жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Қалай өзіңе сенімді педагог болуға болады?» Тренинг
Мақсаты: Педагогтарды жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
Мотивация туралы хабардар болу.
Өзіне сенімді болу дағдыларын дамыту.
Міндеті:1.Қарым-қатынас үйлесімділігі
2.Өзін-өзі тану процессін тереңдету
3.Ұжымның көмегімен өзін-өзі тануы
4.Сенімді мінез-құлық дағдыларын дамыту және өзіне-өзі деген сенімділігін нығайу
Пед.психолог:Сәлеметсіздер ме! Мен бүгін сіздерді тренингте көргеніме өте қуаныштымын.Бүгінгі кездесуіміз өте керемет деп ойлаймын,өйткені кішкене болсада босаңсып,демалып,ойындар ойнап,өзің туралы және де әріптестерің турлы тереңірек ,жақынырақ білгеніміз және ең бастысы бір-бірімізбен кездескенде қуаныш сезімін білдіру.
Бұл тренинг тұлға ретінде өз-өзіңізге сенімді болуға және де кішкене болсада өмірімізді бақытты етуге керек деп ойлаймын.
Информациялық блок.
Өзімізге сенімділікті дамыту үшін біріншіден иығымыздағы сайтанды кетіруіміз керек ,ол сайтанның аты қорқыныш ол сыбырлап отырады екен : «Сен бұл нәрсені істей алмайсың...» деп .
Психолог:Өзіңе деген сенімділік бақытты, өзін-өзі қамтамассыз ететін тұлғаның теңдеуіндегі ұшқыр ,мобильді айнымалы болып табылады.Сенімділік деген туа біткен қасиет емес ,өмір бойы қалыптасатын дүние .Сол себепті біз барлық күш- жігерімізді салуымыз керек.
Өзіне сенімді адамдардың айқын және қарапайым мінездерін байқауға болады екен.
Мысалы: Өзіне сенімді адамдар әрдайым нық сөйлейді.
Көбіне адамның көзіне қарап сөйлейді және де адаммен суббардинация ,дистанция сақтайды.
Сөйлегенде паузамен сөйлейді .Партнерының сөзін бөлмеуге тырысады. Өз ойын нақты және айқын жеткізе алады .Және өз сезімін ,тілегін адамдарға ашық айта алады.Өзіне сенімді адамдардан жаман сөз, қорлау, жала жабу өте сирек естисің. Бұл сенімділікпен адам туылмайды .Барлығы сияқты социалды-психологиялық жеке тұлғаның сапасы қоршаған ортаңа байланысты қалыптасады.
Енді өзіне сенімді адам қандай болу керек .
*Салмақты болу керек
Көзі ашық
Тұла бойы тік
Нық дауысты
Өз жағдайын бейбіт түрде шешетін
Өз ойын қорықпай кек сақтамай білдіре алады
Және де біреудің құқығын бұзбай ,өз құқығын сақтай алады.
1 жаттығу: « Бумба-юмба тайпасы»
П-г:Біз сіздермен бумба-юмба тайпасына түсіп қалдық.Сол септен тайпа халықтары бір-бірімен кездескенде қалай сәлемдеседі,бізде солай жасауымыз керек:бір рет шапалақ соққанда білекпен білекті тигізу керек.
Екі рет шапалақ соққанда арқамен арқаны тигізу керек.
Үш рет шапалақ соққанда иықпен иықты үйкелеу керек.
Жаттығу біткен соң қатысушылардан сезімдерін сұрау.
2 жаттығу: « Мақтаныш»
Мен қазір сіздердің жетістіктеріңіз туралы әңгімелескім келеді.Өмір деген қызық қой қызық жерін сызып қой деп халқымыз айтқандай сол жетістіктеріңізді еске түсіріңіздер. Осы 5-6 айдың ішінде қандай жетістіктерге жеттіңіздер, ол үлкен жетістік болсын кішкентай болсын ең бастысы сіз үшін маңызды болса болды. 1-2 минут ойланыңыздар.
- Енді осы жетістіктеріңізді бір үлкен аудиторияға дауыстап айтасыздар.Тыңдаушылар «мен,сен үшін өте қуаныштымын»деп соңынан қол соғамыз.
Сұрақ.
-өз жетістігіңді айту қиын болды ма?
-сіз біреу туралы жаңалық білдіңіз бе?
-сізге басқалармен қуанған оңай болды ма?
-сіз өз жетістіктеріңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
3 жаттығу «Сиқырлы шыныаяқ»
П-г.Қолыңызды тізеңізге қойып ,ыңғайланып отырып, көзімізді жұмамыз,терең және еркін демаламыз.Денеңізді бос ұстаңыз. Көз алдыңызға үлкен ақ экран елестетіңіз. Сол экраннан өзіңіздің шыныаяғыңызды көріп тұрсыз. Тағыда анықтап шыныаяғыңызға қарап алыңыз.Өзіңіздің жақсы көретін сусыныңызбен толтырыңыз.Енді шыныаяғыңыздың қасына тағы біреудің шыныаяғын салыңыз.Бірақ ол шыныаяқ бос.Сол бос шыныаяққа өзіңіздің сусыныңыздан құйып беріңіз.Тағы бір шыныаяқ елестетіңіз ,оғанда аямбай сусыныңыздан құйыңыз. Ал ,енді өзіңіздің шыныаяғыңызға қараңыз.О! Ол сусынға толып тұр.Ол неліктен олай болды екен.
Өйткені сіздің шыныаяғыңыз- ерекше және сиқырлы.Одан қанша құйып берсеңізде ,ол әрқашан толып тұрады.Өйткені ол сіздің шыныаяғыңыз.Ол сіздің мейрімділігіңізбен және өзіңізге деген сенімділігіңізбен әр дайым толып тұрады. «Бұл мен! Менде осындай шыныаяқ бар!».
4 жаттығу «Маскасыз»
П-г.Біз енді көзіміз жетті ,біздің ұжымда ойымызды ашық айтуға болады екен ия. Сіздердің алдарыңызда карточкалар тұр. Сіздер кезекпен карточкаларды аласыздар да жазылған сөздерді оқып әрі қарай жалғастырып кетесіздер.Бірақ сіздердің айтатын сөздеріңіз шынайы ешбір қалтқысыз болу керек.Егер сіз бізге шын ақтарылмасаңыз онда сіз қайталап карточка алуынызға туру келеді.
Карточкадағы сұрақтар:
-
«Мені қоршаған адамдардың ерекше ұнайтыны......»
-
«Маған ұмыту қиын, бірақ мен......»
-
«Маған кей кезде нағыз керек бұл.....»
-
«Маған кей кезде қызықсыз, бірақ мен......»
-
«Ерекше менің жыныма тиетіні ол менің.....»
-
«Маған ерекше жағымды мені біреу.....»
-
«Мені адамдар кейбір кезде түсінбейді,өйткені мен.... »
-
«Шындық, өйткені мен тағы..... »
-
«Менің ойымша маған ең қажет......»
-
«Менің достарым сирек.....»
-
«Мен мақтан тұтамын, өйткені.....»
-
«Менің күшті кәсіби әрекет жағым..... »
-
«Менде кейбір кезде күмән сезімі болады,ол......»
-
«Мен осыған лайықпын.....»
-
«Мен мүлдем сенімдімін,өйткені.....»
-
«Мен әлі үйренген жоқпын......»
-
«Мен әрқашан болғым келеді....»
-
«Мен әрқашан қуанамын.....»
-
« Мен бұған ұмтылудамын.....»
5жаттығу «Дауыс гимнастикасы»
Мақсаты:тыныс алу жолымен өзін-өзі реттеу,білім құралдарын тереңдету,эмоциялық кернеулерімен бұлшықет қысқыштарын жеңілдету үшін жасау.
Қазір біз тыныс алу гимнастикаларын жасаймыз,ол біздің бұлшықет төзімділігімен ортаңғы мидың эмоциясына әсер етеді.Әрқайсыңыз таңдаған дыбыстарды әндетіп дыбыстауларыныз керек. Жаттығуымызды бастамас бұрын мен ережелерін айтып өтейін. Бұл жаттығуды түре келіп,бір қалыпта,босаңқы жағдайда,мұрынмен терең тыныс алып демді шығарар кезде қатты энергиямен дыбыстарды созып шығарамыз.
А-барлық мүшелеріңізге жақсы әсер етеді.
Е-қалқанша безіне әсер етеді.
И-миға,,көзге,мұрын мен құлаққа әсер етеді.
О-Жүрек пен өкпе мүшелеріне әсер етеді.
У-ішкі құрылыс мүшелеріне әсер етеді.
Я-барлық мүшенің жұмыс істеуіне әсер етеді.
М-жүйке мүшелеріне әсер етеді.
Х-барлық мүшеміздің тазаруына әсер етеді.
ХА-көңіл-күйді көтереді.
6 жаттығу «Мен саған сенемін»
П-г:Екі –екіден бір-бірімізге қарама-қарсы отырыңыздар.Бір-бірлеріңіздің көздеріңізге қарап бір сәт үн-түнсіз отырыңыздар.Енді бір-біріңізге айтасыздар. Мыс:Маған көмек қажет болғанда сен қол ұшын беретініңе сенімдімін немесе сен мен туралы жаман нәрсе айтпайтыныңа сенімдімін.
7 жаттығу «Кейіпкердің ұйқысы»
Біз ұзақ ойнадық шаршаған боларсыздар. Енді ыңғайланып отырыңыздар.
3-рет терең тыныс аламыз қолдарыңызды тізелеріңізге қойыңыздар.Барлығымыз үлкен ағаштың түбінде ұйықтап жатқандарыңызды елестетіңіздер .Сіздер керемет түс көріп жатырсыздар.Әр кім өзін бес жылдан кейін қандай болатынын түсінде көреді.Көңіл аударыңыздар қандай болып кеткендеріңізді , қайда тұрып жатқандарыңызды және не істеп жатқандарыңызды. Өз өмірлеріңізге риза екендеріңізді елестетіңіздер.. Немен айналысып жатқандарыңызды. Кім боп жұмыс істеп жүргеніңізді.Қасыңызда кім бар екенін елестетіңіз.
П-гтың сөзі:Сен кереметсің!Біз сені жаксы көреміз!Сенде бәрі жақсы болады! Сіздер ұйқыдан оянатын уақыт болды. Көрген түстеріңізді естеріңізде сақтаңыздар. Мен үшке дейін санаймын 1-2-3 Ақырындап көзімізді ашамыз.
Енді қағазды алып суретін салыңыздар бес жылдан кейін қандай болатындарыңызды.
8 жаттығу «Кәсіби болашақ»
Бүгін сіздер менімен көп нәрселеріңізбен бөлістіңіздер ,менде әрқайсыңызға естелікке призент сыйлағым кеп тұр.Әр қайсыңыз тақтадан көріп тұрған заттардың ұнағанын таңдаңыздар, содан соң мен солзаттардың не білдіретінін айтамын.
1.Теңге- жалакыңыз көтеріледі
2.Кілт- еш қиындықсыз бала мен ата-ананың тілін табасыз
3.Перо-тәжірбиеңіз биік болады
4.Моншақ-кәсіби деңгейіңіз көтеріледі
5.Кемпірқосақ - мамандығыңңзға деген құштарлығыңыз арытады
6.Конфет - қызметіңіз бір сатыға көтеріледі
7.Бояу- қызметіңізде кәсіби белсенділігіңіз арытады
8.Гүл- психологиялық тұрғыдан денсаулығыңыз мықты болады.
9-жаттығу «Ұжым жүрегі»
Сіздер білесіздер ме? Әрбір ұжымның өзінің жүрегі болады екен.Менің сөзіммен келісесіздер ме? Ендеше мен үлкен жүрек алып келдім, бұл біздің ұжымның жүрегі деп ойлаңыздар.енді осы жүректің ішіне мына кішкентай жүрекшелерді алып өз есімдеріңізді жазыңыздар. Содан соң бір- біріңізбен алмастырыңыздар.Қандай педагогтың есімі түсті,сол кісіге өз тілегіңізді жазып,үлкен жүректің ішіне жабыстырасыз.
Психологпен сөздерді қайталау:Мен өз-өзіме сенімдімін! Барлық нәрсеге түсінікпен қарауға тырысамын! Жұмыла көтерген жүк жеңіл!Біз бір ужымбыз!
Осымен әріптестер бүгінгі тренингіміз аяқталды.Егерде менің тренингімнен өзіңізге бір жағымды әсер алсаңыз ,өзіңізге бір ой түйсеңіз немесе бір көмегі тисе мен өзімді бақыттымын деп санаймын және де әрдайым сіздерге көмектесуге дайынмын.
Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген