішіге
Бәрін де жақсы
көремін,
Үнемі көмек
беремін.
Үлкенді сыйлау
–кішілік,
Үлгілі
мінез-кісілік.
1-Жүргізуші:
Сара
Назарбаева "Өмір
әдебі" туралы
кітабында: "Мен бала күнімде шамадан тыс
қарапайым жасқаншақ болдым. Өзім білетін құрбыларымның барлығы
да менен ақылдырақ, маңыздырақ сияқты көрінетін. Актриса
болуды армандап, өзімнің балалық ақылыммен: «Қайдағы,
бұл таңдаулылардың ғана ісі ғой» деп пайымдадым. Бақытыма
қарай жас келген сайын «Балақайдың» арқасында бойымдағы
бұйығылықтан біртіндеп арыла бастадым. Рас, актриса бола
қойған жоқпын. Бірақ өмірімді бұрмаламай көрсететін бір
қарапайым ақиқатты түсіндім. Ал нақтырақ алатын болсақ,
адамдарды бір-бірінен ажыратуға болатын басты айырмашылық жан
дүниесі мен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру қабілетін
айқындайтын олардың санасының даму деңгейі
екен", - деп Сара апамыз жазған
болатын.
Келесі ортаға өз билерымен
1 сынып оқушыларын шақырамыз.
2-жүргізуш: «Өзін-өзі тану» пәнінің
балаларға, ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл
адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын
оятып, бір-біріне деген қарым – қатынастарын жақсартып,
өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан
дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп
отыр.
Ортаға 2 сынып оқушыларын
шакырамыз!
І
жүргізуші:
Өмір деген – қымбат екен
достарым,
Өмір –менің жарқылдайтын
аспаным.
Өмір – менің сарқылмайтын
дастаным,
Келесі сөзді 5 сынып
оқушысыларына береміз
Көрініс
«Өмір»
Немересі:
Ата, адамдар неліктен жасы
ұлғайғанда ғана өмірді түсіне
бастайды?
Атасы:
Өмірді түсіну адамның жасына
байланысты емес, балам. Адам бала күнінен
бастап, өмірдің сан алуан құпияларын тануға құштар болса,
өзінің жан дүниесіне үңіле білсе, дұрыс шешімдерді қабылдауға
үйренсе, өмірді түсініп тани біледі.
Немересі:
Иә,
адам өзі дұрыс деп ойлаған шешімді қабылдайды. Бірақ ол өзінің
қателескенін кейін білетін кездері болады.
Атасы:
Барлық адам қателеседі. Ал ақылды адам өз қатесін
түсініп, қорытынды жасайды.
Әңгіме қателік жасауда емес, одан сабақ алып,
уақытында түзей білуде.
Немересі:
Меніңше өмірде бәрі жақсы болса, ешнарсеге
қиналмауға болады. Кейде адам қиын жағдайға тап болып, қандай шешім
қабылдау қажет екенін білмей дал болады.
Неге?
Атасы:
Өмірдің ащысы да, тұщысы да болады. Адамның
мықтылығы кез-келген қиындықты мойымай көтеріп, жеңе
білуінде.
Немересі:
Өмірді танудың және жақсы өмір сүрудің қандай
жолы бар?
Атасы:
Өмір сүрудің түрлі жолы бар, тек таңдау жасау өз
қолыңда.
Оны
таңдау үшін өзіңді, өзгені, өмірді таны. Жақсы мен жаманды анықтап
бағасын бер. Өзіңе, өмірге, болашағыңа сенімді бол. Сөзіңе ісің сай
болсын!
2
–жүргізуші: Жақсы сөз- жарым ырыс дегенді
әрқашан умытпа. Ізгілік әсемдігін меңгерген адам әрқашан да
ар-ұяттың,әділдік пен жақсылықтың қамқоршысы болады.Өмірдегі азғын
да арыз,бұзық та жексұрын адамдарға қарағанда,жақсылық жаршысы бола
білген адамдар халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп,өзгенің құрметінк
және сыйына ие болады.
3 сынып оқушыларын
қарсалайық.
1
–жүргізуші
Шал ақын толғауларында
нәрісте,бөбек,сәби және боз бала психологиясының қалыптасу,даму
ерекшіліктері хақында салиқалы ой түйіндейді.Оның пікірінше,адамдық
қасиеттер кісіде бірден жетіліп,іштен тумайды,балалық сана сезім
тәлім тәрбиенің,ойынның,ортаның арқасында өсіп,дамып
қалыптасады.
2-
жүгізуші
Ортаға әнімен 4 сынып
оқушысы Зейнолла Мөлдірді
шақырамыз!
Ата-ананың мейірімді болуы
,перзенттері де мейірімді болу.Ата-аналары балаларын алақанына
салып өсірсе,ұл бала азамат болады,қыз баланы көнілін жақпай ,оған
айырықша қамқорлық жасаса ол келешекте ардақтай ана
болады.
Сөз кезегі 6-7 сыныптың
оқушыларын шақырамыз.(Ән)
Ортаға өздерінің
тақпақтарымен 8 сыныптың оқушыларын
шақырамыз.
1
–жүргізуші
Достық сезімі адамдардың
бойында жаратылғаннан бар.дос болу дегеніміз адамдардың танысқаннан
кейін бір-бірлерімен жай ғана араласу емес,ол шынайы тілектестікпен
араласу,керек кезінде кол ұшін
беру,сыйласу,құрметтеу,алдамау.
Жолдас болсаң
жақсымен
Жетеді қолың
мақсатқа
Жолдас болсаң
нәмертпен
Аунатар бір күн
батпаққа.
Есің болса
ертерек
Күн ілгері
күтініп,
Бәледен аулақ бас
сақта
Екі талай
жерлерде
Адамға қайыр
қылмайтын
Ақшаның татын
жалаған
Түспесін ісің
ақымаққа.
2-
жүгізуші
Сөз кезегі 10 сынып
оқушыларына беріледі.
1.Жүгізуші
Құдайдың мейіріміне және
даулет пен байлыққа ие болғың келсе,кедей кепшікті,жоқ-жітікті
қорлама.тіпті ,өміріңнен ең бір қиын сәттеріне тап келсен де,
сондай адамдармен қарым-қатынасты үзбе, өзіңнің адамгершілігіңді
сақтайтын бол және көмекке мұктаж жандарға қол ұшінді
бер.
-
сынып оқушылардыңәні мен
биін тамашалайық.
1.Жүргізуші.
Бүгіңгі «Сүйіспеншілік жолдағы
өмір»атты мерекелік кеш өзі мәресіне
жетті.
Алаш бөбектерінің анасына
айналған Сара Алпысқы Назарбаеваға қуанышымен құттықтай отырып,
мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілегіміз
келеді!
Басқарып отырған «Бөбек» коры
арғартай өзі жұмысын
жасап,көркееберсін.
Назарларынызға
рахмет!
Қош Сау
болыныздар!
«Мортық орта мектебі»
КММ
Мерекелік
кеш
Тақырыбы:
«Сүйіспеншілік жолдағы
өмір»
Өткізген: « Өзін-өзі тану»
пәнінің мұғалімі Шарипова С.У.