Тренинг: «Қауіпсіз орта – сенім мен сыйластық
мектебі»
Мақсаты:
-
Қатысушылар арасында сенім, өзара сыйластық және
психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру.
-
Оқушылар мен мұғалімдердің қарым-қатынас
мәдениетін нығайту.
-
Қақтығыстарды шешудің бейбіт жолдарын
меңгерту.
Қатысушылар:
Оқушылар (5–11 сынып) немесе педагогтер тобы
Қатысушылар саны: 10–25 адам
Ұзақтығы: 45–60 минут
1-бөлім. Сергіту жаттығуы – «Жылы сөз шеңбері»
(5 минут)
Мақсаты: эмоционалды байланыс орнату, топты
жұмылдыру.
Өткізу барысы:
Қатысушылар шеңберге тұрып, оң жағындағы адамға бір жылы сөз немесе
жағымды қасиетін айтып береді.
Мысалы: «Сенің күлкің жылы», «Сенің сабырлылығың
ұнайды».
2-бөлім. Таныстыру – «Мен үшін қауіпсіз орта
деген…» (8 минут)
Әр қатысушы кезекпен бір сөйлеммен ойын
айтады:«Мен үшін қауіпсіз орта – …»
Психолог флипчартқа кілт сөздерді жазып, топтық анықтама
шығарады:
Қауіпсіз орта – сенім, құрмет, қолдау, тыңдау,
ашық диалог, әділдік.
3-бөлім. Негізгі жаттығу – «Сенім көпірі»
(10–12 минут)
Мақсаты: бір-біріне сену, қолдау көрсету, топтық бірлікті
арттыру.
Өткізу барысы:
-
Қатысушылар жұпқа бөлінеді.
-
Біреуі көзін жұмып тұрады, екіншісі оны қолынан
ұстап, бөлме ішінде қауіпсіз жүргізеді.
-
2
минуттан кейін рөлдер ауысады.
Талқылау сұрақтары:
-
Жүргізуші болу қандай болды?
-
Көзіңді жұмған кезде қандай сезімде
болдың?
-
Қауіпсіз ортада сенім неге
маңызды?
4-бөлім. Топтық талдау – «Қауіпсіз орта
ережелері» (10 минут)
Қатысушылар шағын топтарға бөлініп, мына
сұрақтарға жауап жазады:
-
Мектепте қандай мінез-құлық қауіпсіздікке әсер
етеді?
-
Қандай әрекеттер сенім мен сыйластықты
бұзады?
-
Қандай ережелер ортада қауіпсіздік
тудырады?
Топтар өз жұмыстарын таныстырады. Психолог жалпы
«Қауіпсіз орта кодексін» құрастырады.
5-бөлім. Шығармашылық жаттығу – «Достық
алақаны» (10 минут)
Мақсаты:
-
Қатысушылар арасында достық
қарым-қатынасты
нығайту;
-
Бір-біріне жылы сөз айту арқылы сенім мен
қолдау сезімін
күшейту;
-
Әр
адамның өзін қадірлі сезінуіне мүмкіндік
беру.
Өткізу
барысы:
-
Әр
қатысушыға
алақан суреті бейнеленген
парақ
таратылады.
-
Парақтың ортасына әр
оқушы
өз
атын
жазады.
-
Парақ
шеңбер бойынша айналып жүреді, әр қатысушы бұл
алақанға
бір жылы
тілегін, мақтауын немесе достық сөзін
жазады.
-
Мысалдар:
-
«Сен
әрқашан
мейірімдісің!»
-
«Сенің
бойыңда күшті қасиеттер
көп!»
-
«Сен
дос болуға лайықты
жансың!»
-
Барлық
қатысушы жазып болған соң парақ иесіне
қайтарылады.
Талқылау:
-
Алақаныңды алған кезде қандай сезімде
болдың?
-
Қандай
сөз ерекше әсер
етті?
-
Бір
сөздің өзі адамның көңіл-күйін өзгертетіні туралы қандай ой
түйдің?
Психолог
қорытындылайды:
«Біздің әр әрекетіміз, айтылған әр жылы
сөз – қауіпсіз және сенімді ортаның
кірпіші».
6-бөлім. Рефлексия – «Сенім ағашы» (5–7
минут)
Психолог ағаш бейнесін береді немесе тақтаға
іледі.
Қатысушылар стикерге:
Бұл – топтың ортақ жауапкершілігін
күшейтеді.
7-бөлім. Қорытынды – «Жылы тілектер шеңбері»
(3 минут)
Әр қатысушы топқа немесе бір адамға жылы тілек
айтады.
Психолог тренингті:
«Қауіпсіз орта – біздің ортақ
еңбегіміз»
деген сөзбен аяқтайды.