400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қалалық ашық сабақ «Ою-өрнек әлемі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды халық мәдениетіне тәрбиелеу, қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен, қол өнерімен таныстыру. Қазақ халқының ою - өрнектері мен халықтың әдет - ғұрыптарын тереңірек ашу және дамыту, балалардың бойына сіңіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ою -өрнек әлемі»

Мақсаты: Балаларды халық мәдениетіне тәрбиелеу, қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен, қол өнерімен таныстыру. Білімділік: қазақ халқының ою - өрнектері мен халықтың әдет - ғұрыптарын тереңірек ашу және дамыту, балалардың бойына сіңіру. Дамытушылық: Балалардың тілдерін дамыту. Саусақ маторикасын жетілдіру. Жеке жұмыс атқара білуге баулу, ойлау  қабілеттерін арттыр. Тәрбиелік: Ою - өрнектерді дұрыс таңуға, атауларын білуге, шеберлікке ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Әдіс- тәсіл: Тақырыпқа сай суреттермен, көрме, оюлар үй жануарлары. Сөздік жұмыс: Ою - өрнек: қошқармүйіз,түйтабан, толқын. Билингвалдық компонент: Ою – узор, өрнек – орнаменты. Заттық дамыту ортасы: Слайд, ұлттық  ою - өрнектер, кигіз үй, киіз үлгісі, ою – өрнектермен безендіріліп жасалған заттар, ұлтық ыдыстар, ақ қағаз немесе мата, трафарет, желім, түрлі-түсті бояулар, қайшы, асықтар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар музыка залына келеді шеңбер бойымен тұрады. Келген қонақтармен амандасады. Шаттық шеңберге тұрады.

Шаттық шеңбер:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан.

Тыныш болсын Отаным

Аман болсын достарым.

Шеңбер бойы тұрып, қимылдарды орындайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенің қайдан білдіңдер? -Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күз айларының атаулары қалай аталады?

-Иә, дұрыс жауап бердіңдер.

Балалар, бізге қонақ келіп отыр, бұл Айсұлу атты қуыршақ. Қуыршақтың үстіндегі киіміне назар аударайықшы. Киімдерімен таныстырып атап өтеді.

-Менім соңымнан қайталап айтамыз танысамыз. Сәукеле, қамзол, көйлек, ою-өрнектер.

-Айсұлудың киімдері өте әдемі екен.

-Неге әдемі екенің білесіңдер ме?

-Өйткені Айсұлудың киімі ою-өрнектермен безендірілген. Ою-өрнектер киімдерге ерекше әдемілік, сәндік береді.

- Сонымен оюлар, не үшін керек екен балалар?

Сонымен қатар осы ою-өрнектер арқылы, біз бұл киімдер Қазақ халықының ұлттық киімі екенің біле аламыз. Айсұлу бізге бос қол келмепті. Айсұлу біз үшін керемет, әдемі суреттерді әкеліпті. Бірақ ең алдымен мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер маған жұмбақтың шешімін айту керексіңдер.

Тәрбиеші жұмбақтарын жасыра бастайды:

Жұмбақтар

Киелі бір жануар

Үстінде екі тауы бар (түйе)

-Дұрыс, (Слайдты көрсетеді) мына ою «түйетабан»- деп аталады.Түйетабан оюы түйенің басқан ізіндегі қос табанына ұқсағасын осындай атқа ие болды. Сондай ақ «Өркеш» деген ою -өрнегі де бар. –Ал «өркеш»- деп біз түйенің арқасындағы таушығын айтамыз. Келесі жұмбақ тындаймыз.

Кішкентай ғана бойы бар

Аударып киген тоны бар (қой)

-Дұрыс, мына сурет не нәрсеге ұқсайды?

-Қошқардың мүйізіне ұқсайды.

Бұл ою «қошқармүйіз»- деп аталады. «Қошқармүйіз» өте көне ою болып табылады. Келесі жұмсақ.

Айна қараймын,

шашымды тараймын (тарақ)

Дұрыс айтасындар ол тарақ адамдардың жиі қолданатын зат.

-Бұл ою-өрнек тарақтың тістеріне өте ұқсайды. Сондықтан да ол «тарақ» оюы деп аталады.

Келесі жұмбақ.

Адамға серік

Күзетке берік (ит, күшік)

-Осы өрнек күшіктін құйрығына ұқсайды, сол себептен «Итқұйрық» деп аталады.

-Балалар, біз оюлардың атауларымен таныстық. Біздің апа әжелер осы ою-өрнектерді қол шеберлікте қолданған. Осы оюларды киімдерге, алашаларға, кигіз үйне басып, тігіп, ойып қол өнерін дамытқан. Осындай әдемі ою-өрнектерді жан -жануарларға, өсімдіктерге, құстарға қарап соларға ұқсатып, ойлап шығарған. Қазақ халқының қол өнері – бай және оның түрлері де көп. Мысалы: Кесте тігу, тоқу, өру, ұлттық киімді әшекейлеу, киіз басу, ағаш бетіне суретін салу, ағаштан жасалған ыдыстарды бұйымдарды жону арқылы оюлап қолөнерін дамытқан. Кәнекей қолөнер түрлерін қайталап айтайықшы олар; кесте тігу, тоқу, өру, ұлттық киімді әшекейлеу, киіз басу.

Ою-өрнектер қазақ халқының қол өнерінің ең негізісі және ен маңыздысы болып табылады. Көп ою - өрнектерді кигіз үйдін ішінен көруге болады. Кигіз үйді көрсетеді.

Сұрақ қояды.

–Бұл не?

Дұрыс, кигіз үй. Кигіз үйдің ішінде біз әр түрлі оюларды өрнектерді көре аламыз.

Ата-бабамыз осындай әдемі көрікті ою- өрнектерімен барлық елге танымал.

Сергіту сәті Аққу болып ұшамыз, 
Көлге келiп қонамыз. 
Көлдiң бетiн құшамыз, 
Қайта самғап ұшамыз. Ұшып, ұшып аламыз, Орымызғы барамыз. 

-Балалар, біз жаңа осындай әдемі ою-өрнектерді киімдерден, ыдыстардан көре аламыз дедік. Сондай ақ кілем, алашадан көре аламыз деп айттым. Алаша, кілем, орамалда да біз мынадай ою-өрнектерді кездестіреміз. (Слаит арқылы көрсетіп таныстырады), атауларын айтып отырады.

Олар: өсімдіктерге тәрізді «Гүл» ою- өрнегі. "Гүл" өрнегімен орамалдарды әшекейлейді. Сондай ақ «су толқыныңа» ұқсайтын мынадай ою-өрнектер болады. Олар: «Толқын» «Балдақ» оюлары. Кәнекей қайталап айтайықшы.

-Гүл.

- Балдақ.

-Толқын. «Толқын» ою- өрнектерімен алаша, кілем шеттерін өрнектеуге пайдаланған. Егер осы ою-өрнектерді кестелеп салмаса онда біздің қолданып жүрген заттар, киімдер ыдыстар әдемі көрікті болмайды. Балалар, еліміздің болашағы, ата дәстүріміздің жалғасын жалғастыратын, олар сіздер боласыздар. Осындай ата- дәстүрімізді қол өнерімізді сақтап, оны көркейтуге, қастерлеуге, жалғастыруға, бағалап құрметтеу керекпіз.

Мінекей осындай әдемі суреттермен бізді Айсұлу қуыршағымыз таныстырып шықты.

Енді Айсұлудың бізге деген шағын көрмесі бар екен, сол көрмеге назар аударайық. Тәрбиеші көрмеге барып таныстырып балаларға ұстатып көрседі. Сұрақтар қояды:

-Тақия. Ол не, не үшін керек, кімдерге арналған, оны кімдер киеді?

Бұл не? Киіз, және кигіз үйді көріп, оюын сипаттайды.

-Қалта. Ол не үшін керек, оның әр түрлі болатының айтады. -Мінекей балалар, көрмеде біз қол өнері ою-өрнектерді және жапсырмаларын көріп отырмыз.

Айсұлу осы көрмеге, бізден көмек сұрап отыр. Ол үшін біз «Қошқар мүйіз» оюын жасап беру керекпіз.

-Жасаймызба, балалар? Ол үшін біз шығармашылық «шебер қолдар» ортасына бару керекпіз.

Ол үшін біз Д/о ойнау керекпіз «Оюлардың сынарың тап» атты ойын. Мақсаты: Әр түрлі ою-өрнектердің суреттерін құрастырып жанайды.

«Шебер қолдар» ортасына барып жайғасады.

Тәрбиеші сұрақ қояды, столдың үстіндегі не жатыр?- деп.

-Қошқармүйіз суреті, және жіптер, желім.Тапсыпманы түсіндіріп шығады тәрбиеші.

Шығармашылық ортада жұмыс.

Тәрбиеші түсіндіреді, осы сурттерге біз тоқыма жіптерді, желімнің көмегімен жапсыру керекпіз деп.Таза жапсыру керектігін ескереді.Тәрбиеші бауы әуен қосады, балалар жұмыс жасауға кіріседі

Саусақ гимнастикасын жасауға ұсынады.

Бала, бала, балақай,

Кәне қайсы алақан.

Сайсақтарым айбат,

Былай, былай ойнат.

Балалар, жұмыстарын жалғастыра отырып, жапсырған тоқыманы енді үстінен саусақтарымызбен басып шығайық деп жұмысты аяқтайды.

Тәрбиеші: Балалар, кәнекей ою-өрнектерімізді қонақтарға көрсетейікші. Балалар биік көтеріп көрсетеді.

Тәрбиеші мақтап шығады балаларды.

Тәрбиеші бір топта сұрайды

-Сен не жасадын? Ою-өрнектін түсі қандай?

Екінші топтан

-Қандай оюды жасадын? Түсі қандай?

Үшінші топтан.

-Оюды не арқылы жасадың, нені қолдандын?

Енді осы өрнектерімізді Айсұлудың көрмесіне апарып қояйық. Айсұлу сендерге рахмет айтып қуанып отыр.

-Себебі. көрмесіне біз ұлесімізді қосып толықтырдық.

-Күз мезгілі. -Өйткені дала салқын, суық, жамбыр жауып, қар ұшқындайды. –Үш айы бар. -Кыркүйек, қазан, қараша.

Қуыршаққа назар аударып, үстіндегі киімінің ою-өрнектерін көреді.

Балалар киімдерін атап өтеді.

Әдемілік үшін.

–Жооқ.

Тәрбиешіні тындап отырады. -Сәндік, әдемілік үшін.

Ою-өрнектердің суреттеріне назар аударып, тындап, танысып отырады. Слайтты тамашалайды.

Жұмбақты мұқият тындап жауабын айтады.

- Түйе.





-Қошқар.







-Тарақ









-Күшік.









Балалар, қайталайды.

Кесте тігу, тоқу, өру, ұлттық киімді әшекейлеу, киіз басу, сурет салу, ағаш жону.











-Кигіз үй.



Сергіту сәтін орындайды.













Слайттан ою түрімен танысып қайталап отырады.

-Гүл.

-Балдақ.

-Толқын.









Тәрбиешіні тындап түсініп отырады.









Балалар көрмеге назар аударады.

Сұрақтарға жауап береді.

-Тақия.

-Кигіз үй

-Қалта, қоржын.



Тапсырманы орындауға дайындығын айтады.



-Иә.



Д/о ойнап өз орындарын анықтайды.







Тапсырманы тыңдайды.









Саусақ гимнастикасын орындап, жұмыстарына кіріседі.









Жұмыстарын аяқтап, қонақтарға көрсетеді.



Әр топ өз жұмысын қалай немен жасағанын айтып береді.



Орындарына барып отырады.

Жасаған жұмыстарын әңгімелеп береді.

Рефлексивті – түзетушілік

Қортынды.

- Балалар, біз бүгін немен таныстық?

-Дұрыс ою-өрнектермен таныстық.

-Қандай ою-өрнектерді біз білеміз, кәнекей атап өтейікші?

-Ою-өрнектермен нені безендіріп әдемілейді?

-Ою-өрнектер біздің киімдерімізге қандай ерекшелік береді?

-Дұрыс, Енді осы сөздерге тағыда қандай сөздерді үйқастыруға болады мағынасы бірдей.

Мысалы: әдемі, көрікті, сәнді, әйбат деген сөздер. Бірге қайталап айтайықшы, жақсы.

-Жасаған оюымызды қайда апардық?

Балалар, біздің еліміздін болашағы сіздер боласыздар. Сол себептен біздің халқымыздың өнерін бағалап, сақтап, қастерлеп біліп жүріңіздер. Осындай әдемі ою-өрнектер, ол ата-бабамыздан қалған құнды қол өнері екенің есте сақтаңыздар.

Жақсы балалар, сіздер бүгін сондай жақсы жұмыс атқардыңдар, мен және Айсұлу сіздерге ризамыз. Айсұлу қуыршағы сіздерге өз сыйлығын бергісі келіп отыр. Ол, мінекей мынандай төс белгі қабыл алындар. Рахмет сіздерге.

-Кәнекей қонақтармен қоштасайық.

-Ою өрнектермен.

-Қошқармүйіз, Түйетабан, Толқын.

Киімдерді, ыдыстарды.



Әдемілік.

әдемі, көрікті, сәнді, әйбат.





-Көрмеге апардық.







Сыйлықтарын алады.



Сау болыңыздар.

Күтілген нәтиже: Нені білу керек:Ою-өрнектердің атауларын. Олардың жасалу жолдарын. Игеру керек:Ұлттық құндылықты бағалауға, құрметтеуге. Үйрену керек: Ою-өрнектерді өз қолдарымен жасауға.Тазалықты сақтауға. Дәстүрді, өнерді сүйюге, құрметтеуге.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
5439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі