400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қалта түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалта түрлері туралы тоқталып өтілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ №






5.Сабақтың барысы


Жоспары:

  • Қалта түрлері

  • Қалта түрлерінің өңделу жолдары


Қалталар бұйымда функционалдық және декоративтік мәнге ие. Олардың сыртқы түрі, өлшемдері, саны мен орналасқан жерлері әртүрлі болады. Технологиялықөңдеу бойынша қалталар жапсырмалы, тігіс ішіндегі және тілікті қалталар болып бөлінеді. Барлық қалталардың бөлшектерін негізгі материалдан пішеді. Бұл ретте түйінде тігіс санын қысқарту үшін тұтас пішілген бөлшектерге, мысалы,тұтас пішілген жапырақшасы бар жапсырмалы қалтаға, негізгі бөлшектермен тұтас пішілген бүйір тігістегі қалта астарларына және т.б. артықшылық беріледі. Қалталардың көзге көрінетін барлық қиықтарын жабады не өңдейді. Жапсырмалы қалталарды олардың пішініне, қалтаны негізгі бөлшекке сырып тігу тігісінің еніне, материал қасиеттеріне байланысты сол не басқа тәсілмен өңдейді. Өңдеу қалтаға кіретін жер болып табылатын үстіңгі шетті әрлеуді, бүйір және астыңғы қиықтарды өңдеуді, қалтаны бұйыммен біріктіруді қамтиды. Тез сетінегіш материалдардан жасалған бұйымдарда қалта қиықтарын жиектеп торлайды. Әдіп бойынша қалтаның үстіңгі шетін өңдеуге желімдік не желімсіз жиек салынуы мүмкін.

Тігіске түскен қалталар негізгі бөлшектердің тігістерінде (бүйір, иінішті қосып тігу тігістерінде және т.б.), қатпарларында немесе бедерлерінде орналасады. Олардың өлшемдері мен орналасқан жерлері модельге байланысты болады. Қалта аузы кез келген пішінді жапырақшамен, пішілген әдіппен (түзу не пішінді) әрленуі мүмкін. Тігіс түскен қалталарда астардың үстіңгі және астыңғы немесе тек астыңғы бөлшегі болады. Қалта астарлары негізгі бөлшектермен тұтас пішілген не қосып тігілген болады. Қалтаның үстіңгі және астыңғы астарының өлшемдері мен пішіні бірдей болады. Мұндай қалталардың орындалу реттілігі ерекше. Оны, егер модельмен көзделген болса, қалта аузын жапырақшамен не әдіппен өңдеуден бастайды. Одан кейін негізгі бөлшектердің әрбіріне қалта астарын қосып тігеді. Қалта дайындауды негізгі бір мезетте қалта астарын сырып тіге отырып, бөлшектерді біріктірумен аяқтайды. Қалта жапырақшасы қатырамаланға болуы мүмкін. Үстіңгі астарды қосып тігу тігісінің қосымшасы бойынша негізгі бөлшекке жиек салынуы мүмкін

6.Сабақ бойынша рефлексия


Шындық немесе жалған 20 балл

  1. Қалталар бұйымда функционалдық және декоративтік мәнге ие

  2. Технологиялық өңдеу бойынша қалталар жапсырмалы, тігіс ішіндегі және тілікті қалталар болып бөлінбейді

  3. Тез сетінегіш материалдардан жасалған бұйымдарда қалта қиықтарын жиектеп торлайды

  4. Әдіп бойынша қалтаның үстіңгі шетін өңделмейді

  5. Қалтаның үстіңгі шеті түзу немесе қисық сызықты болуы мүмкін

  6. Тұтас пішілген қалта астарлары бар жай қалтаны дайындау кезінде негізгі бөлшектерді беткі жағын сыртқа қаратып қояды

  7. Қалта жапырақшасы қатырамаланған болуы мүмкін

  8. Қалтаның үстіңгі шетін тұтас пішілген жапырақшамен өңдемейді.

  9. Қалтаның бүйір және астыңғы қиықтарын өңдеу тәсілін қалтаны негізгі бөлшекке сырып тігу тігісінің еніне байланысты таңдайды

  10. Жатқызу үтіктеу қосымшасыныңені материал қалыңдығына қарай 10...15 мм

  11. Тігіс ішіндегі қалталарда астардың үстіңгі және астыңғы немесе тек астыңғы бөлшегі болады


Дұрыс жауап берілсе ирек тігісті инешаншым пайда болады және осы инешаншым туралы мағлұмат беру (5 балл)


Kahoot ойыны 20 балл

Жапсырма қалта қай ғасырдан бастап киімде өз рөлін ала бастады.

14 ғасырлар

20 ғасыр

16 ғасыр

10 ғасыр

Ең алғаш әйгілі Коко Шанель әйел жакетіне .......... орнатып, ер адам пиджагінен ерекшелендірді

рамкалы қалта

ішкі қалта

жапсырма қалтаны

қақпақшалы қалта

Алжапқышқа тігілетін қалта түрі.

жапсырма

қақпақшалы

тігіске орналасқан

жарма қалта

Қалталарды дайын түрінде ... ?

жатқыза үтіктейді

баса үтіктейді

тегістеп үтіктейді

айыра үтіктейді


« Қалталарды өңдеу» шағын эссе 30 балл





7.Үй тапсырмасы


Әдебиеттерге шолу жасай отырып 2.3.1. «Қалталарды өңдеу» оқу

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 наурыз
180
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі