400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қалалық пейзаж жанрындағы көп көріністі композиция.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың композиция пәнінен білімдерін жетілдіру, адам фигурасының қозғалыстарын, қала пейзажын бейнелеп үйрету. Оқушыны шапшаңдыққа, тазалыққа ұқыптылыққа, тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Қалалық пейзаж жанрындағы көп көріністі

композиция - 16 сағат.


1,2апта(4сағат) 1. Пейзаждың жанры және оның түрлері.

Көркемдік бейне ретіндегі қала.

3,4апта(4сағат) 2. Қалалық пейзаждың композициялық құрылымы. 5,6,7,8апта(8сағат) 3. Сюжеттік-композициялық орталық және

композицияның қосалқы орталықтары.

Машықтық жұмыс: Адамдар фигуралары енгізілген қалалық пейзаж.

1. Жобаны көп жоспарлыққа ауыстырумен

сызықтық өңдеулерді орындау.

2.Форматқа суретті жүйемен көшіру.

3.Жұмысты түспен орындау.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушылардың композиция пәнінен білімдерін жетілдіру,

адам фигурасының қозғалыстарын, қала пейзажын

бейнелеп үйрету.


2.Тәрбиелігі: Оқушыны шапшаңдыққа, тазалыққа

ұқыптылыққа, тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: Оқушының көру, ой-өрісін,есте сақтау қабілетін

арттыру,қиялын дамыту.


Сабақтың түрі: топтық


Сабақтың әдісі: а) теориялық

б) машықтық


Сабаққа қажетті құралдар

мен көрнекіліктер: 35х45 формат, карандаш, өшіргіш, ұшашқыш,

гуашь, кисть, палитра, т.б.


Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

а) теориялық

б) машықтық

ІҮ.Қорытындылау

Ү.Үйге тапсырма

ҮІ. Бағалау

VII. Сыныпты жинақтау


Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру:

Сыныпты жабдықтап, оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыны журналға белгілеп, құралдарын тексеру.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Қалалық пейзаж жанрындағы көп көріністі композиция - 16 сағат.

1. Пейзаждың жанры және оның түрлері. Көркемдік бейне ретіндегі қала.

2. Қалалық пейзаждың композициялық құрылымы.

3. Сюжеттік-композициялық орталық және композицияның қосалқы орталықтары.


а)теориялық.

1,2апта(4сағат) 1. Пейзаждың жанры және оның түрлері. Көркемдік бейне ретіндегі қала.

«Перспектива» сөзін латын тілінен аударғанда «анық көремін» деген мағынаны білдіреді. Перспектива сурет салушыға кез-келген бейнені өмірде қалай көрсек, дәл солай бейнелеуге мүмкіндік туғызады. Перспективаны түсіну үшін ең алдымен көкжиек сызығы жөнінде білу керек, өйткені, барлық перспективалық құрылыс осыған байланысты.

Бүгінгі қалалық пейзажды композициядағы перспективамен жоспарлар саламыз. Мысалы: жол, саябақ салғанда, перспективаны міндетті түрде көрсетіп бейнелейміз.

Пейзаж – табиғатты бейнелеу, ол ауылдық, сәулеттік, қалалық, индустриалды, маринистік болуы мүмкін. Біз соның ішінде қалалық пейзажды бейнелейміз.

Қола бейннесін көрсетуде сұңғат түсті бояулардың ролі.

Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Шығарма авторы сурет, кескіндеме, роман, пыса, симфония, т.б. болсын, солардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық қалған бөліктерін соған байланысты құрады.

Көрерменің көзіне бірден түсетін, көлемі жағынан үлкен немесе көп орын алмайтын бірақ назарды бірден өзіне аударатын, шығармадағы сәулелі немесе күңгірт тұсты, өзінің айналасындағы ортадан айшықталған, автордың қалауымен ерекшелеген ортаны композициялық орталық (бір немесе бірнеше заттардың тобын) деп атаймыз. Композициялық орталықты қандай тәсілмен анықтау әр суретшінің өз қалауы.


3,4апта(4сағат) 2. Қалалық пейзаждың композициялық құрылымы.

Осы тақырыпқа сай өз ой қиялдарымыздан эскиздер құрып бастаймыз.

Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Шығарма авторы сурет, кескіндеме, роман, пыса, симфония, т.б. болсын, солардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек.

