Материалдар / Қала мен ауыл

Қала мен ауыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпқа арналған дүниетану пәнінен қмж жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2018
717
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Дүниетану
Ортақ тақырыпБөлімБөлімше Сабақ тақырыбы
Бізді қоршаған ортаМен және қоғам.1.3 Менің атамекенімҚала мен ауыл
ҚұрастырғанЕлубаева Кенжетай Бейсекеновна
Сынып 1Қатысқандар саныҚатыспағандар саны
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау
Сабақтың мақсаттарыБарлық оқушылар: өз тұратын мекенжайды атау.Көптеген оқушылар: өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын сипаттау, ауыл мен қаланы ажырату.Кейбір оқушылар: жергілікті жердегі көрікті орындарын анықтау, қала мен ауылдың айырмашылығын түсіндіру.
Бағалау критерийлері-өзі тұратын мекенжайын біледі;-өзі тұрған елді мекеннің көрнекі жерлерін сипаттайды;-қала мен ауылдың айырмашылығын түсінеді;
Ойлау дағдыларының деңгейлеріБілу және түсіну, қолдану
Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Қала мен ауыл ұғымын сөйлем арасында қолданады,талқылайды.Пәнге тән лексика мен терминология:қала-город-cityауыл-село-villagДиалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қала, ауылТалқылауға арналған сұрақтар:1.Қала мен ауылдың қандай айырмашылығы бар?2.Өз туған өлкеңнің көрікті жерлерін білесің бе?3.Өзің тұратын мекенжайды сипаттай аласың ба?
Құндылықтарды дарытуЫнтымақтастық,өмір бойы білім алу, құрмет, еңбек пен шығармашылық.
Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану пәні: өсімдіктер
АКТ қолдану дағдыларыИнтербелсенді тақта, бейнеролик
Бастапқы білімҚала мен ауыл туралы түсініктері қалыптасқан.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекетРесурстар
Сабақтың басы(2 мин)









3 мин







3 мин



















5 мин
Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа психологиялық ахуал туғызу. Әсем гүлдей сүйкімді біз баламыз,Алдыменен сәлем беріп аламыз. Озық оймен,ынта, жігер,талаппен, Білім нәрін бойға жинап аламыз. «Ынтымақсыз іс бітпес» мақалын басшылыққа ала отырып сабағымызды бастайық. Топқа бөлу: /жіктеу арқылы жасырын саралау/ Сол бойынша топқа біріктірдім. 1-топ: Ұшақ 2-топ: Машина 3-топ: Велосипед; Ұшақты жоғары деңгейлі , машина орта деңгейлі, велосипед төмен деңгейдегі оқушыларға таратамын.

Белсенді оқыту /сұрақ қою және талқылау/

Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау. 1.Көкжиек дегеніміз не? 2. Көкжиектің неше тұсы бар? 3.Сағатқа қарамай уақытты қалай анықтаймыз? деген сұрақтар қою арқылы өткен сабақты еске түсіреміз. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу мақсатында бейнежазба көрейік. Бейнежазбаны көру арқылы оқушыларға бірнеше сұрақтар қою. -Балалар -өнеркәсіп өндірісі, фабрикалар, заводтар қайда орналасқан екен? – оқушылар қалада екенін айтады.-мал шаруашылығы,егін шаруашылығы қайда дамыған екен? -оқушылар ауылда екенін айтады. -ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Қала мен ауыл» . Үштілділікті қолдану: қала-город-cityауыл-село-villagБүгінгі сабағымыздың мақсатын анықтап алайықшы . -бүгін сендер қала мен ауылдың айырмашылығын білетін боласыңдар ; -ендеше мақсатқа жету үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз қажет. -балалар, бүгінгі сабақта не туралы білгіміз келеді? -өзіміз тұратын мекенжайды атаймыз; -жергілікті жердегі көрікті орындарды сипаттаймыз; -қала мен ауылдың айырмашылығын айтамыз. –көшедегі ғимараттарды, көше атауларын білетін боламыз; -Балалар, сендерге қазір мен гүл күлтешелерінің суретін таратып беремін.Әр тапсырманы орындаған сайын гүл күлтешелерінің бөліктерін бояйсыңдар. Сабақты өте жақсы түсініп отырған бала гүл күлтешелерін жасыл түспен, орташа түсінген сары түспен, түсінбей отырған оқушы қызыл түспен бояу керек екендігін түсіндіремін. Мақсатқа жеткен жетпегенімізді осы гүл күлтешелерінің бөліктерін бояу арқылы көреміз.



























































Сабақтың ортасы(5 мин)







































































7 мин





























































































































3 мин





















































































5 мин













































































































Сабақтың соңы2 мин











































1-тапсырма./Ұжымдық жұмыс/ «Жәрмеңке» әдісі /Айтылым және тыңдалым/Саралау әдісі «Диалог және қолдау көрсету»Белсенді оқыту «Нұсқау беру және айту, сұрақ қою және талқылау»

Оқулықпен жұмыс:Суретке мұқият қара. Сұрақтарға жауап бер.1. Суретте не көріп тұрмыз?2. Қала және ауыл туралы әңгімеле.3. Ауылдық жердің қандай ерекшелігі бар?4. Біз қайда тұрамыз? 5 .Өз мекенжайыңды ата. Берілген сұрақтарды қолдана отырып, суреттер бойынша әңгіме құрату. Оқушылардан Қазақстанның қай калаларына барғысы келетінін сұрау.

Ынталандырушы бағалау: «От шашу» әдісіҚалыптастырушы бағалауды: «Гүл күлтешелерін» боятамын



2-тапсырма./Топтық жұмыс/ «Орындап көр» әдісі/Айтылым және тыңдалым/Саралау әдісі «Тапсырма беру арқылы»Белсенді оқыту «Көрсету және модельдеу, сұрақ қою және қолдау»

Әр топ тапсырмаларына байланысты постер жасап, қорғайды.

1 топ: ұшақ тобының тапсырмасы:Өз ауылың туралы жарнама жаса.



2 топ: машина тобының тапсырмасы:Ауылдың көрікті жерлері туралы таныстыр.



3 топ: велосипед тобының тапсырмасыБерілген ресурстар арқылы өз үйіңді құрастыр және нөмірін жаз.







Ынталандырушы бағалау: «От шашу» әдісіҚалыптастырушы бағалауды: «Гүл күлтешелерін» боятамын



3-тапсырма./Жеке жұмыс/ «Жабық конверт» әдісі/Айтылым және тыңдалым/Саралау әдісі «Қарқын арқылы»Белсенді оқыту «Нұсқау беру және айту»







«Көрікті орындар» тақырыбында жекелей жұмыс жүргіздім.Ұсынылған нысандар тізімінен қалаға және ауылға тән белгілерді тауып,қаланы «Қ» әрпімен,ауылды «А» әрпімен белгіле.Кестедегі тапсырмалар оқушыларға жекелей беріледі, орындап болған соң, тақтадағы дұрыс жауаппен тексереді. Ынталандырушы бағалау: «От шашу» әдісіҚалыптастырушы бағалауды: «Гүл күлтешелерін» боятамын



4-тапсырма./Жеке жұмыс/ «Топтастыру» әдісі/Айтылым және тыңдалым/Саралау әдісі «Қорытынды арқылы» Белсенді оқыту «Қорытынды шығару және есте сақтау»

«Адасқан суреттер» ойыны арқылы сабақты қорытындылау үшін жекелей жұмыс жүргіздім. Оқушыларға қала мен ауылдың фотосуреттерін арластырып таратып беремін. Әр суретте не бейнеленгенін анықтауы тиіс. Ауылдың суреттерін бірінші себетке, ал қаланың суреттерін екінші себетке топтастырып салады. Қала Ауыл



«Қала мен ауылды қалай анықтадыңдар?» «Қала мен ауылдың қандай айымашылығы бар? деген сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау.

Ынталандырушы бағалау: «От шашу» әдісіҚалыптастырушы бағалауды: «Гүл күлтешелерін» боятамын



Кері байланыс: «Кубизм» әдісі арқылы жүзеге асырдым.Окушыларға текшедегі сұрақтарды қою арқылы кері байланыс жүргіземін.-Балалар өздерің бояп отырған гүл күлтешелеріне қарап, бүгінгі сабақта қандай нәтижеге жеттіңдер? Айта аласыңдар ма?-Сабақ соңындағы көңіл – күйлерің қалай?Рефлексия: «Табыс ағашы»





үйрендім білдім маған пайдалы болды мен әліде үйренуім керек























































































































































Геометриялық фигуралар







































Кесте, конверт















































































































































































Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Қалыптастырушы бағалау-оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін жаңа оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі.Қалыптастырушы бағалау: Оқушылардың білім деңгейін дескриптор арқылы анықтаймын және сабақ барысында оқушыларды бақылап отырамын. Гүл күлтешелерін бояу арқылы анықтаймын. Дескрипторға толық жеткен оқушы оқу мақсатына қол жеткізеді. Сабақтың соңында неше оқушы жеткені, жетпегені анықталады.

Ынталандырушы бағалау «От шашу» әдісі бойынша жүзеге асты. Кері байланыс «Кубизм» әдісі арқылы жүргізілді.Окушыларға текшедегі сұрақтарды қою арқылы кері байланыс жүргіземін.-Балалар өздерің бояп отырған гүл күлтешелеріне қарап бүгінгі сабақта қандай нәтижеге жеттіңдер? Айта аласыңдар ма?-Сабақ соңындағы көңіл – күйлерің қалай?Рефлексия: «Табыс ағашы»







үйрендім білдім

маған пайдалы болды мен әліде үйренуім керек



Оқушыларды партада дұрыс отыруға дағдыландыру.АКТ-ны қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