Қала пейзажы.Перспектива 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қала пейзажы.Перспектива 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған ортаның мағынасы мен сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік) Оқушылар суретшілердің жұмыстарына сүйене отырып өздерінің бейнелеген жұмыстарындағы түстік шешімдерді дұрыс табу арқылы орындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 11

Күні:12.10.2021

Сынып: 5 «Д»



Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні: Ермекова Гульнур Алмасбековна

Қ




Сабақтыңтақырыбы

Қала пейзажы.Перспектива

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сабақ барысында өткен білімдерін еске түсіру, тапсырмаларды орындауда білімдерімен бөлісу. Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Сабақтың мақсаты




Қоршаған ортаның мағынасы мен сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

Оқушылар суретшілердің жұмыстарына сүйене отырып өздерінің бейнелеген жұмыстарындағы түстік шешімдерді дұрыс табу арқылы орындау.

Жетістік критерийлері

1. Пейзаж салудағы заңдылықтарды ұстанады

2.Композициялық заңдылықтарын ұстанады.

3.Қағаз бетіне дұрыс орналастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Өзінің шығармашылық шешімдеріне сипаттама жасап, сыни көзқарасты талдап, өз нәтижесін түсіндіре отырып, өзгенің және өзінің жұмысын жеттілдіруге конструктивті өзгерту үшін ұсыныстар жасайды.

Сөздік қорларын 3-тілде дамытады.

Мысалы: Қала-Ауыл-Көне-Тепе-теңдік-Үйлесімділік-Параллель-Ауа-Алыс-Жақын-Сызық-Көкжиек сызығы-Түйісу нүктесі-

Біздің қала әдемі-


Құндылықтарды дарыту

Рухани жаңғыру «Туған жер» бағдарламасы бойынша Елбасымыздың жолдауынан ой қозғау.

Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.

Оқушылар арасында жақсы қарым-қатнас орнату.

Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу.

Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Зерттеу барысында теориялық білімдерін география, геометрия, тарих, экономика, пәндерімен және өнермен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.

Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .

Бастапқы білім

Еске түсіру, қайталау. Пәнге қатысты лексика мен терминология

Өткен тапсырмаларды еске түсүру.


Сабақ барысы:

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті:

Ресурстар

Психологиялық ахуал

3-минут


Мен оқушылармен амандасып,шаттық шеңбері арқылы «жүректен-жүрекке» тілегі арқылы тілек білдіреміз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күй мен сәттілік тілейді.


Жүрекше шар арқылы


Топқа бөлу

1-минут


Алма ағашынан алма теру арқылы топқа бөлемін, көшбасшы,бағалаушыны сайлауды тапсырамын.

1-топ «Астана»

2-топ «Алматы»

3-топ «Қызылорда»




Оқушылар өздері таңдаған алмалар арқылы топқа бөлінеді,топ мүшелерін сайлайды.


Алма ағашы суреті плакат


Үй тапсырмасы

2-минут

Үйге берілген тапсырманы тексеру,бағалау, қосымша сұрақтар қоямын. Граттаж тәсілімен дайындаған қағаздарын тексеру.



«Қала пейзажы» аяқтауға берілген тапсырманы тексертеді,бағаланады.



Альбом


Жаңа сабақ:

Мағынаны тану

7-минут

Сабақтың тақырыбын ашу үшін сөзжұмбақ шешуді тапсырамын.

Сөзжұмбақ сұрақтары:

1.Қазақты әлемге танытқан қазақ суретшісі?

2.Бір түспен салынатын сурет?

3.Бояу араластыратын тақтайша?

4.Жансыз заттардың көрінісі?

5.Қағаз бетіне дұрыс үйлестіру?

6.Әр түрлі түспен салынатын сурет?

7.Суретші және актриса?

8.Әшекей бұйым әзірлеуші?

9.Жануарларды бейнелеуші?

10.Тырналау әдісімен салынатын сурет?

11.Натюрморт бейнелеуші қазақ суретшісі?


Бүгінгі тақырыбымыз «Қала пейзажы» деп аталады. Өткен сабақтағы білімімізді еске түсіріп,бүгінгі сабақты қорытындылаймыз. Сабақты бастамас бұрын

сабақтың мағынасын ашамын.

Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған.

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек.- Н.Ә.Назарбаев

Көне қалалар көрінісі мен қазіргі қала көріністеріне саяхат жасап,тамашалаймыз.



Оқушылар сөзжұмбақты шешеді,тақырыпты ашады,берілген қала көріністеріне назар аударады,сызықтық перспективаны анықтай отырып,өздеріне керекті мәлімет алады.




АКТ,Бейнежазба

Қазақстанның көне және қазіргі қалаларының көріністері

Топтық жұмыс

10-минут


Оқушыларға бейнежазба арқылы критерий бойынша тапсырма орындауды постер қорғауды,топқа қатысты мәліметтер туралы қысқаша таныстыруды тапсырамын


Оқушылар тапсырманы орындап,постер қорғайды. Топтар бір-бірін бағалайды.



Флипчарт,

Бейнежазба,маркер,

сызғыш


Сарамандық жұмыс

5-минут


Түнгі қала көрінісін бейнежазба арқылы көрсетемін. Түнгі қала суретін граттаж тәсілімен салуды тапсырамын

Оқушылар өз тапсырмаларын тақтаға көрмеге іліп,көрме ұйымдастырады

Граттаж тәсіліне арналған қағаз,ши таяқша



Сергіту сәті

1-минут


«Туған жер» әні.

Оқушыларды ән ырғағымен әнді хормен айтуды тапсырамын.


Оқушылар әнге ырғағына қосылып,әнді орындайды.

Ән таспа


Кері байланыс

3-минут

«Ыстық картоп» әдісі бойынша оқушыларға сұрақ қоямын.

1.Перспектива қай тілден шыққан және қандай мағынаны білдіреді?

2. Ауа перспективасы деген не?

3.Сызықтық перспектива деген не?

4. Көкжиек сызығы деген не?

5.Үйлесімділік үш тілде қалай айтылады?

6.Біздің қала әдемі- деген сөздің аудармасы үш тілде қалай?

7.Түйісу нүктесі деген не?



Оқушылар сұрақтарға ыстық кортопты алу арқылы сұрақтарға жауап береді.


Доп

Бағалау

3-минут


Әр топ бағалаушыларына топ мүшелеріне бағалау парағы арқылы баға беруін сұраймын

Әр топ бағалаушылары топ мүшелеріне баға береді.



Бағалау парағы

Рефлекция

2-минут


3-түрлі жапырақшаларды ұсынамын. Түсіндім,білгім келеді,түсінбедім дегендей оқушылардың өз пікірлерін жазуды сұраймын.


Оқушылар өз ойларын жазып,ағашқа жапсырады.

Жапырақ стикерлері


Үй тапсырмасы


Пейзажист суретшілер туралы мәлімет жинап келуді тапсырамын

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады

Күнделік



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2021
724
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі