|
Сабақты «Ауыл немесе
қала» тапсырмасын орындаудан бастаймын. Бұл тапсырманы топта
орындайды. Оқушыларға қала мен ауыл фотосуреттерін араластырып,
таратамын. Әр суретте не бейнеленгенін анықтауы тиіс. Әр топ
фотосуреттерді ауыл және қала деп екі топқа бөлемін. Оқушыларға
мынадай сұрақтар қойамын:
-«Қала мен ауылды
қалай анықтадыңдар?»
-«Қала мен ауылдың
қандай ұқсастығы бар?»
Қала туралы
әңгімеле. Оқушыларға
оқулықтағы 1-суретке мұқият қарауға
тапсырма беріңіз. Сұрақтарға жауап берсін. Содан кейін 1-мәтінді өз
бетімен оқуға беріңіз.
Ауыл туралы
әңгімеле. Оқулықтағы
сұрақтарды қолдана отырып, суреттер
бойынша әңгіме өткіземін. Қосымша мынадай сұрақтар
қойамын:
-«Кімдерді қалалық
деп атайды?»
-«Ауыл тұрғындары
немен айналысады?»
-«Сенің қайда тұрғың
келеді?
-
Неліктен?»
Оқушылардың
жауаптарын қала және ауыл туралы ақпаратпен толықтырамын.
Оқушыларға мәтінді оқуға беремін. Қабілеті жоғары оқушыларға қала
мен ауыл арасындағы байланысты анықтауға тапсырма беремін. Олар
күнделікті өмірден мысалдар келтіреді. Оқушылардың назарын қалада
театрлар, фабрикалар, зауыттар, ойын-сауық орталықтары бар екеніне
аударамын. Оқушылардан Қазақстанның қандай қалаларына барғысы
келетінін сұраймын. Мәдениет орындарында тәртіп және тазалық
сақтау, жолдардағы қауіпсіздік туралы әңгіме өткіземін. Қажетті
көшелерді іздеудің қазіргі заманғы тәсілдері – жергілікті жер
сұлбасы, навигатор және т.б. туралы әңгімелеп беремін. Интерактивті
тақтадан спутниктік байланыс көмегімен өз туған өлкесін, өзі
барғысы келген жерлерді қалай анықтауға болатынын
көрсетемін.
Сен білесің
бе? Оқушыларға Орал
қаласындағы кеме зауытының фотосуреттерін
көрсетемін. Суретке қатысты бір-бір сұрақ ойлап тауып, параққа
жазуды ұсынамын. Олардың жұмыстарын тексеремін. Қызықты сұрақтарды
дауыстап оқуын сұраймын. Айдардың мәтінін оқытамын. Оны деректі
материалдан алынған ақпаратпен
толықтырамвн.
Орындап
көр. Оқушыларды екі топқа
бөлемін. Бірінші топ қала
туралы, ал екінші топ ауыл туралы жарнама дайындайды. Оқушыларға
жарнама жанрының ерекшеліктерін естеріне саламын. Оқушылар өз
жарнамалық жобаларында қаладағы, ауылдағы көрікті жерлерге басты
назар аударсын. Қажетті сөздерді таңдауға көмектесемін. Туған
өлкесіне деген патриоттық сезмді дамыту мақсатында оқушылар туған
қаласын, ауылын гүлдендіру үшін не істеу керектігі туралы әңгімелеп
береді. Оқушыларға оқулық мәтінін оқуға
беремін.
«Ойлан,
тап!» ойынын өткіземін. Бірінші оқушы ойынды
бастап, көршінің құлағына ауылдағы бір үй жануарының атауын
сыбырлап айтады. Келесі оқушы бұл жануарды сипаттайды, оқушылар оны
табуы қажет. Кім жауабын тапса, сол ойынды жаңадан
бастайды.
|