400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

«Қалдырған ізің мәңгілік...»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме тәжірибе алмасу мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп- интернатсынып жетекшісі: Орынбаева Динара Ғабитовна сынып тәрбиешісі: Жексенова Самал Еркінқызы




«Қалдырған ізің мәңгілік...» еске алу кешінің сценарийі


Жүргізушілер: 1-жүргізуші. Аман Берікбол

2-жүргізуші. Жексенова Самал


Фанфар ойнатылады. Сахнада хан рөлінде – Мадияр, клоун рөлінде – Берікбол, батыр рөлінде – Ибраһим, Абай рөлінде – Алихан.


Хан. Мадияр. Уа, халайық, халайық! Алатауда ақарыс, Сарыарқада жанарыс, Еділ-Жайық бекарыс, қазаққа біткен шар тарап, одан әрі алты алаш, жар саламын, құлақ ас!


Клоун. Берікбол. Ендеше, көкем тыңдай ғой, тыныш жүр де бай болда монтиып, аузыңды ашпай жайыңа жүр тымпиып. Ертелі кеш жаяу жүр де сымпиып, ерінгенде атқа қонғын қомпиып. Ешкімменен таласпа, ешкімменен жарыспа. Сонда аман болад жаның, түгел болад малың.


Батыр. Ибраһим. Өлмек пе, қалмақ па? Ендігі сауал екі ұдай. Өмір өлім – арпалыс. Татар дәмім таусылды деп, бас ием бе тағдырға? Әлде мынау қасіреттің лебімен, жан шыққанша жағаласып бұлардың бітірсем бе істерін? Өлмек – ұмыт болмақ.


Абай. Алихан. Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай ғұмырымызды өткіздік. Алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық, әурешілікті көре көре келдік. Енді жерорта жасқа келдік, қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны біле алмай, өзім де қайранмын.


Хан. Мадияр. Кемеңгер боп ойлайтын да, терең сырға бойлайтын, хан да болып, қара болып, бала болып ойнайтын да, ол – ұстаз!


Клоун. Берікбол. Өз жүрегін жаралайтын, бар дүниені бағалайтын, жақсы менен жамандықты ел алдында саралайтын, ол – ұстаз!


Батыр. Ибраһим. Сәл нәрседен қамығатын, шын қуанып, жабығатын, шәкірттерін көрмесе егер, алып-ұшып сағынатын, ол – ұстаз!


Абай. Алихан. Ақ көңілмен құшақ жайып, кеткен емес серттен тайып, әзілімен әлдилеген, сатирадан саз илеген, поэзияда дара тұлғаң, жазу үшін жаратылған, ол – ұстаз.


Жүргізуші – 1. Қилы өнердің қиынына шыдаған, күлдіріп-ақ кемшілікті сынаған,


Жүргізуші – 2. Қанып ішкен жыр елінің тұнығын, ақ аралға тамшы болған бір ұлың, ол –

Бәрі бірге: Үмбетбай Уайдин (сахнадан кетеді, интербелсенді тақта түсіріледі)


Тақтадан Үмбетбай ағай туралы видео көрсетілімі.


1-жүргізуші. Ассалаумағалейкум, қадірменді қонақтар, құрметті  ұстаздар және өр намыстан соғылған ұлы қорғанның ұл-қыздары! Қазақ сатирасында өшпес із қалдырған қаламы қарымды жазушы, біздің мектептен талай-талай дүлдүлдерді түлеткен талантты журналист, әрі ардақты ұстаз Үмбетбай Уайдинге арналған «Қалдырған ізің мәңгілік» атты кітаптың тұсаукесеріне және ағайды еске алу кешіне қош келдіңіздер!

Кеш шымылдығын ашу үшін сөз мектеп-интернат директоры Сексенова Роза Ербозымқызына беріледі.


2-жүргізуші.

Ұстаз едің,  жүректерге гүл еккен,

Адалдықты көкіректерде түлеткен.

Сенің биік рухыңа бас иіп,

Еске аламыз сағынышты жүрекпен...

Иә, Үмбетбай ағай тұла бойынан мейірім мен шуақтың лебі есіп тұратын нағыз ұстаз еді. Ендеше, ұрпақ болашағы мен білім жолында ерен еңбек еткен Үмбетбай Уайдинді еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.


2-жүргізуші. Рахмет.

1-жүргізуші. (Сырттан дауыс). Халық күйі «Жастар». Орындайтын 8«Б» сыныбы. Көркемдік жетекшісі: Теңізбаев Бақытжан.


2-жүргізуші. Бүгінгі кеш қонақтарымен таныс болыңыздар!

  1. -----------------

  2. -----------------

  3. -----------------

  4. -----------------

  5. -----------------


1-жүргізуші. Ендеше, Жүректерде мәңгі жаңғырып қалған Уайдин әлемін бірге шарлайық.


Дыбыстық жазба. Көбіне-көп әдеби орта мені «үндемес», «үндемейтін Үмбетбай» атайды. Неге олай? Жауабын берейін.

Поэзия. «Сырымды айтайыншы». Оқитын: Әбілмәжін Бегімай, Бақытжанова Ақбота, Құдайберген Алихан, Ерпас Газиз, Мұқаш Мадияр.


2-жүргізуші. Шын жүйрікте мін болмас. Жүрек жылуымен, көңіл кеңдігімен тек өз балаларына ғана емес, барша шәкірттеріне әке бола білген Үмбетбай ағайдай арқа сүйер ардақтыларымызға арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

Ән. «Әке». Орындайтын: Рапилбекова Әлия, Қайыпбек Ғазиза, Қойғара Ақнұр.

1-жүргізуші. Сүйіншііііііі, Самал апай, сүйінші!

2-жүргізуші. Берікбол, тым қуаныштысың ғой, не болды? Сұрағаның сенікі болсын.

1-жүргізуші. Апай, білесіз бе, біздің Абай атындағы Республикалық мектеп-интернаттың қолдауымен дәл осындай жалынды шәкірттерінің Үмбетбай ағай туралы жылы лебіздерінен, жүрекжарды арнауларынан, көз көргендердің естелік сырларынан құралған «Қалдырған ізің мәңгілік» атты кітап жарық көрді. Бүгінгі кешімізде осы кітаптың тұсауын салтанатты түрде кесу үшін ортаға _______________________________________________________________

__________________________________________________________ шақырамыз.

(Кітаптың тұсау кесу рәсімі жасалады. Апайға орамал жабылып, сыйлық беріледі)

Артта слайдтан кітаптың суреті көрсетілуі тиіс


Би. Әсем. «Кең дала»


Дыбыстық жазба. Әйел – үйдің ауа-райы: жылытатын да сол, суытатын да, шаңдатса, шаң жұтқызатын да сол.


2-жүргізуші. Үмбетбай ағайдың осы сөздері сізге арналған-ау, Мәриям апай?! Осы орайда сізге бір сұрақ қойсам деп едім. Шығармашылық адамының жары болу оңай ма? Оның да өзіндік бір қиындықтары мен қызықтары бар шығар..?


Дыбыстық жазба. Алты жыл университет қабырғасында жүргенде «жақсы кісі» дегенді талай естідік де, талай адамға айттық та. Бірақ, солардың ішінде жақсы адам екенін сөзбен жеткізіп айта алмай қиналған бір жан болды. Ол – Үмбетбай Уайдин. Осы күні бір-бір тетікті қолына ұстаған кез клген журналисттен Үмбетбай ағай туралы сұрасаңыз аузынан суы ағып, ол кісінің тамаша қасиеттерін айтар еді. Иә, шынында да солай...

Видео. Шәкірт ойы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің оқытушыларының, шәкірттерінің ағай туралы естеліктері _____________________________________.


Дыбыстық жазба. Біз ұстазбыз ба? Класс-аудиторияға кіріп жүрген әрбір оқытушы-мұғалімнің қарсы алдында осы сұрақ қақшиып тұруы тиіс. Неге десек, екінің бірі ұстаз емес. Класс-аудиторияға кіріп жүргендердің бірі – өзім. «Мен - ұстазбын» деп айтуға құқым бар ма, жоқ па, білмеймін. Жүрексінем. Біздіңше, шәкірттеріне өзін мойындатқан мұғалім ғана – ұстаз.

Сахналық көрініс.

Сахнада парталар қойылған. Рахат, Берікбол, Бегімай, Аяулым, Рамадан, Әлішер, Ибраһим оқушылар рөлінде. «Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім» өлеңін оқиды. Өлең оқылған соң көрініс жалғасады, сахнада ән «Ұстаз бен шәкірт». Орындайтын: Ордина Айкенай.


Дыбыстық жазба. Күлкінің мақсат-мұраты – ұяттың өмірін ұзарту және иттік атаулының бетін қызарту.


Сатира.

1-сатира. Әсем-Берікбол

2-сатира. Айым-Нұрлыайдын

3-сатира. Асылбек-Әлібек

4-сатира. Әлия-Ақнұр

5-сатира. Алихан-Ғазиза

6-сатира. Самал апай

7-сатира. Бауыржан актер

(Сатиралардың арасында күлкінің отбивкасы кетіп отырады)


Би. «Қамажай».

Құндыз, Ақбота, Бегімай, Дариға, Жанель, Айсұлу


Дыбыстық жазба. Жалынып сөйлеме, жағынып сөйлеме, жалындап сөйле, жалындап сөйлемесе, жақсы сөзден де жан кетеді.

Арнау.

  1. Мұқаш Мадияр

  2. Алимбаева Айсұлу

  3. Жармаханов Нұрболат

Пианинода музыкамен сүйемелдейтін: Қайыпбек Ғазиза


Ән мен поэзия. «Ұстазға арнау».

Сөзі: Бақыт Беделхан, әні: Қалдыбек Құрманәлі

Гитарада: Барысхан Беделхан

Әнді орындайтын: Жексенова Самал

Поэзия оқитындар: Бегімай, Жанель, Айым, Ғазиза, Әсем.


Бегімай:

Ұлылықтан қуат алдың, нәр алдың,

Ай мен күннің шуағына баландың.

Алты алаштың асылына айналған,

Ерке мінез толқыны едің аралдың.

Толқыныңмен қайта толтыр дәл бүгін,

Қаңсып қалған елдің көңіл сандығын.

Үмбетбайдың жырын тыңда халқым деп,

Қарт Алатау жинап жатыр барлығын.

Жанель:

Аламанда алқынбаған дүлдүлдер,

Алашымен бірге жасап, бір жүрер.

Жұмбақ толы жүрегінің дүрсілі,

Кім деп соқты, не деп соқты, кім білер?

Уа, ағайын, шын сөзіме құлақ түр,

Талай жанды ойландырған сұрақ бұл.

Сыңғырлаған көп күлкінің ішінде

Шынжырланған жалғыз жүрек жылап тұр.


Айым:

Ақ ниетпен ұстаз салған жолдардың,

Мұң-мұқтажын мен де сездім, толғандым.

Ақиқат деп арпалысқан сол жанның,

Қуанғанда қуанышы болған кім?

Жұбанғанда жұбанышы болған кім?


Ғазиза:

Шәкірт үшін серт те беріп, сеніскен,

Ел жұртының қайғы-мұңын бөліскен.

Пәруәрдігер, пенде болған бәрінің

Жүрегіне кіріп шыққан періштең.

Адалдығың жас сәбидің нұрындай,

Тазалығың тас бұлақтың суындай.

Азаматтық ар-намысың, өрлігің,

Асқар таудың аласармас шыңындай.


Әсем:

Жалғыз қалар жан емессің, жаңа ұқтым,

Аңыз қалар арт жағында алыптың.

Қараларым, дара дарын, жамбозым,

Қай кезде де қасында едің халықтың.

Сен де досым, ел қайғысын ұмыттыр,

Ұстаз деген мөлдір, таза, толық нұр.

Көтеріп ап бар қазақтың қайғысын,

Уайдин ағай бізге қарап күліп тұр.


Ән. «Өлмейтіндер». Бәрі бірге

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 маусым
437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі