400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Қалай біз дұрыс тамақтанамыз? Дүниетану 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге арналған сабақ жоспары. оқушыларға тамақтанудың әдебін таныстырады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: :Жаратылыстану

Ортақ тақырып:Менің отбасым және достарым.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Жанды табиғат.

Күні:

Сынып:1

Мектеп: «49 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Толенова Э.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қалай дұрыс тамақтану керек?


Оқу мақсаты

1.2.3.3адамның өсуі мен дамуы үшін қажеттіліктерді анықтау;

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Адамның өсуі мен дамуы үшін қажеттіліктерді анықтайды.

Көптеген оқушылар: Адамның өсуі мен дамуы үшін қажеттіліктерді анықтап,пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратады;

Кейбір оқушылар:Адамның өсуі мен дамуы үшін қажеттіліктерді анықтап,пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратып, олардың қаншалықты зиянды немесе пайдалы екенін зерттеп дәлелдейді.


Бағалау критерийлері

Адамның өсуі мен дамуына керек қажеттіліктерді анықтайды;

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:Адам денсаулығы үшін қажеттіліктерді атай алады, тамақтанудың да денсаулыққа үлкен үлесі бар екенін түсіндіре біледі:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Пайдалы тағам-адам денсаулығына пайдалы, дәрумендерге бай азық-түліктез (жеміс-жидектер,көкөністер,т.б).

Тамақтану пирамидасы-дұрыс тамақтану үшін қандай тағамды және оны қанша мөлшерде пайдалану қажет екенін көрсететін сызба.

Саумал-биенің жаңа сауылған сүтінен жасалатын сусын.

Ас-мәзірі — белгілі бір күні көрсетілген, сол күнгі тағамдар мен сусындар тізбесі.

Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы, оларға: ата-ана, ата-әже,аға, әпке, бауыр,қарындастар жатады.


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:


-Отбасыңда анаң қандай тағамды жиі пісіреді?

-Отбасы мүшелерімен азық-түлік алуға жиі барасындарма?

-Зиянды тағамдарға қандай тағамдар жатады? Өзің осы тағамдарды тұтынасыңба?

-Адам денсаулығы үшін қоршаған ортада тағы қандай маңызды факторлар бар?

-Отбасыңмен табиғат аясынада қаншалықты демаласыңдар?

-Тек қымызды пайдаланатын адаммен үнемі газды сусындарды пайдаланатын адамның денсаулығында айырмашылықтар болады ма? Қандай пікір білдіресің?

-Сендер дұрыс тамақтану ережесін қаншалықты сақтайсыңдар?




Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясынның құндылықтарына сәйкес, адам денсаулығы «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» бөлімі негізінде түсіндіріледі.

Пән аралық байланыс


Дүниетану, сауат ашу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Бейне жазба, Imektep «Денсаулық» видеоролигі. https://www.youtube.com/watch?v=O7Lg63vLt2Y&tБалапан арнасы «Бойсергіт» бағдарламасы. https://www.youtube.com/watch?v=Nsrvg_KCyeo

Бастапқы білім


Зиянсыз және зиянды тағамдарды ажырата алады. Адамның өсіп, дамуы үшін дұрыс тамақтану ережесін ұстану керек екенін біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың

Жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


3минут




















4минут























5минут


Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу:

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.


Ортаға бірнеше дәруменге бай , жеміс-жидек, көкөніс суреттерін қоямын .Сол дәрумендерге бай жемістерді таңдай отырып балалар, өздерінің қай топтағы дәруменге жататынын суреттен қарап : А-тобындағы, С-тобындағы, Е-тобындағы дәрумендер болып үш топқа бөлінеді.

1.А- тобындағы дәрумендер

2.С- тобындағы дәрумендер

3.Е- тобындағы дәрумендер

Ширату:

Дөңгеленіп тұрайық,

Бірге шеңбер құрайық.

Денсаулыққа пайдалы,

Тағамдарды жинайық.

Жаны саудың тәні сау,

Соны терең ұғайық.

Шеңбер жасау барысында, оқушылар ортаға тізілген тағамдар арасынан тек денсаулыққа пайдалы тағамдарды қызыл себетке, зиянды тағамдарды жасыл себетке тереді.



-Міне сендермен біз пайдалы тағамдарды және зиянды тағамдарды іріктеп алдық. Бүгінгі сабақта осы тағамдардың денсаулыққа қаншалықты пайдалы немесе зиянды екенін дәлелдейміз.


Ой қозғау:

«Денсаулық» бейнеролигі көрсетіледі.

«Жаңа мағлұмат» әдісі арқылы балалар бейнеролик бойынша сұрақтарға жауап береді.

-Иммунитет дегеніміз не?

Вирусқа қарсы тұратын, ауру-сырқаудан сақтайтын қасиет.

-Иммунитетті күшейту үшін не істеуіміз керек екен?

Дұрыс тамақтану, денсаулыққа пайдалы , дәруменге бай тағамдарды қолдануымыз қажет.

-Денсаулық мықты болу үшін тағы қандай ережелерді сақтау қажет?

Дене жаттығуларын жасап, тазалық ты мұқият сақтау керек.




























Видеоролик «Денсаулық».






Сабақтың ортасы


5минут





























5минут





















2 минут





5минут





















5 минут

1-тапсырма: (Т) «Менің күнделікті ас-мәзірім» қорғау әдісі арқылы өтеді.

Әр топ өзінің таңғы, түскі, кешкі ас мәзірінде қандай тағамдарды қолдану керек екендігін топтастырады.

-Сендер күніне неше рет тамақтанасыңдар?

-Қандай тағамды қай уақытта тұтынған дұрыс? Оқушылардан осы сұрақтарға қажетті жауабымызды аламыз.

1-Топ-таңғы ас

2-Топ-түскі ас

3-Топ-кешкі ас

Дескриптор:

1.Оқушылар тағам аттарын жаңылыспай атап бере алады.

2.Тамақтану уақытын жаңылыспай біледі.

3 Әрбір тамақтану уақытында қандай тағамдарды тұтыну керек екенін біледі.

(ҚБ) «Көңіл-күй жұмыртқалары» әдісі арқылы бағаланады.

Берген жауаптарына қарай ескеріліп, жұмыртқалар таратылады.

Өте жақсы-күлімдеп бейнеленген жұмыртқа.

Жақсы-жымиған бейнесі бар жұмыртқа.

Талпыну керек-сәл мұңайған бейнелі жұмыртқа.



2-тапсырма: (Ж) «Менің отбасымның дастарханы» ойыны. Әр топ оқушылары ермексазды пайдалана отырып, өз отбасыларына арналған дастархан тағамдарын жасайды, отбасылық дастархан жаяды.


Дескриптор:

1.Тағам атауларын атай алады;

2.Өз отбасында жиі тұтынатын тағам жайында мәліметпен бөлісе алады;

3.Не себепті сол тағамды жиі тұтынатынын және құрамын түсіндіріп бере алады.


(ҚБ) «Піскен шие » әдісі арқылы бағаланады.

Толық піскен шие шие -тапсырманы толық орындаған топқа;

Жапырақсыз шие-жартылай тапсырманы орындаған топқа;

Шие жапырағы- тапсырманы мүлдем орындай алмаған топқа беріледі.

Сергіту сәті: «Шынықсаң шымыр боларсың».Балапан арнасы «Бой сергіт» бағдарламасы.


3 тапсырма: (Ж) «Сурет сыры» әдісі арқылы дәптермен жұмыс жасайды.

Өзіне ұнайтын тек пайдалы тағамның суретін салады.

Дескриптор:

1.Дәптергеөзіне ұнайтын тағамның суретті сала алады;

2.Суреттеген тағамды атап, не себепті ұнайтынын түсіндіре алады;

3.Суреттеген тағамның құрамын атап бере алады;

ҚБ «Тәтті алма » әдісі арқылы бағаланады.

Тапсырман өте жақсы орындаған оқушыға-қызыл алма бейнесі;

Орта деңгейде орындаған оқушыға-жасыл алма бейнесі;

Төмен деңгейде орындаған оқушыға-сары алма бейнесі ұсынылады;


4-тапсырма: (Т) «Жас зерттеушілер» әдісі. Әр топ картоптпн дайындалған чипси мен үй жағдайында дайындалған қытырлақ нанды зерттейді. Екі стақанға су құйып, біріншісіне кептірілген нанды, екіншісіне чипсиды салып, нәтижесін бақылайды. Зерттеу нәтижесінде қытырлақ нанның суға езіліп кететінінен басқа нәтиже көрінбейді, ал чипсидың бетіне дәмдеуіштер жәнеде бояудың шығатынына көз жеткізеді. Жәнеде, қасықпен екі стақандағы зерттеу жұмыстарының дәмін көру арқылы нанда еш дәм болмағанына, чипси салынған судың өте ашты, дәмдеуіштердің дәмі өте көп мөлшерде сезілетініне көз жеткізеді. Чипсиды қолданғанда адам асқазанында да дәл осылай қайталанып, зақымдайтынына көз жеткізіп,зиян екенін біледі.

1.Зиянды тағамдардың адам ағзасына керң әсерін атайды;

2.Пайдалы және зиянды тағамдарды салыстыра отырып зерттейді;

ҚБ: «Көлемді тоқаштар»әдісі арқылы бағаланады.

Ең үлкен тоқаш-тапсырманы өте жақсы орындаған топқа;

Орташа тоқаш-Тапсырманы жақсы орындаған топқа;

Кішкентай тоқаш-әліде ізденуді қажет ететін топқа беріледі.




















.













Сергіту жаттығуы

















































Сабақтың соңы


4 минут












2минут

«Ойланып көр» әдісі арқылы әр топ бір-біріне сұрақтар қояды.

1. «С» дәрумені кездесетін жемістерді ата?

2.Адам денсаулығы мықты болу үшін қандай ережелерді ұстануы керек?

3. Алманың пайдасы қандай?

4.Зерттеу жасаған чипси мен қытырлақ нанның қайсысын досыңа ұсынар едің?



Кері байланыс «Дәрумендер» әдісі арқылы бағаланады .

Барлығы түсінікті болса-дәруменді жасыл түсті шыныға;

Сұрақтары бар болса-сары түсті шыныға;

Еш нәрсе түсінбесе-қызыл түсті шыныға салады;




Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?

Барлық оқушылар: «Біздің отбасымыздың дастарханы» (Ж)әдісін саралай келе тапсырма тәсіліне салдым. Себебі,бұл тапсырма білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырма.

Көптеген оқушылар: «Менің күнделікті ас-мәзірім» деп аталатын тапсырманы саралай келе қарқын әдісіне салдым. Себебі,бұл тапсырма тапсырмаларды орындауда көп күш жұмсауды қажет ететін оқушылар үшін таптырмас құрал.

«Сурет сыры»әдісі жұптық жұмыс, бұл әдісті саралай келе диалог және қолдау көрсету тәсіліне салдым. Себебі,бұл тапсырманы орындауда мұғаліммен оқушы арасында үлкен байланыс болуды талап етеді, тапсырма орындалып болған соң да себеп-салдарын білу үшін оқушы мен мұғалім арасында әңгіме жүргізіледі.

Кейбір оқушылар: «Жас зерттеушілер» әдісі топтық жұмыс,бұл әдісті саралай келе қорытынды тәсіліне салдым. Себебі,бұл зерттеу жұмысынан балалар бірдей нәтиже көрсе де, жауаптары әртүрлі деңгейде болады. Зерттеу жұмысын жасай отырып, бақылап, нәтижесін көріп, пайдалы және зиянды тағамдарға тұжырымдама жасайды.

Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

-піскен шие әдісі;

-көңіл-күй жұмыртқалары;





-тәтті алма әдісі;

-көлемді тоқаштар әдісі;

-кері байланыс.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.


Тапсырмалар орындаған сәтте топ ережелерін сақтап отырады.

Сергіту сәтін орындату арқылы оқушы денсаулығын нығайту ,

жаттығулар жасау сәтінде және әрбір тапсырманы орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қарастырылады.





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
662
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі