Чалова Балкия
Картаевна
Шығыс Қазақстан облысы
Көкпекті ауданы
Миролюбовка орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет
мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім «Қалқаман-Мамыр»
поэмасы
Сабақтың мақсаты: 1.
Білімділік: Ақын өмірінен,
шығармашылығынан мәлімет беру.Поэманың мазмұнын ашу, Тақырыбы мен
идеясын таныту, көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
2.
Дамытушылық: Оқушының сөйлеу тілін дамыту,
өзіндік пікір, көзқарасын қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу,
ізденісін шыңдау. 3.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке
баулу.
Сабақтың
көрнекілігі: Ақынның портреті, шығармалар
жинағы, қосымша материалдар.
Сабақтың
түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы. І.
Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.
ІІ. Ой қозғау
стратегиясы.
1.Абай мен Шәкәрім арасында
қандай туыстық қатынас бар?
-
Абай шығармашылығы туралы қандай ой
түйдіңдер?
-
Абай мен Шәкәрім сабақтастығы неде?
-
Шәкәрімнің қандай шығармаларын
білесіңдер?
ІІІ.
Жаңа тақырыптың өзекті мәселесін жүйелеу:
-
«Қалқаман-Мамыр» поэмасының өзекті
мәселес.
-
Сол заманның шындығы, қатал үкімі,
құрбандары.
-
Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау (өзіндік
пікірін тыңдау).
ІҮ.
Поэманың композициялық құрылымы.
-
Оқиғаның
басталуы: Туыстық
байланыс
-
Оқиғаның
байланысы: 1. Мамырдың
бойжетуі
2. Қалқаман мен Мамырдың
кездесуі
3. Қос ғашықтың қашып
кетуі
3.
Оқиғаның дамуы: Мәмбетей мен Көкенайдың Әнет
баба сөзіне құлақ аспауы
4.
Оқиғаның шиеленісуі: Мамырдың
өлімі
5.
Шарықтау шегі: 1. Қалқаманға шығарылған
үкім
2.
Қалқаманның елден кетуі
6.Шешімі: Елдің күйзелісі. Қалқаман
ұрпағы.
Ү. Оқулықпен жұмыс. І.
Ізде, тап.
1. Мамырдың соңғы
сөзі
2. Әнет бабаның Қалқаманға
шығарған үкімі
3.
Қалқаманның елімен қоштасқандағы сөзі
ІІ.
Сөздік жұмысы: Еркек – шора, Бастаңғы, оғат,
халал, асық, шаһит болу деген сөздердің мән-мазмұнын
ашу.
ҮІ. «Білім мен дәстүр»
сыны.
І.Поэмадағы салт-дәстүр көрінісін
атайық.
-
Жақыннан қыз алмау
-
Уәдеге беріктік
-
қалың мал беру.
-
құда түсу
-
бастаңғы жасау
-
бата беру
ІІ. Заман шындығын
сұрыптау:
-
теңсіздік
-
жастардың бас бостандығы
-
қалың мал
-
оққа байлау
-
жесір дауы
ІІІ.
Поэмадағы жер-су атауларын теріп жазыңдар
ҮІІ.
Сабақты бекіту. Сұрақтарға жауап алу.
-
Қазақтың Сыр бойында жүрген жылы? (1722
жыл).
-
Әрі би, әрі молда, әрі ғұлама кім? (Әнет
баба)
-
Қалқаманның әкесі кім? (Олжай).
-
Мамыр Қалқаманды қай жерге, қашан келуге шақырды?
(Бүрсігүні, қалың қамыс)
-
Мамыр қыздың киімін кигеніне неге қуанбады?
(Әкесі құда түсірмекші болды).
-
Екі жастың қосылуына не кедергі болды? (Туыс,
аталас болуы).
-
Қалқаман неліктен өз елінен кетіп қалды? (Оққа
байлағаны үшін)
-
Қалқаманды елі неге іздемеді? (Қазақ-қалмақ
соғысының кесірінен)
-
Қалқаманның ұрпағы қай жүздің ішінде жүр? (Ұлы
жүз).
ҮІІІ. Оқушылардың білімдерін
бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма:
«Салтыңды қадір тұт» толғау жазу. Өз таңдауы бойынша
үзінді жаттау.