Қала мен ауыл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қала мен ауыл

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сыныпқа арналған ашық сабақ,жаңартылған бағдарлама бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Дүниетану

Мектеп: №51

Ортақ тақырып: Бізді қоршаған әлем

Мұғалімнің аты: Мухамбетова М.Ж

Күні:


Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Қала мен ауыл

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.3.2 өзі тұратын елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау


Сабақмақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Өзінің тұратын ауылын, көрікті жерлерін, көшесін атайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Өз ауылының көрікті жерлерінің атауларын сипаттайды, әңгімелейді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Қала мен ауылды салыстырады, сәйкестендіреді.

Бағалау критерийлері

*Өзінің мекен жайын атайды.

*Тұрғылықты жердің географиялық орнын сипаттайды.

Тілдік мақсат

Сабақ барысында оқушылар түйінді сөздерді қолданады. Мағынасын түсінеді.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:қала, ауыл,көрікті жерлер

қала – город – city;

ауыл – село (деревня) – village;

көріктіжерлер – достопримечательность – sights.


Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қала мен ауылдың қандай ұқсастығы бар?

  • Кімдерді қалалық деп атайды?

  • Ауыл тұрғындары немен айналысады?

  • Сенің қайда тұрғың келеді?Неліктен?

  • Ауылдың көрікті жерлерін білесің бе?

Құндылықтарды дарыту

Өз туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге, ынтымақтастыққа, еңбек және шығармашылықты бойына сіңіру және қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану. Қалада және ауылда қандай өсімдік түрлері кездесетіні, ауылдық жерлерде қандай мал түрлері өсірілетіні туралы әңгімелеу. Оқушылар өз тәжірибесіне сүйене отырып, әңгімелеп бере алады.

Көркем еңбек. Оқушылар тапсырма барысында түрлі-түсті қарындашпен жұмыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

GoogleStreetView құралын пайдалану оқушыларға өз ауылының бейнесін қарастыра алады.

Бастапқы білім

Оқушылар өздерінің қай ауылда тұратынын айтады. Көркіті жерлерді біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі


ресурстар


Басы


Сыныппен амандасу.

Психологиялық ахуал

Армысың күн ана!

Армысың жер ана!

Армысың алтын күн!

Күліп шықты күн бүгін!

1) Тау, ай мен жұлдыз, бұлт пен жаңбыр, күн бейнеленген суреттерді тақтаға ілу.

Бұларды не дейміз?

2) Адамдар өсімдіктер, жануарлардың суреттерін тақтаға ілу, Бұларды не дейміз? Жанды табиғат

3) Ал осылардың бәрі неге жатады?

«Бізді қоршаған әлемге жатады».

Біз бұл бөлімде Туған жеріміз туралы және бізді қоршаған орта туралы қызықты мәліметтермен танысамыз.

Оқу мақсаты:

  • Туған өлкеңнің көрікті жерлерімен танысасың;

  • Өзің тұратын жерді сипаттауды үйренесің;








Суреттер: тау, ай мен жұлдыз, бұлт пен жаңбыр, күн.



Адамдар өсімдіктер, жануарлардың суреттері.

Ортасы



















































































































Соңы









  1. "Түсінік корзинасы" әдісі(Ұ)

Оқушыларға қала мен ауыл фотосуреттерін араластырып, таратамын. Әр суретте не бейнеленгенін анықтауы тиіс. Әр жұп фотосуреттерді ауыл және қала деп екі топқа бөледі.

Қалаауыл







2 .Жетекші сұрақтар(Ұ)

* «Қала мен ауылды қалайанықтадыңдар?»

* «Қала мен ауылдың қандай ұқсастығы бар?»

* «Кімдерді қалалық деп атайды?»

* «Ауыл тұрғындары немен айналысады?»

* «Сенің қайда тұрғың келеді?Неліктен?»

Оқушылардың жауаптарын қала және ауыл туралы ақпаратпен толықтырылады. Олар күнделікті өмірден мысалдар келтіреді. Оқушылар қалада театрлар, фабрикалар, зауыттар, ойын-сауық орталықтары бар екеніне назар аударады. * Мәдениет орындарында тәртіп және тазалық сақтау, жолдардағы қауіпсіздік туралы әңгіме өткіземін. Қажетті көшелерді іздеудің қазіргі заманғы тәсілдері – жергілікті жер сұлбасы, навигатор және т.б. туралы әңгімелеп беремін.


Дескриптор:

- Өздері тұратын елдімекеннің мәдени орындарын суреттерден тауып айтады;

- Қала мен ауылдың ұқсастықтарын ажыратады;

- Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды;

- Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Кері байланыс: Баспалдақ

ҚБ: шапалақ


3.Сергіту сәті(Ұ)

Ойын «Қала мен ауыл»

Оқушылар ғимарат дегенде қолдарын жоғары көтереді ал, ауыл дегенде төмен түсіреді. Тауық деген де тауық бейнесін, сиыр деген де сиырдың қимылын көрсетеді т.б.


4. Сен білесің бе?

Орал қаласында кеме зауыты бар екенін айтамын. Зауытта жасалған кемелер Каспий теңізіне шығарылатындығын баяндаймын. Каспий теңізінде көптеген балықтың түрлері бар.Ол Қазақстандағы ең үлкен теңіз. Қазіргі таңда үйде жағып жатқан газымыз сол Каспий теңізінен алынатынын айтамын. Картадан Каспий теңізін оқушыларға көрсетемін.


5. «Сәйкесін тап» (Т)

Оқушылар бірнеше минут ішінде сөздер жазылған үлестірме парақшаларды тиісті суреттермен сәйкестендіреді.


Суреттер

Атаулар

Қала

Ауыл

Әкімшілік



Көпір



Мешіт



Дәмхана



кинотеатр




Дескриптор:

-Сызба бойынша суреттерді сәйкестендіреді.

- Кестені дұрыс толтырады.

- Өмірмен байланыстырады

- Мысал келтіреді, дәлелдейді.


Кері байланыс: Баспалдақ

ҚБ: шапалақ


6. «Менің атамекенім» (Ж.Ж)

Тапсырма

Суретте бейнеленген елді мекендердің атауын жаз.

Сұрақтарға жауап бере отырып, досыңа өзің тұратын жер туралы әңгімелеп бер.

Сен қай қалада/ауылда тұрасың?

Мекенжайың қандай?

Сен тұратын қала/ауыл қай облысқа жатады?

Ол Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?


Дескриптор :

- суреттегі елді мекендердің атауын жазады;

- өз мекенжайын атайды;

- тұрғылықты жерінің географиялық орнын сипаттайды.


Кері байланыс: Баспалдақ

ҚБ: шапалақ


7. Дәптермен жұмыс


«Қатесін тап» ойыны(Ж)

Қалада кездеспейтін заттарды табады. Оларды қызыл қарындашпен қоршайды.

«Көрікті орындар» (Ж)

Оқушылар өздері тұратын көрікті орындардың суретін салады.


Дескриптор:

- қалада кездеспейтін заттарды табады және қызыл қарындашпен қоршайды.

- көрікті орындардың суретін салады.

- салған суретті сипаттайды.


Кері байланыс: Баспалдақ

ҚБ: Басбармақ

Кері байланыс. Кестені толтыру жүзеге асады.


Белгілері

«Қ» - «А»

1

Көп қабатты үйлер


2

Төрт түлік


3

Трактор


4

Зауыттар мен фабрикалар


5

Бау-бақша


6

Зәулім ғимараттар




Корзина, қала, ауыл суреттер,

магнит, магнитті тақта.





















Суреттер: театр, фабрикалар, зауыттар, ойын-саық орталықтары



















Оқушылар әр түрлі қимылдар жасайды.




Қазақстан картасы














Үлестірме кесте






















Үлестірмелі парақшалар













































Кесте

Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Сәйкесін тап»

Барлық оқушы:

  • Сызба бойынша суреттерді сәйкестендіреді.

Көпшілігі:

  • Кестені дұрыс

толтырады.Қала мен ауылды ажырата алады.

Кейбірі:

  • Қала мен ауылдың көрікті жерлерін сипаттайды, мысал келтіреді, дәлелдейді.

Бас бармақ, шапалақ -оқушылардың қызығушылығын арттыру, ынталандыру мақсатында жүргізіледі.

Техника қауіпсіздігін сақтау. Қалалы жерлерде жолдан өткен кезде бағдаршамға қарау керектігін және жаяу жүргіншілер жолымен өту. Сондай- ақ ауылды жерлерде де жолдан өткен кезде сақ болу керек.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысынада сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2018
747
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі