400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Қала мен елді мекендерді газбен жабдықтау технологиясы”

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызылорда қаласына қазіргі уақытта газ Ақшабұлақ кен орнынан тасымалдануда. «ҚазТрансГаз» ұлттық операторы мен ел өкіметі Қызылорда өңіріндегі мұнай кендерін өңдеуге бел байлаған жаңа инвесторлар алдында ілеспе газ өндіру жөнінде нақты талап қойып, 2004 жылы Ақшабұлақ кен орнында зауыт салдырып, газ құбырын Қызылорда қаласына жеткізді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

И.ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫХ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ










Shape1







Тақырыбы: “Қала мен елді мекендерді газбен жабдықтау технологиясы”






Орындаған: Маханова Г.Б.











Қызылорда 2020

«Газ» (французша gas, грекше chaos – бей-берекет) атауын ғылыми қолданысқа 17 ғасырдың басында голланд ғалымы Ян Баптист ван Гельмонт енгізген.

Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жерқойнауларында) орналасқанда газ тәрізді күйде – жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кен орындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газ тәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.
Табиғи газда иіс болмайды. Сондықтан газдың шығып тұрғанын анықтау үшін оған иісі береді – газды одаризациялайды.Уландыру бойынша сапалық және сандығымен ол күкірт сутекке ұқсайды, өткір жағымсыз иісті болады. Газға жіберілуші одарант мөлшерін былай анықтайды, онда жарылыс төменгі шектеуінен 20 % - аспайтын газдың ауада араласуы барысында одарант өткір иісі сезіледі. Одарант нормасы 1000 м³ газға 16 гр бекітілген.

Қазіргі кезде республикамызда 100-ге жуық газ қоры барланды. Бірақ оның 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына - Қашаған, Теңіз, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ кен орындарында мүнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ алабы біртіндеп колға алынып, игеріле бастады.

Қызылорда қаласына қазіргі уақытта газ Ақшабұлақ кен орнынан тасымалдануда. «ҚазТрансГаз» ұлттық операторы мен ел өкіметі Қызылорда өңіріндегі мұнай кендерін өңдеуге бел байлаған жаңа инвесторлар алдында ілеспе газ өндіру жөнінде нақты талап қойып, 2004 жылы Ақшабұлақ кен орнында зауыт салдырып, газ құбырын Қызылорда қаласына жеткізді. Келген газ көлемі тұрғындардың пайдасына да, өнеркәсіп қолданысына да жеткілікті болып шығады. Негізінен жер асты газ құбыры – жанғыш газдарды шығатын жерінен не өндірілетін орнынан алыс қашықтыққа (аймақ аралық немесе жүздеген және мыңдаған км-ге дейін) тасымалдауға арналған негізгі құрылыс болып табылады .Жер асты газ құбырлары – көлік құралдарының бірі.Жер асты құбыр желісі, шын мәнінде, “көлік” деген ұғымның жалпы жұрт таныған анықтамасына сай келмейді: мұнда жылжымалы құрам, жол жоқ. Жылжымалы құрам – құбыр желілерінің өзі. Ондағы газ қысыммен жылжиды. Олар түрлі диаметрдегі құбырлар болып табылады. Әрбір 100 – 140 км қашықтықта автоматты түрде жұмыс істейтін сорап станциялары орнатылады.

Полиэтилен газ құбырларын техникалық ережелерге сай қысымы 0,3МПа артық болатын жерлерде қолдануға тиым салыныды. Газ құбырларының қабырғасындағы температура -15 грдуста қолданыс шектеледі. Полиэтилен газ құбырлары 0,8 метр тереңдікке орналастырылып пісіріледі.



2007 жыдың 12 маусымынан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылордада газ тарату бөлімшелерінің бірі ретінде құрылды. Қызылорда қаласын газбен қамтамасыз ететін Ақшабұлақ газ кен орны. Кен орнынан өндірілген табиғи газды тұтынушыларға тасымалдау магистральды құбырлар арқылы жүзеге асырылады. Бұл құбырлардың ұзындығы бірнеше мыңдаған километрлерді құрайды. Қаланы газбен қамтамасыз ету үшін жасанды және табиғи газдарды қолданады.
Газ өте тиімді отыннын түрі болып келеді. Қалалар мен елді мекендерді жоспарлау жүйесі бойынша газ құбырлары сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Магистральды құбырлар арқылы келген газ реттегіш пункттерден өтіп тұтынушыларға жіберіледі.Табиғи газ бас ГРП - дан ГРП-2А -ға жеткізіліп, одан кейін жеке сектордың үйлеріне беріледі.Қызылорда қаласынығы газбен қамтамасыз ету жүйесіне үш сатылық сызбасы қабылданған (жоғарғы, орта, төменгі). Бірінші саты - бас ГРП –дан ГРП-2А-ға дейін, жоғарғы қысымды газ құбырлары (0,6 МПа); екінші саты - ГРП-2А-дан ШРП-3, ШРП-4-дейін , орта қысымды газ құбырлары (0,3 МПа); үшінші саты – ШРП-лардан жеке үйлерге дейін төменгі қысымды газ құбырлары (0,003 МПа). Қаладағы барлық жерасты газ құбырлары полиэтиленнен жасалған. Полиэтилен құбырларының диаметрлері

негізінен 315 мм, 250мм, 225 мм , 160 мм, 125 мм, 110 мм, 90 мм және 63 мм болып келеді.

Жерүсті газ құбырлары құрыштан жасалған. Олардың диаметрлері

негізінен 57 - 108 мм болып келеді. Газбен жабдықтауды тұрақты ету үшін жоғарғы қысымды желісі ортақтандырылған және бірыңғай диаметрлі құбырдан жасалған. Бұл құбырының кезкелген бөлігін газдан ажыратқан жағдайда тұтынушыларды іркіліссіз газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Газ реттегіш пункт

Ақшабұлақ кен орнынан ГГРП ға газ 12 кг мен келеді,ГГРП дан қала ішілік ГРП ларға 6 кг мен газ жіберіледі.

Газдың шығу белгіленген көлемнен асып кетсе ГРП құрылғысы ПСК 15%да газды атмосфераға шығарады, ал 25% ға көтеріліп кетсе ПЗК автоматты түрде газ келуін тоқтатады.

Газ қысымын берілген деңгейде ұстап және автоматты түрде төмен түсіріп отыратын қондырғыны - газ қысымын реттегіш деп атайды. Газ реттеу пункттерін қажеттілігіне және техникалық жалпы мақсатына қарай арнайы жеке орналасқан ғимараттарда, ғимаратқа қосымша құрылыстарда, шкафтарда орналасады (белгілі бір шарттарға байланысты).

Газ реттегіш пункттері көлемі жағынан шағын және өндірістік құрамы болып табылады. Өрт қауіпсіздігі шараларын қамту үшін ГРП ғимаратын кірпіштен, бетон тасынан, ірі блокты материалдардан салады. Газ реттегіш пункттер келесі жабдықтардан тұрады:

Аспапты қалқан, онда бақылау өлшеу аспаптары шығарылған;

Айналып өтуші газ құбыры (байпас), ол екі ысырмамен жабдықталған және де басты жол сөндірілгенде газ қысымын екісатылы қолмен реттеу рөлін ойнайды;

Басты жолда газ жабдықтары төмендегіше болады:

Басты жолды өшіруге арналған кіріс ысырмасы;

Газды әр түрлі қоспалардан тазартуға арналған сүзгі;

Сақтандырғыш қақпақ, газ қысымын реттегіш сапынан газ шыққанда тұтынушыларға газдың берілуін автоматты түрде сөндіруге арналған;

Газ қысымын реттегіш, ол газ қысымын реттейді және автоматты түрде берілген қысымды ұстап тұрады;

Гидрожапқыш, ол шығыс ысырмасынан кейін газ құбырына жалғастырылған. Реттегіштің ақаулығынан шығыс газ қысымы көтерілгенде, газдың бір бөлігін атмосфераға жіберуге арналған. Гидрожапқыштың орнында газ реттегіш пунктінде басқа да лақтырғыш қондырғылар тұруы мүмкін.



Shape2

1-лақтырмалы сақтандырғыш клапан; 2- жапқыш қондырғы; 3- байпастағы ысырма; 4- соңғы қысымның импульстік түтігі; 5-үрлеу свечасы; 6-байпас; 7- РДУК типті қысым реттегіш; 8- сақтандырғыш жапқыш клапан; 9- сүзгіге дейінгі және кейінгі импульстік түтік; 10- байпас краны; 11- дифференциалды манометр; 12- шығын өлшегіш; 13-шығу қысымын өлшейтін манометр; 14- диафрагма; 15- шығу қысымын көрсеткіш манометр; 16-шығу қысымын тіркейтін манометр; 17- ішкі ысырма; 18-сүзгі; 19- сыртқы ысырма



Газды жоғарғы, орта және төменгі қысымға ауыстыру үшін бас газ реттегіш, блокты және шкафты газ реттегіштер орнатылған.

ГРП Реттегіш пункттінің технологиялық құрылғылар құрамы бойынша келесі элементтерден тұрады:

  • Реттегіш қысым , тұрақты газ қысымының шығынына қарай төмендету және котеру.

  • Сақтаулы ілшекті клапан , берілген белгілеудегі жоғарғы регулятордан кейін оның қысымына сай газ жіберуді жоғарылатады және төмендетеді, кездейсоқ жағдайларда тоқтатылады.

  • Сақтаулы жіберу қондырғылары , берілген газ реттеуіш пунктер схемасы бойынша қысымның өсуіне байланысты артық газдарды сыртқа жіберу.

  • Газ фильтрі , яғни механикалық қоспалардан тазаруы, су айдалуы жатады.

  • Бақылау өлшеуіш құралдары – мұнда газ қысымын реттеп және одан сулану газ құбырларында монометр арқылы оның қысымын бақылайды.

  • Импульсты құбырлар , бұлар қысым реттеуішіне байланысты сақтау клапаны арқылы жіберу құралдары немесе құрылғылары , оларды өлшеу үшін өлшуіш құралдарын бір бірімен байланысуына қызмет жасайды.

Техникалық құрылғыларды орынға орнату кезінде ГРП –тер, құрастырмалы және шкафты реттегіш пункттер болып орналастырады

Газ жабдықтау үшін арналған полиэтиленді құбырлар

Полиэтилен құбырлар полимерлі құбырлардың ең кең тараған түрі. Бұл құбырлардың түрлері жанғыш газдарды тасымалдау үшін және де газбен жэабдықтау жүйесінің құрылысында , сонымен қатар жөндеу жұмыстарында пайдаланылады. Құбырлар ПЭ 80, ПЭ 100 полиэтиленді стандартты өлшемдермен , яғни SDR 17,6 және SDR 11 орындалады.Олардың наминалды диамметрлері 20-400 мм-ге дейін. Құбырлардың түсі сары жолағы бар қара түспен боялады.

Полиэтилен құбырларды пайдаланудың тиімділігі:

Пайдалану уақыты металл құбырлардан ұзақ , кепілдік уақыты 50 жыл.

  1. ПЭ құбырлар 2-4 есе металл құбырлардан жеңіл, суда жатуда қорықпайды, шірімейді.

  2. ПЭ құбырлар өзгеріп топырақ салмағына төзімді.

  3. ПЭ құбырлар арзан және тез дайындалады.

  4. Созылу ерекшелігі

Пластикалық құбырларды дайындау үшін полиэтилен , полипропилен, полибутилен, т.б. химиялық қоспалар коллданылады. Бұл қоспалар жақсы өңделіп , үлкен қысымда құйылады. Бұл шикі заттарға коптеген бояулар қосылады. Құбырлардың түстері бойынша олардың қолданылу саласы белгіленген.

  1. Көк жолақ- суық сумен жабдықтау үшін;

  2. Ақ жолақ- ыстық сумен және де жылумен қамтамасыз ету үшін;

  3. Қызыл жолақ- еден астын жылыту үшін;

  4. Сары жолақ- тек газ жабдықтау жүйесінде қолданылады.



Ғимараттарға газ кіргізу

Жеке сектор үйлерінің газ құбырлары пайдалануға берудің алдында тұрғындарды сынақтардан өткізеді.Сынақтар ауаның қысымымен жүргізіледі.

Газ реттегіш пунктері 0,3 мпаға 12 сағат бойы ұстап сынақтан өткізіледі.

Жер үсті төменгі қысымды полиэтилен құбырларын 0,3 мпға 1 сағат бойы ұстап сынақтан өткізеді. Жер асты төменгі қысымды полиэтилен газ құбырын 0,3 мпа да 24 сағат бойы ұстап сынақтан өткізеді.

Газ құбырғыларымен құрырғылары пайдалануға берілместен бұрын сынақтан өткізіледі. Сынақ барысында манометрлер қолданылады. Манометр арқылы газ құбырындағы қысым да өлшенеді. 0,001 мпға қысыды сынау у-образды сумен толтырылған 0,001 мпға қысымнан жоғарғы болған жағдайда сынау у – образды сынап толтырылған манометрлермен жүргізіледі.Манометрлерді газ құбырындағы газдың қысымына байланысты таңдайды. Төмен қысымды өлшеу үшін орташа және жоғарғы өлшеу үшін пружиналы манометрлер қолданылады.

Ғимараттарға 30см ара қашықтықтан газ құбыры жер астынан жоғары котеріледі.Газ құбыры 1,6 метр биіктікте ғимаратқа енеді.

Shape3





Тұрмыстық газ плитасының қаңқасы эмальданған болаттан жасалады,плита орналасқан бөлме биіктігі 2,2 метрден кем болмауы керек.Бөлмеде міндетті түрде терезе болуы керек.Плита мен басқа заттардың ара қашықтығы 10 см болуы керек.


Қорытынды

Қазір Ақшабұлақтан тартылған құбыр арқылы бар болғаны 130 млн. текше метр газ пайдаланылуда. Бұл келешекте облыс орталығының сұранысын қанағаттандыра алмайтыны белгілі. Тіпті, қазірдің өзінде сұранысты қамтамасыз етуге қабілетсіз болып отыр. Осы орайда мұнай кеніш­теріндегі газды игілікке жаратудың бірнеше ықтимал мүмкіндіктері қарастырылуда. Облыс әкімдігі жылына 1,0 млрд. текше метр газ өткізуге қабілетті «Арысқұм-Қызылорда» магистральды газ құбырын салу жөнінде Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне ұсыныс жасауда. Жоба стратегиялық даму жоспарына енсе, Қы­зылорда қаласы газдан тапшылық көрмейді. Мұнай кеніштеріндегі газды игілікке жарату үшін инвесторларға сол жерде электр қуатын өндіріп, қалаға жоғары кернеулі желі тарту немесе бүгінгі газ құбырына қатар желі жүргізіп қалаға газ жеткізуді бірнеше еселеу міндеті қойылуда.

Қызылорда қаласын газдандыру құбырлар арқылы жүзеге асырылады. Сол себепті қаламызды газдандыру саласын дамытуда газ құбырларының құрылысы және монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру жобасының маңызы зор.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
661
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі