Материалдар / Қажетсіз заттарға қайта өмір беру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қажетсіз заттарға қайта өмір беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қажетсіз заттарды пайдалану арқылы екінші өмір беру. қоқыстың адам өміріне зиянын түсіндіру мақсатындағы ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
535
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шу ауданы Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы







Ғылыми жұмыстың тақырыбы:«Қажетсіз заттарға қайта өмір беру»




6 «Б» сынып оқушысы Серік Шұғыла Әділетқызы




Ғылыми жетекшісі: Тургумбаева Акмарал Данияркызы







Ұстанымы: Ел үшін, жер үшін, аянбай қызмет ететін,еліміздің ғалым азаматшасы болу.









Шу ауданы

2021-2022 оқу жылы

ПІКІР


Серік Шұғыла Әділетқызы өзін -өзі тану, қазақ тілі пәндерін сүйіп оқиды. Өзін-өзі пәніне өте көңіл бөледі. Зерттеу, жаңалық ашу жұмысына және қолөнерге жаны құмар. Өлең шығармаларын көп оқиды. Оқушы Серік Шұғыла Әділетқызы жұмысты орындау барысында қажетсіз заттарды іске асыру, әр түрлі заттарды құрастыра білуге үйрету, саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, қажетсіз заттарды пайдаланып ұқыпты жұмыс жасай білуге шақырады. Оқушылардың құрастырушылық ойлау қабілетін дамытуға, өнертапқыштыққа баулуға, қызығушылығын арыттыруға бағытталған. 

Оқушы бұл жұмыста көп ізденген, тың ойларды жеткізе білген.


Мектеп-гимназия директоры: А.Т.Естаева


Оқу-тәрбие ісінің

орынбасары: М.М.Калматаева


Ғылыми жетекшісі: А.Д.Тургумбаева



Сынып жетекшісі: А.О.Айтжанова



























Мазмұны

  1. Аннотация - 4-6 бет






Жоспары



2. Кіріспе - 7 бет

3. Негізгі бөлім - 8-10 бет

4. Қорытынды - 11 бет

5. Жұмыс күнделігі – 12 бет

6. Пайдаланған әдебиеттер - 13 бет























3



Аннотация

Тақырыптың өзектілігі: Қоршаған ортаны сақтау үшін қажетсіз заттарды іске асыру және ардуиноның мүмкіншіліктерін пайдалана отырып өмірде қолдану.


Зерттеу нысаны: Үйдегі керексіз заттар және ардуино құрылғылары.


Зерттеу гипотезасы: Үйімізді және қоршаған ортаны әдемі және таза сақтау үшін керексіз болмай қалған заттарға қолданыс табу.


Мақсатым: Үйдің тазалығын сақтау үшін жағдай туғызу.

Аталған мақсатымызға жету үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойдым: 
-зерттеу әдісінің элементтерімен танысу.

- ардуино құрылғыларымен танысып, қолдану.

-қажетсіз заттармен жұмыс істеген туралы мәлімет іздеу.

-шығармашылық қабілетімді дамыту.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: ізденушілік, анықтама мәліметтері, шығармашылық ізденіс.


Зерттеу жобасының нәтижесі: Шығармашылық қабілетіміз дамиды.Күнделікті керексіз затты және ардуиноны пайдалана отырып, қоршаған ортаны таза сақтап, күнделікті қолданыста пайдалы заттар жасалады.











4




Аннотация



Актуальность темы: Реализация вещей, которые не нужны для сохранения окружающей среды и использования в быту с использованием возможностей Аrduino.

Область исследования: Бытовая техника и приборы Arduino.

Исследовательская гипотеза: поиск оставленных предметов, чтобы сохранить наш дом и окружающую среду красивыми и чистыми.

Цель: создание условий для поддержания дома в чистоте.
Для этого я поставил перед собой следующие задачи:
- ознакомление с элементами метода исследования.
- узнать и использовать устройства Arduino.
- Поиск информации о вещах, с которыми я буду работать
- развитие творческих способностей.


Методы исследования: поиск, справочная информация, творческий поиск.

Результат исследовательского проекта: наш творческий потенциал развивается - используя ежедневные ненужные вещи и ардуино, мы создаем экологически чистые вещи, которые пригодятся в повседневной жизни.
















5







Аannotation



Relevance of the topic: Realization of the things which are not necessary for preservation of the environment and use in life using possibilities of arduino.

Field of study: Household appliances and arduino devices.

Research Hypothesis: Finding the Abandoned Items to keep our home and environment beautiful and clean.

Purpose: Creating conditions for keeping the house clean.
To achieve this, I set the following tasks:
- acquaintance with elements of research method.
- get to know and use the Arduino devices.
- Search for information about things that you didn't work with.
- to develop of creative abilities.
Research methods: search, reference information, creative search.

The result of the research project: Our Creative Capacity Is Developed - By using daily unwanted substances and arduino, we create environmentally friendly substances and useful substances in our daily life.

















6



Кіріспе


Кез келген үйде істен шыққан, керек болмай қалған заттар бар. Сол заттарды далаға лақтырып, айналамызды ластамай, пайдаға жаратып, екінші өмір сыйлағымыз келді.

Басында дұрыс жиналмаған қоқыстың қайта өңделетін шикізат ретіндегі құндылығы болмайды. Қағаз жыртылып, бөтелкелер сынып, жарылады, жуындымен араласып, барлығы бүлінеді. Сұрыптап, өңдеуге жарамайды, кейін қоршаған ортаны ластап, үйіліп жатады.

Ал дамыған елдерде қоқысты кәдеге жарату экономиканың қозғаушы күшіне айналып отыр. Мәселен, Швецияда тұрмыстық қалдықтан электр қуатын өндірсе, ең таза ел саналатын Сингапурде қоқыстың 90%-ы қайта өңделеді.

Бұл көрсеткіш Германия мен Жапонияда 30 пайызды, АҚШ-та 27 пайызды Швейцарияда 25 пайызды құрайды. Франциянда алюминий, әйнек пен қағаз өнімдері түгелге жуық қоқыстан жасалады. Австрия 265 мың тонна жылу энергиясын, ал, Бельгия 75 пайыз тыңайтқыш, шикізат, энергия алып отыр.

Қазақстанда керісінше, кәдеге жаратпаймыз. Үйілген қоқыстың ортасында отырмыз. Мәселен, біздің елде 43 миллиард тоннаға жуық өндірістік және тұрмыстық қалдық жиналады. Қоқыс көп. Оны өңдейтін зауыт жоқ емес, бар. Бірақ қоқыс ретсіз тасталатындықтан, оның тек екі пайызы ғана қайта өңдеуге жарамды.













7



Негізгі бөлім

Кез келген үйден істен шыққан, керексіз заттардың табылары анық. Сол керексіз заттарды далаға лақтырмай, пайдаға асырып көрдіңіз бе? Орайын тапқан адам күл-қоқыстың өзінен де өзге бірдеңе жасап шығарады. Ол үшін қиялға қанат бітіріп, ақылға жүгінсеңіз болғаны. Сіз жасап шығарған нәрсенің тұтынуға тиімді болғаны абзал. Әрине, басқадан ерек, өзгеше бір нәрсе ойлап табамын десеңіз тіпті керемет. Бізге қажетсіз дүниелерді қалай пайдалану керек. Баяғыда бір данышпан «Әлемді қоқысқа толдырып қайтесіз. Бұл әлем онсыз да лас» деген екен. Бұл сөздер біздің ойымызға дәл келіп тұрған сияқты. Ендеше керексіз заттарды «керек» қылып үйренейік. 


Керексіз заттардан қалай арыласыз?

Үйдегі қоқыстарды жыл сайын сыртқа шығару арқылы үлкен қоқыс болып жиналатынын білдік.Онда адам денсаулығына үлкен зиян келтіретін заттар болатыны бірден-бір анық екені айтылған. Сол қоқыс жиналған жерден көптеген пайдалы заттарды да табуға болады. Олар: тау-тау болып үйіліп жатқан газеттер мен пакеттер, шыны ыдыстар, пластик бутылкалар және т.б. Көптеген заттарды өндірісте де қолдануға болады. Ал, «адамдар күн сайын қоқыс шелегіне қанша заттарды лақтырады екен?» деген сұрақты қоя отырып, мынадай тұжырымға келдік.

Керексіз заттар

Қажетсіз заттарды іске асыру үшін,түрлі шыны бөтелкелер, басқа да шыны ыдыстар, қаңылтыр ыдыстар, темірден жасалған қалдықтар, пластикалық ыдыстар мен пакеттер, қағаздар, газеттер, қатты қағаздар(картон), киімдер, ағаштар, былғарыдан жасалған бұйымдар, резеңкеден жасалған бұйымдардан жұмыс түрлерін қарастыру және оны орындау.


8




Қажетті заттарды іске асыру үшін жұмыс түрлерін қарастыру және оны орындау.

Осындай мәліметпен өз сыныптастарымды таныстырып, олармен керексіз заттармен не жасауға болатынын ойластырдық.

Мысалы пластик ыдыстан көп заттар жасауға болады.Ойлана келе одан арт кілем жасауға болатынын түсіндік. Арт кілем жасау үшін:

-пластик бөтелке қақпақтары

-ыстық желім

-керек емес стенд тақтасы

- ардуино құрылғысы

Осы заттарды жинастыра келе, арт туынды жасауға болады.

Жасалуы:

Ескі стенд тақтасын қалаған түске бояу (бізде ақ түс) және сол тақтаға белгілі бір пішінде ысық желіммен пластик бөтелкелерінің қақпақтарын жапсыру. Соңынан ардуино құрылғысын орнату. Арт кілемді тек қарап көру үшін емес, оның маңыздылығы мен күрделілігін, жасалу мақсатын айқындау мақсатында арнайы ұялы телефон қосымшасы арқылы сканерлегенде суретке жан бітірдім және QR кодты ашқанда жасап шығарған оқушы, яғни менің және ғылыми жетекшімнің мәліметі ашылатын болады.

Осы арт кілемді жасауда мен 600-ден аса пластик бөтелке қақпағын пайдаландым. Сол қақпақтар қоқыс ішінде жатса осындай әдемі туынды шықпас еді және ол жүздеген жылдар бойы жойылып кетпей қоршаған ортаны ластайтын еді деп ой түйіп отырмын. Ал сына жасалған арт туындының мақсатына келетін болсақ, арт-терапия психикалық денсаулық саласындағы пән ретінде бүкіл әлемде кеңінен танылуда. Қазіргі уақытта бұл шығармашылық процесті қозғаушы күш және жұмыс құралы ретінде қолданылып, қарастырылады. Арт туындыға қарау арқылы адамға шабыт келеді, сондай шығармашылық шабытты сіздермен бөлісіп отырмын.


9

Жобаны зерттеу кезіңде біз мынадай нәтижеге қол жеткіздік. Негізінен бұл жоба мені өте қатты қызықтырды. Неге дейсіз бе? Мен іс-тігуді , заттардан бір нәрсені жасап шығаруды жақсы көремін. Қуыршақтарыма арнап киім және ойыншықтарды тіге аламын. Осы жобамен айналысқан кезінде мен шығармашылық қабілетім одан сайын жетілдірілді. Менің ғана емес сонымен қатар сыныптастарымның қабілеттері дамыды, қызығушылықтары артты. Әрбір адам өз үйіне және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын таза сақтау үшін өз үлесін қоса алады.Ол үшін керексіз заттарды дұрыс қолдана білу керек.




Есте сақтаңыздар!


Қоқыс ол тек қана лақтырылған қағаз ғана емес ,бұл- машиналардан шыққан газдар, мұнай қалдықтары, өзенге ағызылған лас сулар.Онымен қоса біз үйдегі заттарды лақтырып одан сайын ластаймыз.

Қоқысқа лақтырылған заттар туған жерімізді ластап жатыр. Ендеше әр нәрсенің артын ойлап, керексіз заттарды «керек» қылып үйренейік.

















10


Қорытынды.


Менің түсінігімде қажетсіз заттарды іске асыру – қол өнерге баулиды яғни ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қайта жаңғырған қолөнерімізде ұлт мүддесіне негізделген серпіліс, мақсатты бетбұрыс байқалады.
Бүгінгі таңда қайта көркейген, жаңа мазмұнға ие болған, өмірімізге өзіне лайықты орын алған бұл өнер саласына өткеннің ескерткіші ғана емес, күнделікті тұрмыс тіршілігіміздің ажарын ашатын рухани құндылық ретінде қарауымыз керек. Ол сонау ғасырлар қойнауынан жеткен жай таңба-белгі емес, бұл халқымыздың оюмен жазылған шежіре тарихы. Ендігі міндет сол тарихты өзі оқи алатын, өзгені де оқыта алатын ұрпақты, қас шебер мамандарды даярлау, сөйтіп өнердің өрісін кеңейту.



























Ғылыми жұмыс күнделігі

Жұмыс тақырыбы Қажетсіз заттарға қайта өмір беру

Оқушының Т.А. Серік Шұғыла Әділетқызы

Мектеп, сынып Е.Бекмаханов атындағы мектеп-

гимназиясының 6 «Б» сынып оқушысы

Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә. Тургумбаева Акмарал Данияркызы






Мерзімі



Жұмыс мазмұны



Жұмыс әдістері



Ескерту



1



03.09.2021




Жұмыс жоспарын құрастыру



Мәліметтер жинау




2



10.09.2021



Ғылыми жетекшімен кеңес жүргізу


Өзімнің жұмыс дәптеріме жазып алу





3



27.09.2021



Мәліметтер алу үшін ғаламтор сайттарына жүгіну




Мәліметтерді

іздеу




4



10.09.2021



Мәліметтер алу үшін ғаламтор сайттарына жүгіну




Керекті суреттерді принтерден шығарып алу




5




30.09.2021



мектепке апарып ғылыми жетекшіге көрсету



Ғылыми жетекшімен кеңесу





6




05.10.2021



Қажетсіз заттарды іске асыру



Интернеттен ақпарат жинау




770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!