А.Д.Романов атындағы №53 орта
мектебі
«Қалдырған ізің мәңгілік»
(атты мерекелік
кеш)
Төменарық 2015ж
I-жүргізуші: Ұлықтың ұйытқысынан
жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы.
ІI-жүргізуші: Ұстаз... қасиетті сөз!
Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға
бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып,
құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз. Олай болса, қадірлі
ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз
жана берсін.
ІІI-жүргізуші: Строгим и ласковым,
Мудрым и гутким,
Тем, у кого седина на висках,
Тем, кто недавно из стен инетитутских
Тем, кто поведал нам тайны открытий,
Учит в труде добавит ься победы.
Всем, кому гордое имя учитель.
Мы посвещаем концерт.
Өлең: «Ұстазға тағзым»
әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын Малкайдар Оразхан, Асқарова
Жансая.
I-жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің
өзінде қаншама мән-мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз, алдынан
өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің,
тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым
еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектерде бәрі бір адамға
қарыздар.
IІ-жүргізуші: Иә, ол-ұстаз! Ұстазсыз
өмірдің нақты тұтқасынан ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны
азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі
– ұлы еңбек.
Ғалым иесі ғалымда, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын
да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да,
мал бағып тер төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған,
сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
IІІ-жүргізуші: Мы встечаемся с нашими
учителями каждый день, нам кажется, что они,- наши старые знакомые,
что нам о них известно все. Но так ли это? Возможно, нам известна
лишь одна половинка их души. Сегодня мы постараемся открыть вторую
половинку души наших наставников.
I-жүргізуші: Келесі кезекте сөз
кезегі: мектеп директоры Колжан Нарымбет мырзаға
беріледі.
I-жүргізуші: «Мектеп білім тірегі,
ұстаз оның жүрегі» -деп ғұлама ағаларымыз айтқандай
Жасұлан,Гүлжайна менің ойымша, кез келген адам ұстаз бола
алмайды.
IІ-жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі
неде?
I-жүргізуші: Себебі ұстаздық – өнер,
тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона
бермейді.
ІІI-жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз
болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке
ұштастырылуы шарт, Гүлназ «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін
айтылмаса керек.
IІ-жүргізуші: Учат в школе» әні
орындайтын Шауланбек Гүлжаз,
Қасымбек Айда.
IІІ-жүргізуші: Мұғалім, ғазиз
мұғалім,
Төгілген арай, шуағым.
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
I-жүргізуші: Ұстаздық ету – уақыт ұту
емес, өзгенің бақытын аялау өзінің уақытын аямау – деген екен
ғұлама ағаларымыз.
ІI-жүргізуші: Дұрыс айтасың
Гүлназ!
Алтын уақыттарын сарп қылып,
ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім
нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі
зор.
I-жүргізуші: Олай болса
ұстаздарымызға арналған құтықтау сөзді Манан ағай мен Абдірахман
ағайға береміз.
ІІI-жүргізуші: би
қыздар.
ІІI-жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ
басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігі мерекелік
құттықтау сөзі бастауыш сынып мұғалімдері Гауһар апай, Серіккүл
апай, Валентина Петроваға беріледі.
Келесі жүрек жарды
құттықтау сөзді Тен Алёна мен Азиз Айданаға
беріледі.
I-жүргізуші: Әр сабағың өтіп жатыр
білінбей,
Перне басқан оркестірдің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
ІI-жүргізуші: Жалын атып, от боп,
бірге жанасың,
Білім беріп содан бақыт табасың.
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасырып бір мәңгі жас боп қаласың.
ІІI-жүргізуші: Мұғалім – ұстазысың
балалардың,
Болашақ ғалымдардың даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәріде жеткізе алмас бағалардың.
Келесі кезекте: ортада
«КВН».
I-жүргізуші:Өткізіп өз алдыңнан
талай бала,
Бойына құйдың ақыл, ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға.
ІI-жүргізуші: Атағың Алатаудай болып
биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп.
Алдыңда арқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.
ІІI-жүргізуші: Табан тірек төзгенсің
қанша ауырса,
Тарап демде кетеді шаршауың да
Балбұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғаныңда солардың қоршауында
Келесі сөз кезегін:
Расул ағай, Балжан апай, Леонид Василивичтерге
береміз.
I-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда
арқашан,
Ұлағатты биік сөзін ұстаған.
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді,
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан.
ІI-жүргізуші: Ұстаз мейірі – Ана
мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
ІІI-жүргізуші: Ұстаздарға мың
алғыс,
Алғыстарым көп менің.
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық.
Текті мінез даналық,
Бар ұстазға тілейміз.
Бақыт, табыс, амандық!- деп келесі кезекте флешмоб
балдар.
I-жүргізуші: Күллі өмірін жеткіншекке
арнаған,
Мұғалімді ардақтайды барша жан.
Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
ІI-жүргізуші:Ұстаздар! Қандай ғажап
халықыздар!
Шәкірт шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
ІІI-жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік
ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік.
Келесі кезекте
видео.
I-жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп
асу да
Канша терің төгіліп жол
ашуға
Сен шәкірттің ұстазы
болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы
боласың да!
ІI-жүргізуші: Келесі кезекте алғашқы
ұстазға ойын
-
Сабақтан көп қалатын
оқушы кім?
-
Ең қызықты
сәттері?
-
Жазуы күшті
оқушы?
-
Ең бұзық
оқушы?
-
Ең ашуланшақ
қыз?
-
Сырт көзге сіздің
сыныбыңыз қалай көрінеді деп ойлайсыз?
-
Сыныбыңызда ең көңілді
оқушы?
-
Өзіңіздің ең жақсы
көретін оқушыңыз?
ІІI-жүргізуші: Алғаш рет оятқансың
санамды.
Алғаш рет ұстатқансың
қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап
өтермін
Түсіндірген жақсы менен
жаманды.
I-жүргізуші: Ұстаз бізді білім беріп
өсірген
Қатемізді әрқашанда
кешірген
«Өмір жолы – қиын жол»
деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып
өсірген.
ІI-жүргізуші: Анамдайсыз, менің асыл
ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз,
қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп,
аялап,
Болашаққа байтақ бір жол
нұсқадың
Келесі кезекте: Марал
«Ұстазым».
ІI-жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым
ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам,
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
I-жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары
гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын.
IІІ-жүргізуші: Сил вы нам отдаете
немало
И любви – несмотря ни на
что
Как вы верите в нас что пожалуй
Верить так не умеет никто.
Спасибо за то что вы нас
любили хоть сторгими были к нам подчас.
I-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,
қонақтар!
Бүгінгі ұстаздар
мерекесіне арналған жиынымызды жабық деп
жариялаймыз.
ІI-жүргізуші: Көңіл қойып
тыңдағандарыңызға көп рахмет!