|
Пәні: Жаратылыстану
Тақырыбы: Қалай дұрыс
тамақтану керек?
|
Мектеп:
«№7 мектеп-гимназиясы»
КММ
|
|
Күні:
28.11.2017ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Түгел
Б.Қ
|
|
Сынып: 1 «А»
|
Қатысқандар
саны:
|
Қатыспағандар
саны:
|
|
Оқу
мақсаты:
|
1.2.3.3 адамның өсуі
мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау
1.1.1.1 қоршаған әлем
құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін
түсіндіру
|
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Барлық оқушылар білуге
тиіс:
|
|
адамның өсуі және дамуы үшін
керек қажеттіліктерді анықтау;
|
|
Оқушылардың көпшілігі
білуге тиіс:
|
|
қоршаған әлемнің
құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін
түсіндіру;
|
|
Кейбір оқушылар білуге
тиіс:
|
|
жаңа сабақта алған
білімдерін өмірде қолданады.
|
|
Алдыңғы
білім
|
Адамның қалай өсіп, дамығанын,
адам өмірінің кезеңдерін біледі, өз іс-әрекетіне рефлексия жасай
алады.
|
|
Жоспар
|
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Дереккөздер
|
|
Сабақтың басы
3
минут
Өткен сабақты
пысықтау
2
минут
Жаңа
сабақ
3
минут
|
Шаттық шеңбері: «Ыстық
лебіз».
Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек
айту.
Ер бала мен қыз баланың есею
кезеңін ретімен орналастыр.
Жұптық тапсырма(оқушыларға
суреттер беріледі, А4 қағазға ретімен
жабыстырады).
Жоғалған буын әдісі. 3 топқа
кеспе әріптер беру. Кеспе әріптер арқылы сөз шығарады. Ол сөздер
(көкөніс, айран, ірімшік).
Барлық буын құрамындағы
сөздерді бір сөзбен қалай атауға болады?
(тамақ)
«Болжау» стратегиясы. Сабақтың
тақырыбын болжау.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар,
неліктен бүгінгі сабақта осындай сөздерді қолданып
жатырмыз?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын
анықтау.
-
Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қалай дұрыс тамақтану
керек?» Бүгін сендер дұрыс тамақтану жолдарын білетін боласыңдар,
зиянды тағам түрлерімен танысасыңдар.
-
Адам не үшін тамақтану керек деп ойлайсыңдар?
(оқушылар өз ойларын
айтады)
|
Көңілді әуен қосып
қою
|
|
Сабақтың ортасы
20
минут
|
«Ұлттық тағамдар» бейнефильм
көрсету
Тағамдарға назар аударыңдар. Олардың ішінде
қайсысы сендерге таныс? Тағы қандай қазақтың ұлттық тағамдарын
білесіңдер?
-
Әр
халақтың ұлттық тағамдары болады.
-
«Дұрыс тамақтану» дегенді қалай
түсінесіңдер?
-
Дұрыс тамақтану адамның денсаулығына пайдалы.
Әрдайым уақытылы тамақтану керек. Артық тамақ жеу
денсаулыққа зиян. Асты асықпай, жақсылап шайнау
қажет.
Жұптық жұмыс: Оқушыларға қағаз
беріледі, сол қағазда берілген тек пайдалы тағамдарды белгілеп
шығады. Әр қатардан бір оқушыдан шығарып, қорытынды
жасату.

Кері байланыс: Сэндвич
мадақтау әдісі.
Дәптермен жұмыс: Тек пайдалы
тағамдарды боя.

Кері
байланыс:
Ой
сергек!
Видеодағы әуен ырғағымен билеу.
Сергітусәті
«Көңілді күн»
Видеоролик
көрсету.(пирамида)
Ғалымдар адамның денсаулығына
пайдалы азық-түліктерді көрсету үшін тамақтану пирамидасын ойлап
тапты. Тамақтану пирамидасы— дұрыс тамақтанудың негізгі
қағидаларының сызбалық көрінісі. Қазір мен сендерге бейнежазба
көрсетемін, бәріміз мұқият қараймыз. Сол тапсырма
орындаймыз.

Пирамиданың төменгі жағында
тамаққа жиі қолданылатын азық-түліктер, ал төбесінде шектеулі
мөлшерде қолдануға тиісті азық-түліктер орналастырылған. Кейіннен
Азия, Жерорта теңізі мемлекеттері мен ет тағамдарын жемейтіндерге
арнап тамақтану пирамидасын жасады.
-
Зерттейік.
-
-Балалар, сендер қазір кішкентай ғалымдар болып,
тамақтану пирамидасын құрастырасыңдар. Зерттеуді оқушылар топпен
орындайды. Қорытынды жасайды, пирамидаға кіргізбеген
тағамдарды атайды, себебін дәлелдейді.
Кері
байланыс:
|
бейнефильм
http://www.youtube.com/
watch?v=nZH30H-gq-I.
Қосымша мәлімет
Бос тамақтану пирамидасы бар парағы
|
|
Қорытынды бөлім
10
минут
|
Кубизм әдісімен
бекіту.
Қалай дұрыс тамақтану қажет?
Төменгі сұрақтарды топтарға
қою.
1 қатар-Күніне неше рет
тамақтану керек?
2 қатар-Мөлшері қандай болу керек?
3 қатар-Қай уақытта тамақтанған дұрыс?
Барлығына: Қай
тағамды таңертең жеген дұрыс? Қай тағамды кешке жеген
дұрыс?
Жауаптары: Күніне төрт рет (немесе бес рет)
тамақтану қажет. Мөлшері көп болмауы керек. Үнемі бір мезгілде
тамақтанған дұрыс, мысалы: 8.00 — таңғы ас, (11.00 — жеміс-жидек
немесе шырын), 13.00 — түскі ас, 16.00 — бесіндік, 19.00 —
кешкі ас. Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа және жеміс-жидек жеген
дұрыс. Ал кешке жұмыртқа, көкөніс, балықтан жасалған тағамдарды
жеген пайдалы.
Бағалау:
Кері байланыс: «Сөйлемді аяқта»
«
Бүгін сабақта мен.......»
Рефлексия: Смайликтер
|
|
|
Қосымша ақпарат
|
|
Дифференциация: Балаларға қалай
көмектесесіз?
Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар
бересіз?
|
Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды
қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
денсаулық пен қауіпсіздік
АКТ
Құндылықтар
|
|
|
|
|
|
Бақылау
Сабақтың мақсатына жеттім бе?
Оқушылар не үйренді?
Ынтымақтастық атмосферасы қандай
болды?
Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша
іс-әрекеттер ұтымды
болды ма?
Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан
қандай шегіністер жасадым және неліктен?
|
|
|
Қорытынды бағалау
Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.
1:
2:
Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі
сәт.
1:
2:
Келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей
осы сабақтансынып және жеке оқушылар жайлы не
білдім.
|