Қалдыpған ізің мәңгілік

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Қалдыpған ізің мәңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалдыpған ізің мәңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалдырған ізің мәңгілік...


Адам өмірінде саған өмір берген ананың орны қандай болса, саған әріп танытып, өмірдің сырларына терең бойлатқан, бағыт-бағдарыңды жаңылыспай табуда ерен еңбек атқарған ҰСТАЗдың орны да сондай ерекше! Шәкірттері үшін уайымдап, солармен жаны бірге болып кететін, оларды білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді барынша бойына дарытып, адамгершілік рухта тәрбиелеудегі ұстаз еңбегін бағалайтын құрылғы әлі шыға қоймаса керек.

Шын ұстаз таудан арқырай аққан тау өзені секілді айналасына нәр беріп, қуат беріп, жолындағыларды суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, шәкірттері білімнің кең даласына шыққаннын мерей санап, жаны тыныштық тауып, мерейі өсіп, толқи ағады.

Осындай ұстаз деген ұлы да ұлағатты атқа лайықты тұлғалардың бірі де бірегейі - Абдимова Зәуреш Таутайқызы. Зәуреш Таутайқызы Шошанай орта мектебіне алғаш сонау 1991 жылы технология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа келді. Мен үшін жүрегімді шуаққа бөлейтін, әрдайым жылы естеліктері ғана жадымда қалар нағыз ұстаз ол кісі! Зәуреш апай маған 4 жыл көлемінде сабақ берді. Кейіннен өзім де мұғалім болып жұмысқа тұрған сәттен бастап Зәуреш апайымызбен әріптес болып бір мекемеде жұмыс істедік.

Сырттай қақ-соқта ісі жоқ, бұйығы, қарапайым болып көрінгенімен, алты Алаштың баласының басы қосылса киелі төрден орын тебетін жан - ұстаз. Зәуреш Таутайқызы да қарапайым да, дана ұстаздың жарқын үлгісі. Ол басқа ешбір жанға ұқсамайтын биязы мінезімен, оқушыларға деген ерекше мейірімімен, жанға жағымды жылы сөзімен, әріптестеріне сүріне кетсе ­ - демеу, шалқая қалса – тіреу бола білген қайырымдылығымен жаныңа шуақ төгеді.

Ол кісінің Шошанай орта мектебіне сіңірген еңбегі орасан зор. Мектептегі ең алғашқы көрнекіліктің негізін салған осы – Зәуреш апай. Оның қолынан шыққан әрбір зат құдды зергердің әшекейі, шебердің туындысы іспетті. Әлі күнге дейін Зәуреш апайдың өз қолдарымен жасаған туындылары мектебіміздің төрінде ілулі тұр. Жүсіпбек атамыздың:

Көк жүзіне алаулы, міндет емес ай болу,

Ең бастысы қалаулы, кәсібіңе сай болу,-дегеніндей өз кәсібіне сай, ұстаз деген ұлағатты есімге жан-тәнімен қызмет еткен әрі соған лайық бола білген Зәуреш апайдың мен үшін, біз үшін орны бөлек.

Әріптес болып, бір қайықтың ескегін бірге ескенімізде Зәуреш апайдан бойыма сіңірген тәжірибем мен алған ақылым мен үшін мектептегі ең алғашқы сабақ қана емес, болашағыма шамшырақ та болды. Оқушылармен жылы сөйлесу, олардың жасаған іс-әрекеттеріне сабырмен қарау сынды қасиеттерді мен Зәуреш апайдан бйоыма сіңірдім десем артық айтқаным емес.

Бүгінгі таңда Зәуреш Таутайқызы құрметті зейнет демалысында. Көктемнің ең алғашқы мерекесі - Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында апайымыздың мектебімізге сіңірген сүбелі еңбегіне алғыс айтып, басымызды ие отырып шын жүректен бейнетінің зейнетін ұзағынан, молынан көруін, ұрпағының қызығына молынан шомуын, адам баласына тән барша жақсылықтарды қызықтай беруін тілейміз!!! Сізден тәлім алған шәкірттеріңіз әрдайым мерейіңізді өсіріп, Ұстаз атыңызды аспандата берсін! Сіз біз үшін қашан да ұлағатты ұстаз, құрметті әріптес болып қала бересіз!


Ізгі ниетпен: Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Шошанай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Берлиғожа

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2025
74
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі