Материалдар / "Қайырымдылық-жылы жүректен"
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

"Қайырымдылық-жылы жүректен"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың санасына мейірімділік,қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру,оқушыларды кішіпейілділікке,бауырмалдыққа баулу.Қамқоршыларға құрмет, әрі қолдау көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2021
542
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қайырымдылық –жылы жүректен»

Мақсаты:

Балалардың санасына мейірімділік,қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру,оқушыларды кішіпейілділікке,бауырмалдыққа баулу.Қамқоршыларға құрмет, әрі қолдау көрсету.

Жүргізуші:

Армысыздар,құрметті ұстаздар, ата-аналар , оқушылар!

Бала тәрбиелеуде қажымас еңбек етіп,оған жауапкершілікпен қарап, жүрек жылуын беріп, аялап, қамқорлық көрсетіп жүрген ата-аналарымызға арналған «Қайырымдылық-жылы жүректен» атты шарамызға қош келдіңіздер.

Жүргізуші:

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана. Шаттық шеңберін құрып амандасу тренингін мектеп психологі И.Имашева өткізеді.

Тренинг. «Амандасу тренингі»

Балаларды қорғау керек бәрінен,

Қардан,қыстың қаһарынан,кәрінен

Қорғау керек нәзік гүлдей аялап,

Жан шуағы, мейірім , бақыт, қуаныш

Балаларға бөленбесін алалап.

Ән: «Мерекелеріңізбен» 4 класс оқушылары

Жүргізуші:

Балаларды бауырыма басып алам,өзгеге жаутаңдатпаймын, өз отбасымда тәрбиелеймін деген ізгі жүректі адамдардың тілегіне орай бүгенде қамқорлықтағы тәрбие қанат жайып отыр.Соның бір дәлелі біздің ауылымыздағы қамқоршы ата-аналардың көңіл толтыратын тірліктері.Соңғы екі-үш жылда бір емес бірнеше баланы өз отбасына алып,өзекке теппей, ошағының жылуымен бөлісіп отырған отбасылар көп.

Осындай батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген ата-аналарға арнап Қазақстан Республикасында 2011 жылдан бастап, «Қамқоршы күнін» мерекелеу дәстүрге айналды.

Сөз кезегін мектебіміздің директоры Майемер Азамат Максимұлына береміз.

Жүргізуші:

Мейірімді ізде таза-аңғал жүректен,

Селт еткізіп,сезімді бойда дір еткен

Мейірімділікті сіңірген адам бойына,

Өмірге мына,жылылықпен гүл еккен.

«Мейірімді жүрек» алғы сөз. Әлеуметтік педагог Валиева Сауия Асылановна

Жүргізуші:

Асыл анам,нұр шашқандай келбетің,

Сенсіз басып жүре аламба жер бетін?

Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,

Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің,-дей келе қамқоршы ата-аналарымыз аман жүрсін деген ниетпен ортаға

«Ана-әке» әнімен облыстық «Балдаурен» балалар шығармашылық байқауының бас жүлдегері Қонысбайқызы Аккенжені ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Мейірімділік –ғажайып өмір есігі

Мейіріммен тербетілер бесігің

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,

Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.

«Верьте в добрату,творите добро» келесе алғы сөз тәрбие ісінің меңгерушісі Чиркова Гүлмира Насыпкалиевнаға беріледі.

Жүргізуші:

Балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып,ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балаларға адамдық мейірімділік пен қайырымдылық танытқандарыңызға рахмет айта отырып, өз қамқорлықтарыңыздағы балаларыңыздың сіздерге деген ыстық ықыласын тыңдаңыздар.

әдеби монтаж.

Бүгінгі шараға дайындаған мектеп психолгі Г.Асылбекованың қызықты ойындарымен ойымызды бөліп отырайық.

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар бүгінгі шара барысында сіздерге өз балаларыңыз туралы қаншалықты білесіздер деген оймен бірнеше қызықты сұрақтар қоямын...

1.Балаңыздың туған күні?

2.Сынып жетекшісінің аты-жөні?

3.Балаңыз қандай өлшемді аяқкиім киеді?

4.Балаңыздың парталас көршісі кім?

5.Балаңыздың сүйікті асы не?

6.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

7.Балаңыз спорттың қай түрін ұнатады?

8.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9.Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

10.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз айтасыз?

11.Балаңыздың жақсы қасиеттері

12.Балаңыз үйде бос уақытын қалай өткізеді?

13.Балаңыздың достарын білесізбе?

14.Балаңыздың жағымсыз қасиеттерін білесізбе?

15.Балаңыз қай пәнді сүйіп оқиды?

Жүргізуші:

Музыкалық ән шашу . 5ә сынып оқушысы Жәрдемғали Бекзаттың орындауында «Жан әкем» әні

Жүргізуші:

Жақсылық қылсаң балаға

Бір қайырымын аларсың

Адамгершілік танытып,

Дұрыс жолға саларсың.

Қолыңда барда көмек ет,

Тарыққан жанға ағайын.

Қол ұшын бер,демеу ет

Алладан болсын сауабы.

Бүгінгі өтіп жатқан «Қамқорлық-қайырымдылық» акциясына қол ұшын беріп демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкер

Тургалиев Руслан Кадыргалиевичке және мектеп ұстаздарына алғысымызды білдіре отырып сөз кезегін.

--------------------------------------------------- мектеп мұғалімдері атынан ----------------------------------------сөз береміз.

Жомарттық –адамның ең тамаша қасиеттерінің бірі.Ол адамға қызмет қылып,жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат.Жомарт болу-өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.Олай болса,шын жүректеріңізден жасаған жомарттықтарыңыз сіздерді қуанышқа бөлесін.

Фариза Оңғарсынованың «Жақсылық» өлеңі.Оқитын 7 –сынып Маемиров Бекзат

Жүргізуші:

Құрметті,ата-аналар балаларыңызға деген бақыт сыйлар жүректеріңіздің жылулығы мен мейірімділігі әрқашан сарқылмасын.Бүгінгі кеште сіздерге мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.

Сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Габдуллина А.Ж беріледі. Алғыс хат, сыйлықтар табыс етеді.

Жүргізуші:

Біз тілейміз бар бөбекке,

Бақытты өмір сүргенін

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын күлгенін.

Сөз кезегі қамқоршы ата-аналарға беріледі.

Музыкалық ән шашу. 4 сынып оқушысы Қосанова Мадина

Жүргізуші:

Бала – бауыр етіміз.Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болып,аман болсын деген тілекпен бүгінгі «Қайырымдылық-жылы жүректен» атты шарамызды аяқтаймыз.Келгендеріңізге көп рахмет.Сау болыңыздар!











Мейірімділік –адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі.Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық пен кең пейілділік,жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін,жа дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.

Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн «Кір тигізбе ұста ойыңның өресін, мейірім етсең-мейірімділік көресің» деп мейірімділікке зор мән берген екен.

Не дер екен мейірімі мол кісі

Мейірбандық-кісіліктің үлгісі.

Есіңе ұстап мейірбанның нақылын.

Дәулет болар алсаң соның ақылын.

Мейірімнен шынайы леп еседі,

Соны бақсаң-дәреже, бақ өседі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!