400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қала мен ауыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама аясында жасалған ҚМЖ жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: Дүниетану

Ортақ тақырып: Бізді қоршаған орта

Бөлімше: Менің атамекенім

Күні.


Алматы облысы Іле ауданы № 45 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейпулаева Алма Адиевна

Сыныбы 1 сынып

Қатысқандар Қатыспағандар

Сабақ тақырыбы

Қала мен ауыл

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттайды.

Көптеген оқушылар: өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттайды және атайды.

Кейбір оқушылар: өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын өмірімен байланыстыра отырып сипаттап береді.

Бағалау критериилері



Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Қала, ауыл, ғимараттар, көрікті жер, елді мекен

Құндылықтарды дарыту



«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану.

АКТ қолдану


Суреттер, презентация.

Бастапқы білім


1.2.1.4 Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу.


Сабақтың басы.

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ширату жаттығулары

(Қайталау арқылы )

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандайжақсы біртұру,

Достарменен біржүру!

Қандайжақсы дос болу!

Оқушыларды қай күлегешті таңдайсыңдар сол күлегештің жанына тұра қалыңдар деп балалардың көңіл күйін анықтаймын.

Орындарына жайғастырып

«Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы сұрақтар қоямын.

-Біз қайда отырмыз? Сынып қай мектепте орналасқан? Мектеп қай қалада орналасқан?

Қала қай облыста орналасқан? Облыс қай мемлекетте орналасқан? Ал сендермен ойын ойынайын. Қандай қала мен ауылдарды білесіңдер?

Сабақтың тақырыбы: Қала мен ауыл.

Сабақтың табыс критериилері.

-қала және ауыл тіршілігімен танысу;

- өз туған өлкесін сипаттауды үйрену.

- жергілікті жердегі көрікті орындармен танысу.

Ресурстар

Сабақтың ортасы

1 тапсырма «Суреттер сөйлейді» әдісімен «Не артық?» ойынын ойнайық.

  • Қала көшелерінде жүрген мал төлдері.

  • Ауылда метро суретімен келе жатқан троллейбус суреті. Оқушылар артығын табады.

Оқушыларға қала мен ауылға тән белгілерді атайды.

Оқулықпен жұмыс.

(МТ) Қала – бұл ірі елді мекен. Бұл дамыған шаруашылық, экономика, мәдениет пен әкімшілік басқару орталығы. Қаладағы адамдар өнеркәсіп өндірісі нысандарында: зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейді. Ғылыммен, біліммен, спортпен айналысады. Қалада көптеген мәдениет орындары – театрлар, мұражайлар, концерт залдары бар. Қала ауыл тұрғындарын көлік түрлерімен, тұтыну тауарларымен, тұрмыстық техникамен, киіммен қамтамасыз етеді.

Ауыл – шағын елді мекен. Ауыл тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Қазақстан ауыл тұрғындарының арқасында астық пен мал шаруашылығымен танымал. Осы түсіндірмеден кейін. Оқушыларға «5-15» стратегиясы мен сұрақтар қою, әр оқушының жауабы тыңдалады.

Қорытынды шығару.

  • Қала мен ауылды қалай анықтадыңдар?

  • Қала мен ауылдың қандай ұқсастығы бар?

Бағалау (Сыныптастарды бағалау) әдісі мен сұрақ қоя отырып бағаланды.


2 тапсырма Жұптық жұмыс «Суреттер сөйледі».Тапсырма Суретте бейнеленген елді мекендердің атауын жазыңыз.

Сұрақтарға жауап бере отырып, досыңызға өзіңіз тұратын жер туралы әңгімелеп беріңіз.

  • Сіз қай қалада/ауылда тұрасыз?

  • Мекенжайыңыз қандай?

  • Сіздің қалаңызда/ауылыңызда қандай тау/өзен/көл т.б. бар?

  • Қалаңыз/ауылыңыз қай облысқа жатады?

  • Ол Қазақстанның қай аймағында орналасқан?

Дескриптор: - суреттегі елді мекендердің атауын жазады;

- өз мекенжайын атайды;

- тұрғылықты жерінің географиялық нысандарын атайды;

- тұрғылықты жерінің географиялық орнын түсіндіреді.

Бағалау (Сөйлеу арқылы ойлану)

3 тапсырма Ойын «Мекен жайын анықта» Оқушылар екіге бөлінеді. Жарты топ келіп жереби арқылы оқушылар таңдап алдып жұптасады. Бір –бірінің тұратын мекен жайын анықтап, үйінің маңайында орналасқан ғимарат жайлы әңгімелейді.

Бағалау «Минуттық шешім»



Суреттер




Оқулық



































Суреттер






































Сабақтың соңы


4 тапсырма . Дәптермен жұмыс.

23-жұмыс парағы. Даниярға көмектес.

  • Суретке қара. Данияр қай көшеде тұр?

  • Ол мектепке жетуі үшін қай көшемен жүруі тиіс?

  • Қысқа жолды сызып көрсет.

Жұмысты жұп арасында «Көрсет және әңгімеле»

әдісі арқылы бағалау



Тақырыпты бағалау, өзін – өзі бағалау әдісі арқылы ұсынылған нысандар тізімінен қалаға және ауылға тән белгілерді тауып, қаланы – Қ, ауылды- А әрпімен белгілеуге тиіс.

Белгілері

Қ

- А

1

Көп қабатты үйлер



2

Университет, колледж.



3

Қосалқы шаруашылық



4

Зауыттар мен фабрикалар



5

Бау-бақша



6

Омарта



Сабақ соңында тілдік құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында

«Жеті жоба» әдісі арқылы оқушылар қалауы бойынша қала немесе ауылдың жеті жақсы қасиетін атайды. Бұл жерде «Сөздер тақтасына» назар аударып «қала», «ауыл», «көрікті жер», «ғимараттар» , «елді мекен» сөздерін қолдану

керек екені ескертілді.




Жұмыс дәптер





















Кесте







Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Оқушыларды сабақ бойы мадақтап отырдым.

А,В,С деңгейлік тапсырма беру.

Кері байланысты «Табыс баспалдағына» қорыта келе сабағымның табыс критериине оралып бүгінгі сабақта кім қай баспалдаққа шыққаны

саралап сабағымды қорыттым.

Рисунок 1

Рефлексия

Жасыл – түсіндім

Сары- түсініп келемін

Қызыл – сұрағым бар


Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқыту үшін бағалау «мадақтау» бағалау түрлері қолданып.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жол ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарларынан қандай ауытқулар болды, неліктен?








Бағамдау.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Қалыптастырушы бағалау қолданып отырғаным.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Балалар қалалық бола тұрып ауылдын жай күйін білетіні тиімді болды.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет

1. Бағалауды тақырыпқа сай ұйымдастыру арқылы оқудың іске асатынын білдім.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1179
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі