Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қалай оқу керектігін үйрену

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер өзі оқу туралы білетінін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым – қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатынын, өзін –өзі реттейтін әдістемесін талдайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні :9-күн.

iКоучинг жоспар



Тақырыбы

Қалай оқу керектігін үйрену

Мақсаты

Мұғалімдер өзі оқу туралы білетінін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым – қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатынын, өзін –өзі реттейтін әдістемесін талдайды.

Күтілетін нәтижелер

Мұғалімдер өзін-өзі реттейтін оқудың дағдыларын дамыту бойынша ұсыныс әзірлейді.

Түйінді идея

Тіпті кішкентай балалардың өздері, тиісті жағдай жасалса, өздерінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті.Балалар ерте жастан бастап оқу үдерісін түйсіне бастайды, оқыту тапсырмаларына өз тәсілдерін ұйымдастыра біледі,сондай-ақ өздерін

жақсы оқушы ретінде ұсына алады.Өзін-өзі реттеу мен метатанымдық қабілеттерді дамыту баланың алғыр оқушы болу ықти-малдығының негізгі көрсеткіші болып табылатынын көрсетті.Мұғалімдер жоғары сапалы педагогикалық тәжірибенің көме-гімен осы салаға барынша мол үлес қоса алады.

Сілтеме

«Мұғалімге арналған нұсқаулық»

Ресурстар

Флипчар түсқағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер, түрлі-түсті қаламдар, суреттер, желім мен қайшы, интербелсенді тақта,слайдтар

Сабақ барысы

Тренердің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

(4мин)

Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу. Танысу. Кіріспе сөз.

Қайырлы күн! Мен бүгін сіздерді" Қалай оқу керектігін үйренуге қатысты оқыту әдістері мен тәсілдеріне басты назар аудару" тақырыбындағы семинарда көріп отырғаныма қуаныштымын.

Тыңдаушылар өздерін таныстырады

Топтық ереже

(5 мин)

Ереже дегеніміз не?Ереже — құбылыстардың тұрақты қатынас-тарын немесе олардың белгілі бір заңдылықтарын көрсететін қағидалар; бір нәрсенің тәртібін анықтайтын жинақтар, белгілі бір қағидалар жиынтығы, нұсқаулар. Қатысушыларға топтық ереже құрғызу.

Тыңдаушылар өздері топтық ереже құрайды.

Психологиялық жағымды ахуал орнату (10 мин)

1."Табыс қоржыны" жаттығуы.(5 мин)

Мақсаты: табысқа қолжеткізу уәждемесін қалыптастыру.

Жаттығу барысы.

Жүргізушінің сөзі: Әр мақсатқа жету қажет, бірақ жетер жол әрқашан оңай болмайды. Егер сіз мынасиқырлы қоржынға жетсеңіз тілегіңіз орындалады.Топ бір-біріне қарама –қарсы екі қатарға тұрады. Қырындағы көршілерімен иықтаса, қарсысындағылармен-15 см арақашықтықта тұрады.

Топтың мақсаты:

-қол, дене арқылы кедергі тудыру;

-Бірақ осы адамның шамасына қарай, адам қалай да өте алатындай болу керек.Мақсат нақты болуы тиіс. Мақсатқа қол жеткізілетін мөлшерлі мерзім көрсетіледі. Мақсатқа қолжеткізудің критерийлері тұжырымдалған болуы тиіс. Мақсатқа қолжеткізу ешкімге зиянын тигізбеуі керек.Егер өз өміріңізде мақсатты бүгін үйренгендей қойсаңыз, табысқа жетесіз деп ойлаймын.

«мақсат» деген сөзді естігенде сіздердің ойларыңызға бірден не келеді?(ассоциация)

Бүгін біз не жайлы айтамыз деп ойлайсыздар?

Мұғалімдер өздеріңіз сабақ берудегі мақсаттарыңызды айтсаңыздар.

Аудиторияда жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.








Сұрақтарға жауап береді.

«Мақсат» сөзіне ассоциация құрады

Топтарға бөліну

(4 мин)

«Қайырлы таңы алтын ұя мектебім» деген сөз арқылы топқа бөлу.

Тыңдаушылар өз топтарына орналасады,әр топ өзіне берілген сөз бойынша ән айтуы керек.




Миға шабуыл

(15 мин)

Жаттығумен жұмыс «Сабақты жаттап айту - зиян» Оқытудағы бөгет болатын факторларды айқындап,қалай оқу керектігін үйрену жолдары туралы ой бөлісетін боламыз

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша әр топ өз ойларын жеткізеді,ой бөліседі.




Ақпарат:

(25-30 мин)


Сергітусәті

(6 мин)

Өз бетімен оқу/өзін-өзі реттеудің аспектісін көрсететін

Бейне жазбаларды қарау:

Пиджак кию;

\

Сергіту сәті. «Портрет»

Қатысушылар жаттығу тапсырмасын орындайды

Қалай оқу керектігін үйрену неге соншалықты маңыз-ды?

Топ жұптасады, қарама-қарсы отырып, бір-бірінің портретін салады.Суретке 1 минут назар аударады, есте қалғандарын жазады

Бағалау (10 мин)

Топ бір-бірін екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау

*-Білу,түсіну бойынша бағалау.

*-Өз тәжірибесінде қолданылуы.( тиімді және тиімсіз жағы)

!- Жетілдіру мақсатында ұсыныс беру.

(6 мин)



Рефлексия . «Бес саусақ» стратегиясы

Түйінді сөзді оқиды. Кері байланыс сұрақтарына жауап береді.

«Бес саусақ» тәсілі. Тыңдаушылар параққа алақандарын қойып, салады. Салынған саусақтарына сұрақтарға жауап жазады.

Бас бармақ – Басты мәселе.Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балаң үйрек – Бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек –ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек –шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?Неліктен?

Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?




i

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
609
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12