Композицияның қалған бөліктерін соған байланысты құрады.

Композициялық орталықты қандай тәсілмен анықтау әр суретшінің өз қалауы.

Композиция суретші үшін негізгі мақсат емес екенін ескерту қажет, өйткені композицияның негізгі мұраты – суретшінің идеялық ойын көрсету.

Суретті салу барысында, суретші жарық және қараңғы бейнелердің орналасуын жарық пен көлеңкенің таралуын барынша жақсы ойластыруы керек. Өйткені ең соңында композициялық бірлік осыларға байланысты.


5,6,7,8апта(8сағат) 3. Сюжеттік-композициялық орталық және

композицияның қосалқы орталықтары.

Берілген тақырыпқа композиция құру үшін ең алдымен эскиз дайындаймыз.

Эскиз – жобалық сурет. Эскизді карандашпен де, акварель бояуларымен де, гуашьпен де, пастельменде, орындауға болады. Таңдаған бұйымды эскиз бойынша жүйемен орындаймыз. Жұмысымыз әдемі болып шығу үшін, барынша тырысып жұмыстанамыз.Эскиз бойынша жұмысымызды жүйемен орындап болған соң, оның ұсақ бөлшектеріне мән беріп, оларды шығарып, жұмысымызды тиянақты аяқтаймыз.

Эскиз болашақ шығарманың түпкілікті өзі емес, тек нобайы болғанмен, мұнда суретші нобайға қарағанда көбірек еңбек сіңіреді. Эскиз көбіне ой- қиял бойынша, бірақ бейнеленуші объектінің өзін бақылау негізде жасалады.

Берілген тақырыпқа композиция құрып, эскиз дайын болған соң, эскизді үлкен қағазға өлшеммен мұқият көшіреміз.

Жұмысты үлкен қағазға (ватман) көшіріп болған соң, ең қараңғы көлеңкеден жарыққа қарай түспен жазып бастаймыз.


б) машықтық:

Адамдар фигуралары енгізілген қалалық пейзаж.

1. Жобаны көп жоспарлыққа ауыстырумен сызықтық өңдеулердің орындау.

2.Форматқа суретті жүйемен көшіру.

3.Жұмысты түспен орындау.

Енді сынып жұмысында қалалық пейзажға адам енгізе отырып, композиция құрып, оны түспен орындаймыз. Акварель, гуашь таңдаған бояумен жұмыс жасаймы, нобайды альбом яғни А 4 форматқа орындаймыз.

Сынып жұмысында түспен жасаған нобайымызды бүгін үлкен форматқа көшіреміз. А4 форматтағы түспен жасаған жұмысымызды, үлкен форматқа көшіру үшін ең алдымен А 4 форматтағы жұмысымызды бірдей етіп клеткаларға бөліп алып, дәл солай үлкен форматқада клетканың көлемін үлкейтіп сызамыз. Сосын бір шеттен бастап клетка арқылы кезекпен-кезек ұқыпты суретімізді көшіреміз.

Өткен сабақта түспен жасаған жұмысымызды үлкен форматқа клетка арқылы көшірдік. Енді бүгін сол жұмысымызды түспен жазамыз. Түспен жұмыс жасамас бұрын біз пейзаждық қай мезгіл, қай уақыт екен анықтап алып, соған байланысты түспен жұмыс жасаймыз. Жұмыс жасағанда ең алдымен ең артағы планды көлеңке жерден жазып бастаймыз. Түстерді палитраға жарыққа қарай түстермен жазамыз. Егер ол жаз мезгілі болса сары, ақ, сұр, көк, ақшыл көк, фиолетвый түстерді пайдаланамыз. Ал көктем мезгілі болса, онда қардық еріп жатқанын, құстардың жылы жаққа ұшып келе жатқанын бейнелеу арқылы жылы жаққа ұшып келе жатқанын бейнелеу арқылы көрсетуге болады. Осылайша түстермен жұмыс жасай отырып ұсақ бөлшектерін, жарық, көлеңкелерін көрсетіп жұмысымызды аяқтаймыз.

Сурет саларда алдымен кескінің қағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның белгілі бір жағында тым көп ашық орын қалмауы ойластырып алған орынды. Бұл үшін суреттің жоғарғы және төменгі, оң жағы мен сол жағындағы шекараларын белгілеп алу керек. Бірақ щеттерінен қағаз жиектеріне жеткізбей белгілі мөлшерде ашық орын қалдырған жөн. Өйткені қағаз жиегіне тақап салынған сурет онша әдемі болып көрінбейді.

Заттың пропорцияларын дұрыс беру – оның өзіне қарап сурет сала білудегі басты міндеттерінің бірі.

Заттар бақылаушыға неғұрлым жақын тұрса, жарық түсіп тұрған беті мен көлеңке арасындағы рең (контраст) соғұрылым кұңгірттеу болады. Сондықтан алдыңғы планда реңдер мейілінше ашық боладыда, екінші, үшінші, одан арғы планда рең азая береді.

Сонымен бақылаушыдан алыстаған сайын нәрсенің жарық түсіп тұрған жерлері біртіндеп күңгірттене береді. Ол күңгірт жерлері бұлдырлана түседі. Сурет салғанда нәрсенің көлемін барынша айқын барынша айқын етіп көрсетуге талаптану керек.

Суретте жарық пен көлеңке оң арқылы беріледі. Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру арқылы нәрсенің көлемін дәл беру, суреті салынып отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасы нәрсенің негізі пішіндерімен бір мезгілде белгіленген жөн. Мұның бәрін есте сақтап, сурет салғанда дұрыс пайдалана білу керек.

Әр бір суретші адамды түрлі жағдайларда, бұрылыстарда, қимыл-қозғалыстарда бейнелей білуге тиіс. Адам - суретшілер зейін қоятын және бейнелейтін басты обьект. Адамда ең басты,ең әсерлі нәрсе-оның сырт келбеті және бет-жүзі.

Адам денесінің пропорциялары – биіктігі бойынша бас адамның 7/1-8/1 бөлігін құрайды. Кең жазылған қолдың саусақтарының ұштары арасындағы қашықтық шамамен бойдың бүкіл ұзындығын құрайды. Төбеден шатқа дейінгі қашықтық шамамен бойдың жартысын құрайды. Фигураны сала отырып,

оның негізі – склет екенін есте сақтау керек. Фигуру суретте нық тұруы үшін жұмысты төменнен, тірек жазықтығынан және оның үстіндегі іздердің орналасу жағдайнан бастаған жақсы.

Әдетте суретшілер картинасында адамдар жалаңаш күйінде емес киімде бейнелейді. Бұл кезде киім фигураны, оның орналасу жағдайын, қимылын едәуір дәрежеде бүркемелеп тұрады.

Киімді адамның суретін салған кезде қатпарлары туралы маңызды мәселе туындайды Суретте жарық пен көлеңке оң арқылы беріледі. Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру арқылы нәрсенің көлемін дәл беру, суреті салынып отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасы нәрсенің негізі пішіндерімен бір мезгілде белгіленген жөн. Мұның бәрін есте сақтап, сурет салғанда дұрыс пайдалана білу керек. Натюрмортты штрихтау арқылы заттың көлемін, пішінін, материалын, т.б. көрсетіп, жұмысымызды аяқтаймыз.


ІҮ.Қорытындылау.

1,2апта

1. Персепктива дегенміз не?

2.Композициялық орта дегеніміз не?

3.Суретті кішкенттай форматтан үлкен форматқа

4.Түспен қалай жұмыс жасаймыз?

5.Композиция дегеніміз не?

3,4апта

1.Түрлерін таңдау

2.Эскиз құру

3.Түспен жұмыс

4.Материалдаремн орындау

5.Ұсақ бөлшектермен жұмыс

5,6,7,8апта

1.Композиция дегеніміз не?

2.Тушь қандай бояу?

3.Шрифт дегеніміз не?

4. Эскиз не үшін қажет?

5.Оны қандай бояу түрлерімен орындауға болады?


VI. Үйге тапсырма

Үйден қалалық пейзажға сурет салып, гуашьпен жазып(А4; А3 форматқа) келеміз.

1,2апта – А4 форматына тек конструктор карандашпен құрылымын құру.

3,4апта – 45х55 форматына көшіру.

5,6,7,8апта – форматқа көшірген жұмысын, оқушы тиянақты аяқтау.


ҮІ. Бағалау.

VII.Сыныпты жинақтау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1184
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі