400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қала мен ауыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты:

Сынып: 1

Пәні: Дүниетану


Ортақ тақырып:

Бөлім:

Бізді қоршаған әлем

Сабақтың тақырыбы:

«Қала мен ауыл»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау

1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушы: Қала мен ауыл арасындағы байланысты анықтау түсіну

Көптеген оқушы: Қала мен ауылдың ерекшеліктерін, негізгі айырмашылықтарын анықтау, әңгімелеу

Кейбір оқушы: Өзі тұратын елді мекенді, ғимараттары мен көрікті жерлерін сипаттау.


Бағалау критерийлері

1.Өз мекенжайын атайды және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттайды.

2.Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттайды, әңгімелейді.

Тілдік мақсат

Қоршаған ортаны және олардың орналасуын сипаттайды

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: қалалық/ ауылдық

ғимараттардың түрлері: мәселен, фабрика, банк, саябақ, мұражай және т.б.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: ауызша, жазбаша

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Қала мен ауылды қалай анықтадыңдар?

- Қала мен ауылдың қандай ұқсастығы бар?

-Ауыл тұрғындары немен айналысады?

- Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар

Не себепті......деп ойлайсыз?

Қалада неге көпқабатты үйлер салынған?


Ишара: қызыл түс – түсінбедім, сары түс – көмек керек, жасыл түс – тамаша


Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, сын тұрғыдан ойлау және шығармашылық, жауапкершілік, зерттеушілік

Пәнаралық байланыстар

Математика- өлшем бірліктерін пайдаланады.

Көркем еңбек – суреттермен жұмыс жасауда шығармашылық қабілеттері дамиды.


АКТ

Интерактивті тақтадан ауыл және қала туралы бейнематериал көрсету

Бастапқы оқу:

Өз ауылдары мен Қазақстанның басқа қалаларын ажыратады

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

ресурстар


Басы



Психологиялық жаттығу.

Бір-біріне алақан арқылы жүрек жылуын жіберіп, «Сәттілік!» тілейді.

-Бүгінгі көңіл-күйлерің қандай?

-Сабаққа деген ынтамыз?

«Басбармақ»

«Суреттер сөйлейді» суреттегі ғимараттар арқылы топқа бөлу

1-топ: Қала

2-топ: Ауыл

1-тапсырма Миға шабуыл

Топқа бөлінген кезде қандай суреттерді байқадық

-Қала. Ауыл

-Ендеше,бүгін сабағымызда осы ауыл мен қала туралы танып білеміз.







Театр, мұражай, Хан шатыр, Бәйтерек, завод, фабрика, ауыл, құс фермасы, мал фермасы суреттері

Ортасы










Сабақтың тақырыбы: «Қала мен ауыл». Оқу мақсатын айту. Интерактивті тақтадан ауыл және қала туралы бейнематериал көрсету.






Қала – бұл ірі елді мекен. Бұл дамыған шаруашылық, экономиак, мәдениет пен әкімшілік басқару орталығы. Елімізде қала мәртебесіне ие 86 елді мекен бар. Республика тұрғындарының 56 пайызы қалада шоғырланған. Қалада көптеген мәдениет орындары – театрлар, мұражайлар, концерт залдары бар.

Ауыл – шағын елді мекен. Елімізде 2500-ден астам ауыл-аймақ бар. Ауыл тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Қазақстанда ауыл шаруашылығына басты назар аударылады.

2-тапсырма. Т кестесі әдісі арқылы плакатты екі бөлікке бөліп, қала мен ауылдың суреттерін бөліктерге орналастыру. Топтық жұмыс.

Топтарға қала мен ауыл суреттерін араластырып таратып беріп, не бейнеленгенін анықтату.

-Қала мен ауылды қалай анықтадыңдар?

- Қала мен ауылдың қандай ұқсастығы бар?

Дескриптор:

-Берілген суреттерді ауыл және қала деп екі топқа бөледі.

-Қала мен ауылдың ұқсастығын анықтап, әңгімелейді.

Кері байланыс:

Бағалау: «Басбармақ»

3-тапсырма. Қала туралы әңгімеле. Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы суретке мұқият қарап, сұрақтарға жауап беру. Берілген мәтінді оқып, әңгімелеу.

Саралау тапсырмасы: зерек оқушыларға қала мен ауыл арасындағы байланысты анықтату. Күнделікті өмірден мысал келтіруді ұсыну.


Рисунок 19


-Кімдерді қалалық деп атайды?

-Ауыл тұрғындары немен айналысады?

-Сенің қайда тұрғың келеді? Неліктен?

Дескриптор:

-Сұрақтарға жауап береді.

-Қала туралы әңгімелейді.

-Зерек оқушыларға қала мен ауыл арасындағы байланысты анықтайды.

-Күнделікті өмірден мысал келтіреді.

Кері байланыс:

Бағалау: Шапалақ ұру.

Дәптермен жұмыс.

1.Қалада кездеспейтін заттарды тап. Оларды қызыл қарындашпен қорша.

2.Өзің тұратын жердегі көрікті орындардың суретін сал.

Дескриптор:

-Қалада кездеспейтін заттарды табады, оларды қызыл қарындашпен қоршайды.

-Өзі тұратын жердегі көрікті орындардың суретін салады.

Кері байланыс:

Бағалау: Шапалақ ұру


Ширату жаттығулары “Доп қағу” ойыны

Бір – біріне доп қаққан сайын қала аттарын айтып жарысады


4-тапсырма. Топтық жұмыс. «Ізден»

Суреттер мен сөздерді сәйкестендіреді. Бірінші орындаған топ жеңіске жетеді.

емхана вокзал мешіт мүсін


қала жайлау ауыл

Дескриптор:

-Суреттер мен сөздерді сәйкестендіреді.

Кері байланыс:

Бағалау: Шапалақ ұру


5-тапсырма Семантикалық картамен жұмыс:

№

Белгілер

«Қ» - «А»

1.

Көп қабатты үйлер


2.

Бағдаршам


3.

Қосалқы шаруашылық


4.

Зауыттар мен фабрикалар


5.

Бау - бақша


6.

Омарта


7.

Аурухана


8.

Ферма


Дескриптор:

-Қалаға және ауылға тән белгілерді табады.

-Қаланы-Қ, ауылды-А әрпімен белгілейді

Кері байланыс.

Бағалау. Басбармақ


АКТ





























Оқулық 40-41 бет












АКТ, суреттер

















Жұмыс дәптері

25-26 бет












АКТ


























Соңы




Тілдік құзіреттілікті қалыптастыру:

Оқушылармен «Екі жұлдыз, бір тілек» ойынын өткізу. Оқушылар ауылдың немесе қаланың екі жақсы көретін және бір ұнатпайтын жағын айтады. «Қала», «ауыл», «көрікті жер» сөздерін қолданады.

Сабақты бекіту:

-Қала мен ауылдың ерекшеліктері қандай?

-Қала мен ауылдың арасында қандай байланыс бар?

«Жетістік баспалдағы» арқылы бүгінгі сабақта жеткен жетістіктерін бағалау.









Қосымша мәліметтер


Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?


Әр тапсырмадан кейін оқушыларды бағалағанда саралаудың бағалау тәсілі жүзеге асады. 2-тапсырмада зерек оқушылар қала мен ауыл арасындағы байланысты анықтайды, күнделікті өмірден мысал келтіреді, саралаудың тапсырма тәсілі жүреді.


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?






Бағалау дескриптор негізінде жүргізіледі. Топтық жұмыс кезінде топтар бір-бірін бағалайды.жұптық жұмыста жұптпр бағалайды.

"Бас бармақ", "Арқа қағу", "Шапалақ ұру", "Жетістік баспалдағы" әдістері арқылы қалаыптастырушы бағалау жүргіземін.

Денсаулық және қауіпсіздік







Жарық сол жақтан түсу, партада дұрыс отыру, жазу кезінде дәптер мен көз арақашықтығын сақтау.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.


2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.


2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.


2.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
578
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі