400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қала мен ауыл", 1-сынып, дүниетану

Материал туралы қысқаша түсінік
қала мен ауылды салыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні: 29 қараша 2017 ж

Сынып: 1 «Б» сыныбы

Мектеп: №20 М.Әуезов атындағы о/м

Менің отбасым

Мұғалімнің аты-жөні: Кусайнова Г

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қала мен ауыл

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау

1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау

Сабақ мақсаттары:

  1. Қала мен ауыл тіршілігімен танысады.

  2. Қала мен ауылды салыстырады, зерттейді.

  3. Өзі тұратын мекен-жайы туралы айтады.

  4. Қаланың , ауылдың көрікті жерлерін атайды, сипаттайды.

Бағалау критерийлері

Топта жұмыс жасау арқылы бірін-бірі бағалайды.

Өзін-өзі «Бес саусақ» әдісі бойынша бағалайды.

Тілдік мақсаттар

қала – город – city;

ауыл – село (деревня) – village;

көрікті жерлер – достопримечательность – sights.

Құндылықтарды дарыту

Отбасы құндылықтарын сақтау, ынтымақтастыққа ,туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, жаратылыстану, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Мультимедиапроектор, компьютер, флипчарт, қала және ауыл суреттері, қала және ауыл туралы таныстырылым, «қала», «ауыл», «қала тұрғыны», «ауыл тұрғыны» сөздері жазылған үлестірме парақшалар, Орал қаласындағы кеме шығаратын зауыттың фотосуреті, оқушылар тұратын ауылдағы немесе қаладағы орталық көшенің фотосуреттері.

Бастапқы білім

Заттардың атауы, ұғым, салыстыру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Психологиялық ахуал туғызу

Оң жақтағы көршіңді құшақта,

Сол жақтағы көршіңді құшақта

Оң жақтағы көршіңе күлімде,

Сол жақтағы көршіңе күлімде.

Бұл- сабақтың басы,

Біз-бір үлкен отбасы.

-Саламатсыздар ма!

-Здравствуйте!

-GOOD MONING!

1 слайд



Сабақтың ортасы

5мин











5 мин













3 мин







5 мин













3 мин











2 мин





3 мин









5 мин











2 мин









2 мин

Үш топқа бірігу: қала, ауыл , дала

ТЖ «Қала немесе ауыл » тапсырмасы

Оқушыларға қала мен ауыл фотосуреттерін араластырып, таратып, әр суретте не бейнеленгенін анықтату. Әр топ фотосуреттерді ауыл және қала деп екі топқа бөледі.

Топтың жұмысын бағалау.

-Қала мен ауылды қалай анықтадыңдар?

-Қала мен ауылдың қандай ұқсастығы бар?

Сабақтың мақсатын хабарлау.------

Біз тұратын мемлекет қалай аталады? – Қазақстан

Қай облыста тұрамыз? – Маңғыстау

Қай қалада? - Ақтау

ҰЖ Қандай қалаларды білесіңдер?

Оқулықпен жұмыс

1.Қала туралы әңгімеле.

Оқушыларға оқулықтағы 1-суретке мұқият қарауға тапсырма беру.

1-мәтінді өз бетімен оқуға беру:

Қала – бұл ірі елді мекен. Бұл дамыған шаруашылық, экономика, мәдениет пен әкімшілік басқару орталығы. Қаладағы адамдар өнеркәсіп өндірісі нысандарында: зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейді. Ғылыммен, біліммен,спортпен айналысады. Қалада көптеген мәдениет орындары – театрлар, мұражайлар, концерт залдары көп.

-Енді қаламыздың көрікті жерлерін бірге атап шығайық

Ойын: «Біз өз қаламызды жақсы білеміз бе?»

1

2

3

4

5

6











Топтар ұяшық таңдайды, әр ұяшықтан фотолар шығады. Оқушылар бұл ғимараттың атын, білсе маңызын айтады.

Топтың жұмысын бағалау.

-Ақтаудың жан – жағындағы мекендер қалай аталады?

2.Ауыл туралы әңгімеле.

Оқулықтағы сұрақтарды қолдана отырып, суреттер бойынша әңгіме өткізу:

-Кімдерді қалалық деп атайды? – Қала тұрғындарын

-Ауыл тұрғындары немен айналысады?

Оқушыларға мәтінді оқуға беру:

Ауыл – шағын елді мекен. Ауыл тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Қазақстанда ауыл шаруашылығына басты назар аударылады. Оның негізгі бағыттары – ірі қара мал, жылқы, түйе және қой өсіру. Республикада сонымен қатар құс және балық шаруашылығы дамыған. Ежелден ауыл ұлттық салт-дәстүрлерді көбірек сақтайды.

Ауылда өсімдік түрлерін өсіреді, үй жануарларын асырайды. Алынған өнімдерді дүкендерге жеткізеді. Ауылда ферма, егістік, бау-бақша бар

Сергіту сәті





Ауыл қаланы сүтпен, етпен қамтамасыз етеді. Ал қала өнеркәсіп бұйымдарымен көлік түрлерімен,тұрмыстық техникамен қамтамасыз етеді. Мысалы, жиһазбен,ыдыс – аяқпен,киім –кешекпен.

Олар күнделікті өмірден мысалдар келтірсін. Мысалы: Мағаш нан зауыты, Ақтау сүт зауыты тб



- Қазақстанның тағы қандай қалаларына барғыларың келеді?

Интерактивті тақтадан спутниктік байланыс көмегімен өз туған өлкесін, өзі барғысы келген жерлерді қалай анықтауға болатынын көрсету

Сен білесің бе? Оқушыларға Орал қаласындағы кеме зауытының фотосуреттерін көрсету, қала мен қаланың байланысын айту



ТЖ Бірінші топ сүт, айран, шұбат туралы жарнама дайындайды, екінші топ геометриялық фигуралардан үй құрастырады.

Үшінші топ: мозайка құрастырады. Қаланы құрастыру жұмысы тапсырылады.

Жұмыстарын бағалау.


ЖЖ Өз мекен жайыңды жаз

------------------ қаласы

-------------шағын аудан ,№------№ ----пәтер

Архитектор-сәулетші. Қала мен ауылдың жоспарын сызып, үйлердің құрылысын қағаз бетіне түсірумен айналысады.

Ақтау қаласының бұрынғы, қазіргі, болашақ өзгерістері туралы жоспарларымен таныстыру.

Видио: « Болашақтағы Ақтау»

2 слайд

Кеспе қағаздар

Фотосуреттер





3 слайд



4 слайд

Оқулық











5 слайд













6 слайд







7 слайд

Видио









Бейнеролик

8 слайд



9 слайд



10 слайд









11 слайд





12 слайд







Стикерлер







13 слайд

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақты «Бес саусақ» әдісімен бағалау.

-Бүгінгі сабағымызда не туралы әңгімеледік?

Бес саусақ

14 слайд




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2276
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі