жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қайырымдылық жылы жүректен.4-сынып
20.03.2017ж
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қайырымдылық – жылы жүректен
Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: шығармашылық қиялын,ой-өрісін, есте сақтау, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: , доп, түрлі-түсті жүрекшелер, стикер,ұлағатты сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынамын.Балалар,бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін» құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі ,жылы сөздермен,жылы жүрегімізбен,күлімдеген көзімізбен,жымиған езуімізбен жеткізейік.
-Сен нағыз доссың,ең әдемі қызсың,мейірімдісің өте ұқыптысың,еңбекқорсың және т.б.
-Жарайсыңдар балалар! Әрбіреуің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.
ІІІ. Тыныштық сәті (баяу музыка «Көңіл толқыны»)
Көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет,әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.
Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып,жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады.Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса,қандай жақсы болар еді.
Қайтатын уақыт та келді.Осы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік.Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.
ІҮ. Оқушылардың назарын мейірімділік туралы әңгіме тыңдауға аударамын.
Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен,
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
ІҮ. Оқушылардың назарын мейірімділік туралы
әңгіме тыңдауға аударамын.
«Сары тауық пен балапандары»
М.Төрежанов
Күздің бір күні сары тауық балапандарын
ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық
жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да
мекеніне жеткізе алатын
емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған
балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының
астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана
айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа
бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана
оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ
балапан.
- Ол тым
жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да
шықсын.
- Сырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз
қамқоршы болуымыз керек емес пе ?Кәне, мұның орнына кім барады?-
деп сұрады анасы.
- Мен,-деді
тұңғышы.
- Мен барайын?-деді оған
тетелесі.
- Кезекті маған беріңіз!-деді одан
кішісі.
- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық
білдірген балапан.
- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді
сары тауық балапанда тысқа қарай
ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ
балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен
жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей
жадырады.
Пікірлесу
- Сары тауық өз балпандарын қандай жақсы
қасиеттерге баулыды?
- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай
көрсете білді?
- «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады»
дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде
қандай сезімге бөлендіңдер?
Мәтін бойынша оқушылардың өзіндік пікірлерін білу мақсатында
сыныпқа төмендегідей сұрақтар қоямын.
а)Мейірімділік деген не?
ә)Неге мейірімді болу керек?
б)Қалай мейірімді болуға болады?
Әр топ постер қорғайды.Мейірімділік деген не?
Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу.Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады,айқындалады.Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.
V.Әр топқа сурет таратылып беріледі.Сурет бойынша әңгіме құрау
Мейірімділік туралы өсиет әңгіме
Саудагер айналаны бақылап, терезеге ұзақ қарап тұрды. Осы сәтте дүкенге сүйкімді бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. Қаздай тізілген моншақтарды көргенде көздері жайнай түсті. Арада біраз уақыт өткен соң қолын созып, көгілдір ақықтан жасалған моншақты нұсқады. - Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Оны маған гүл суреті бар қағазға орап бересіз бе? – деп сұрады бүлдіршін. Саудагер көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып: - Сенің қанша ақшаң бар? – деп сұрады. Бүлдіршін қалтасынан ақша ораған орамалын алып, үстелдің үстіне бірнеше тиын қойды. - Бұл жете ме? – деп сұрады. Дауысынан үміт оты ұшқындай түсті. Бүлдіршін ұсынған ақша моншақтың қорабына да жетпейтін еді. - Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. Әпкем анамыз қайтыс болғалы бізге қарайлап келеді. Ол өзіне мүлдем назар аудармайды. Бүгін оның туған күні. Мына моншақты сыйлағым келеді. Ақықтың түсі көзімен жақсы үйлесетін еді, - деп бүлдіршін мақтана түсті. Саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі елжірей түсті. Моншақты қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады. - Ала ғой, құлыным! Жолда абайлап жүр. Жоғалтып алма, - деп моншақты ұсынды. Қуаныштан жүрегі жарылардай болған бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Саудагердің жұмыс күні аяқталуға таяп қалған кезде дүкенге жас бойжеткен кіріп келді. Бірден саудагердің үстелінің үстіне моншақты, қаптаманы және лентаны бөлек-бөлек қойды. - Бұл моншақ осы жерден сатып алынды ма? Оның бағасы қанша? – деп сұрады бойжеткен. - А! – деді саудагер, - Мен кез келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын. - Менің сіңілімнің бірнеше тиыны ғана бар болатын. Ал мына моншақ таза ақықтан жасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу керек. Мұны қалтамыз көтермейді, - деп ағынан жарылды бойжеткен. Саудагердің жүзіне күлкі үйіріліп, бойжеткенге моншақты қайта ұсынды. - Ол ең қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда ересек адамдар да жасай алмас еді... Дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас ағылды.
VІ. « Мейірімділік нұры» жаттығуы.
Қазір мен тақтаға мейірімділік шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.
VІІ.Қойылым. «Екі дос және қария»
О,ата-ана!
Таянышы,тірегі!
Бар бақытты бір басыңа тіледі.
Балаларым жақсы болсын деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің,
VІІІ. Қорытындылау.
« Жүректен жүрекке» жаттығуы.
Алдарыңда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Әр жүректің артында адамның бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар.
Қызыл-адамгершілік.
Сары- адалдық.
Қызғылт- мейірімділік.
Көгілдір- сүйіспеншілік.
Жасыл- әдептілік.
Көк- ізеттілік.
Ақ-қайырымдылық.
Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген